Қазақстандағы бөлшек электрондық коммерция нарығы көлемінің 2026 ж. дейінгі өзгерісінің үш сценарийлік болжамы
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-2-200-213
Аңдатпа
Жаһандық дамудың жаңа кезеңі деректердің ұлттық шекарадан асуымен сипатталады, соның нәтижесінде коммерцияның келбеті мен үлгілері өзгереді. Көптеген жылдар бойы электрондық коммерцияның болғанына қарамастан, бұл операциялардың қазіргі ауқымы бұрынғылармен салыстыруға келмейді. Сонымен қатар онлайн платформалардың (маркетплейстердің) пайда болуы коммерцияны жүргізу үдерістерінде трансформацияны тудыратын ойын ережелерін түбегейлі өзгертті. Зерттеудің мақсаты – оптимистік, пессимистік және базалық сценарийлердегі Қазақстандағы бөлшек электрондық коммерция нарығы көлемдеріндегі өзгерістердің болжамдық үлгісін құрастыру. Болжамдық үлгілер корреляциялық және көп регрессиялық талдау нәтижесінде қалыптастырылды. Сценарийлік болжамдар экономиканың ағымдағы жағдайлар негізінде елдегі бөлшек сауда көлемінің өзгеруін ескере отырып құрастырылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы бөлшек электрондық коммерция нарығының дамуына оң және теріс әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Бірінші топқа бөлшек сауданың жалпы көлемінің өсуі, 16–74 жас аралығындағы интернет пайдаланушылар үлесі, төлемдердің жалпы құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі, екіншісіне – қолма-қол ақшалай төлемдер көлемінің өсуі жатқызылды. Алынған нәтижелердің ғылыми маңыздылығы факторлар жиынтығының бөлшек электрондық коммерция нарығы көлемінің өзгеруіне әсерін негіздеуде жатыр. Алынған нәтижелерді уәкілетті органдар жеке факторларға әсер ету арқылы электрондық коммерцияны дамытуда зерттелетін нарықты реттеу үшін пайдалана алады.
Авторлар туралы
А. Б. ЖанбозоваҚазақстан
PhD, аға ғылыми қызметкер
Алматы қ.
Г. Б. Нурлихина
Қазақстан
э.ғ.д., профессор
Алматы қ.
А. Б. Тлесова
Қазақстан
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Орал қ.
К. Б. Жуманазаров
Қазақстан
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Астана қ.
Әдебиет тізімі
1. E-commerce in Central Asia KPMG 2022. Report 2022. URL: https://assets.kpmg.com/content/dam/kpmg/kz/pdf/2022/08/ecommerce-final-research.pdf (accessed: 10.11.2023)
2. Geng J., Li Ch. Empirical Research on the Spatial Distribution and Determinants of Regional E-Commerce in China: Evidence from Chinese Provinces // Emerging Markets Finance and Trade. 2020, no. 56(13), pp. 3117–3133.
3. Ibrahim O.A., Muftawu Dz.A., Yaw A. What drives global B2C E-commerce? An analysis of the effect of ICT access, human resource development and regulatory environment // Technology Analysis & Strategic Management. 2020, no. 32(7), pp. 835–850.
4. Ahluwalia P., Merhi M.I. Understanding Country Level Adoption of E-Commerce: A Theoretical Model Including Technological, Institutional, and Cultural Factors // JGIM. 2020, no. 28(1), pp. 1–22.
5. Ho Ch-S., Kauffman J.R., Liang P-T. A growth theory perspective on B2C e-commerce growth in Europe: An exploratory study // Electronic Commerce Research and Applications. 2007. no. 6(3), pp. 237–259.
6. Bjørn-Andersen N., Viborg Andersen K. Diffusion and Impacts of the Internet and E-Commerce: The Case of Denmark. Copenhagen business school, 2004. – 52 p. URL: https://research-api.cbs.dk/ws/portalfiles/portal/58908925/6484.pdf
7. Yan Q., Wu S., Wang L. et al. E-WOM from e-commerce websites and social media: Which will consumers adopt? // Electronic Commerce Research and Applications. 2016. no. 17, pp. 62–73.
8. Oxley E.J., Yeung B. E-commerce readiness: Institutional environment and international competitiveness // Journal of International Business Studies. 2001. No. 32(4), pp. 705–723. URL: https://doi.org/10.1057/palgrave.jibs.8490991
9. Gomez Herrera M.E., Martens B., Turlea G. The drivers and impediments for cross-border e-commerce in the EU // Information Economics and Policy. 2014. no. 28, pp. 83–96.
10. Hawk S. Comparison of B2C e-commerce in development countries // Marketing and Trade Electronic Commerce Research. 2004. no. 4(3), pp. 181–199.
11. Fact Sheet: Key Barriers to Digital Trade. URL: https://ustr.gov/about-us/policy-offices/press-office/fact-sheets/2016/march/fact-sheet-key. 21.03.2021. (accessed: 12.11.2023)
12. Жумадилова М., Жусупбекова М.К. Некоторые правовые аспекты электронной торговли в Респаублике Казахстан // Актуальные проблемы развития человеческого потенциала в современном обществе: матер. 5-й междунар. науч.-практ. конф. – Пермь, 2018. – С. 27–31.
13. Ыдырыс С.С., Ерманкулова Р.И., Бюлент Ш. Қазақстандағы электрондық сауданың қазіргі таңдағы даму тенденциялары мен келешегі // Экономика: стратегия и практика. – 2019. – № 14(1). – С. 123–134.
14. Анализ рынка розничной электронной коммерции в Республике Казахстан PwC Kazakhstan. URL: https://www.pwc.com/kz/en/publications/e-commerce/pdf/e-commerce-12M2022-rus-final.pdf (дата обращения: 12.11.2023)
15. Information-analytical system of the Bureau of National statistics Of the Agency for strategic planning and reforms of the Republic of Kazakhstan «Taldau». URL: https://taldau.stat.gov.kz/en/Search/SearchByKeyWord (accessed: 10.11.2023)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жанбозова А.Б., Нурлихина Г.Б., Тлесова А.Б., Жуманазаров К.Б. Қазақстандағы бөлшек электрондық коммерция нарығы көлемінің 2026 ж. дейінгі өзгерісінің үш сценарийлік болжамы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2024;(2):200-213. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-2-200-213
For citation:
Zhanbozova A.B., Nurlikhina G.B., Tlessova A.B., Zhumanazarov K.B. Three-scenario forecast of retail e-commerce market volume changes in Kazakhstan until 2026. Bulletin of "Turan" University. 2024;(2):200-213. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-2-200-213