Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Ет өндірісіндегі кәсіпкерлік құрылымдардың стратегиялық бәсекелік қабілеттігін арттыру

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-4-144-159

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы ет бағытындағы кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда олардың өндірісіне ендірілген инновациялық қызметтерге талдау жүргізілген. Кәсіпкерлік құрылымдардың болашаққа стратегиялық бәсекелік қабілеттігін арттыруда инновациялық қызметтерді ет өндірісіндегі кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық кооперация және технологиялық интеграциялық бірлесу негізінде жаңа инновациялық өнімдерді өндіру олардың өндіріс көлемін, сапасы мен тиімділігін арттырады. Инновациялық кәсіпкерлікке негізделген ЖШС «Oрдабасы құс» компаниясы жаңа идея мен мүмкіндіктерді үнемі іздестіруге негізделген, инновацияға бағытталған ұйымдастыру мен басқарудың жаңа тәсілін қолданған Қазақстандағы алғашқы инновациялық кәсіпорын екендігі анықталды. Бұл кәсіпкерлік құрылымда ондаған жаңа өндірістік, үрдістік, өнімдік және маркетингтік инновацияларды өз кәсіпорындарына енгізу негізінде жаңа өнімдерді шығару, өнімдердің ассортиментін кеңейту, өнім сапасын жақсарту, сату арнасын анықтау, өзіндік құнын төмендету есебінен өнім мен кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға қол жеткізді. Қазақстанның ет өндірісіндегі кәсіпкерлік құрылымдарының: ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, өндірістік кооперативтер, шаруа (фермер) қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, жеке қосалқы шаруашылықтар аралық кооперациялық байланыс негізінде инновациялық өндірістік бірлестіктер (кооперативтер) құру негізінде ет пен ет өнімдерін (өндіру-өңдеу-сату) қызметтерін бірлесе атқаруды авторлар ұсынады. ЖШС «Oрдабасы құс» құс компаниясы екі стратегиялық өсу жолын: 1) КСИӨ - «кері стратегиялық интеграциялық өндіріс» негізінде – асыл тұқымды күрке құсы жұмыртқаларын өндіруге бағыталған аналық күрке құс табынын бағатын «инновациялық өндіріс» құру; 2) АЖСИӨ - «алға жүруші стратегиялық тік интеграциялық өндіріс» негізінде – кеңейтілген қайта өндірісті қарқынды дамыту мақсатында аналық күрке құс табынының орнын басуға жас күрке балапанын өсіретін «инновациялық өндіріс» құру ұсынылады.

Авторлар туралы

Р. Н. Куатбекова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

докторант 

Шымкент қ. 



А. Б. Мухамедханова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Ресей

PhD, аға оқытушы 

Шымкент қ. 



Д. М. Каримов
Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті
Өзбекстан

э.ғ.к., доцент 

Ташкент қ. 



В. Н. Сейтова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

PhD, аға оқытушы 

Шымкент қ. 



Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Тоқаев. Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам: Қазақстан халқына жолдауы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K22002022_2.25.10.2023.

2. Қазақстан Президенті Қ-Ж.Тоқаев. Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары: Қазақстан халқына жолдауы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K23002023_1.25.10.2023.

3. Куклина И.Р., Ютанов Н.Ю. Форсайт как инструмент управления будущим // Наука. Инновации. Образование: альманах. – М.: Знак, 2008. – Вып. 5. – С. 79–90.

4. Тотьмянина С.И. Форсайт научно-технологического развития региона (на примере Владимирской области): автореф. канд. экон. Наук. – М., 2012. – 23 с.

5. Прудский В.Г., Ощепков А.М. Форсайт как основа стратегии социально-экономического развития региона // Вестник Пермского государственного университета. – 2012. – № 3. – С. 22–26.

6. Семенова Н.Н. Форсайт в условиях глобализации // Наука. Инновации. Образование: альманах. – М., 2008. – Вып. 5. – С. 25–43.

7. Кузьминов Я.И. Перспективы форсайта в России безграничны // Форсайт. – 2007. – Т. 1. – № 1. – С. 26–29.

8. Соколов А.В. Форсайт: взгляд в будущее // Форсайт. – 2007. – № 1. – С. 8–15.

9. Малиновская О.В., Скобелева И.П. Форсайт как технология стратегического планирования и управления // Дайджест-финансы. – 2014. – Т. 4. – № 232. – C. 44–55.

10. Чайников В.Н. Концептуальная модель управления стратегической конкурентоспособностью предприятия // Вестник Чувашского университета. – 2011. – № 2. – С. 498–501.

11. Крюков C.B. Форсайт: от прогноза к формированию будущего // Terra Economicus. – 2010. – T. 8. – № 3. – С. 7–17.

12. Куклина И. Форсайт как инструмент активного исследования и формирования будущего // Российское экспертное обозрение. – 2007. – № 3. – С. 49–53.

13. Воронов Ю.П. Форсайт как инструмент // Научный эксперт. – 2010. – № 3. – С. 37–53.

14. Глухов В., Шепинин В., Любек Ю., Бабкин И., Каримов Д. Мұнай-Газ аймақтарындағы инфрақұрылымның дамуына қызметтер мен цифрландыру деңгейінің әсерін бағалау халықаралық технологиялар журналы. – 2023. – 14(8). – 1810–1820 бб.

15. Мұхамедханова А., Сейдахметов М., Тулеметова А., Нурсой М. Scientific Horizons. – 2024. – № 27(4). – С. 189–198. URL: https://doi.org/10.48077/scihor4.2024.189

16. Мамраева А. Инновацияларды коммерцияландыру процесін зерттеудің теориялық аспектілері // Қарағанды университетінің экономика сериясының хабаршысы. – 2020. – № 100(4). – 79–92. URL: http://dx.doi.org/10.31489/2020ec4/79-92

17. Ахметова Г.Т., Жұмабекова А.Т., Жамбылова Г.Ж. ҚР ауыл шаруашылығындағы инновациялардың ерекшеліктері // Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2019. – № 2(324). URL: http://dx.doi.org/10.32014/2019.2224-5294.80

18. Саяқбаева А.А., Әшімбаев Т.А. Ресей мен Қазақстанның қаржы нарығына инновацияларды енгізу тәжірибесі // Орталық Азия елдерінің бухгалтерлері мен аудиторларының ыстықкөл форумының материалдары. –2019. – № 1(24). – 171–180 б.

19. Мұхамедханова А., Елікбай М. Rivista di studi sulla sostenibilita // The role of innovation in sustainable development and improving the competitiveness of business structures in Kazakhstan. 2023, no. 1, p. 139–151.

20. Әлжанова Ф.Г., Днишев Ф.М. Қазақстан мен Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі модернизация және құрылымдық өзгерістер мәселелері // Зияткерлік инновацияларға инвестициялар. – 2019. – № 3. – 8–10 б. URL: http://dx.doi.org/10.25198/2077-7175-2019-3-10

21. Түркістан обласы және оның аймақтары: 2014–2022 гг. URL: https://stat.gov.kz/ru/region/turkestan/


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Куатбекова Р.Н., Мухамедханова А.Б., Каримов Д.М., Сейтова В.Н. Ет өндірісіндегі кәсіпкерлік құрылымдардың стратегиялық бәсекелік қабілеттігін арттыру. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2024;(4):144-159. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-4-144-159

For citation:


Kuatbekova R.N., Mukhamedkhanova A.B., Karimov D.M., Seitova V.N. Improving the strategic competitiveness of entrepreneurial structures in meat production. Bulletin of "Turan" University. 2024;(4):144-159. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-4-144-159

Қараулар: 140


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)