Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Туристік саладағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі жағдайы және даму жолдары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-4-160-171

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақсаты: Туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуының теориялық және тәжірибелік даму деңгейін анықтау. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің ағымдағы даму жағдайына талдау жасау. Мақаланы жазудағы басты мақсат 2017–2021 жылдар аралығындағы туризм саласының көрсеткіштеріне яғни туристік ағындарға, жалпы ішкі өнімдегі туризм индикаторының үлесіне, орналастыру, ойын-сауық және демалыс саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет белсенділігіне талдау жүргізу болып табылады. Әдісі: Библиографиялық әдістің көмегімен зерттеліп отырған мәселе шеңберінде жазылған шетелдік және отандық авторлардың еңбектеріне шолу жасалынды. Салыстырмалы талдау, экономикалық-статистикалық талдау әдістерінің көмегімен ішкі, келу және шығу туризм ағындарының; жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесінің; демалыс, ойын-сауық, және орналастыру салаларының ағымдағы көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Жалпылау әдісі арқылы туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі даму жағдайы сипатталды. Графикалық әдістің көмегімен талдау нәтижелері өңделді. Қорытынды: Дамыған елдердің туризм саласындағы тәжірибесі көрсетіп отырғандай, туризм саласындағы кәсіпкерлік қызмет елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөлге ие. Атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, қызмет көрсету секторларын дамытуға, жалпы ішкі өнімдегі қызметтің үлесінің артуы мен бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға ықпал етеді. Тұжырымдама: Туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің ағымдағы жағдайына жасалған талдаудың нәтижелері саланың оң динамикалық дамуын көрсетіп отыр. Туристік ағындардың ішінде ішкі туризмнің даму белсенділігі байқалады. Туристік салада ұйымдастырылған кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде шағын және дара кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің үлес салмағы артқан. Бұл қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің ұйымдастырылуының басымдыққа ие екендігін көрсетуде.

Авторлар туралы

Р. Шоқан
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор 

Астана қ. 



Э. Б. Тлесова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор 

Астана қ. 



Әдебиет тізімі

1. Международный туризм в 2024 году достигнет до пандемийного уровня. URL: https://news.un.org/ru/story/2024/01/1448742 (дата обращения: 02.02.2024)

2. Economic Impact Research. URL: https://wttc.org/research/economic-impact (accessed: 02.02.2024)

3. Макареня Т.А. Современное предпринимательство: учеб.пособие. – Ростов-на Дону: Изд. Южного федерального университета, 2011. – 190 с.

4. Баранова А.Ю. Организация предпринимательской деятельности в сфере туризма: учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2021. – 180 с.

5. Лапуста М.Г. Предпринимательство. Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2022. – 384 с.

6. Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 480 бет.

7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ.

8. Ciprian-Constantin P., Oleg P. Entrepreneurship in the industry of tourism // The Annals of the University of Oradea. Economic Sciences, TOM XXX, 1st Issue. – 2021. – Р. 130–135.

9. Rusu S., Milin A.I., Isac F.L. Entrepreneurship in Tourism – Reasons, Necessary Resources and Impediments // ECOFORUM. 2017. Volume 6. No. 3(13). Р. 3–11.

10. Завьялова Н.Б., Кадина В.С. Предпринимательство в индустрии туризма // Экономика, предпринимательство и право. – 2020. – Том 10(3). – С. 819–830.

11. Гасанов А.Н. Аббасова С.Г. Специфические особенности предпринимательства в туризма // Sciences of Europe. 2019. No. 38. P. 8–10.

12. Тлеубердинова А.Т., Салауатова Д.М. Особенности предпринимательской деятельности в туризме // Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан. – 2018. – № 1. – С. 184–194.

13. Қазақстан туризмі. Статистикалық жинақ / қазақ және орыс тілдерінде. – 2017–2021.

14. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысы. URL: http://surl.li/prrfa (өтініш берілген күн: 02.02.2024)

15. «Ашық аспан» режимі 5 жылға ұзартылды. URL: http://surl.li/prrev (өтініш берілген күн: 03.02.2024)

16. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік. Статистикалық жинақ / қазақ және орыс тілдерінде. – 2017–2021. – 58 бет.

17. 2022 жыл бойынша Туризм басқармасының қызметі туралы есеп // Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты. URL: http://surl.li/prrei (өтініш берілген күн: 05.02.2024)

18. Инвестициялық жобалар // Астана қаласы әкімдігінің сайты. URL: http://surl.li/prrhe (өтініш берілген күн: 06.02.2024)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шоқан Р., Тлесова Э.Б. Туристік саладағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі жағдайы және даму жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2024;(4):160-171. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-4-160-171

For citation:


Shokhan R., Tlessova E. The current state of entrepreneurial activity in the tourism sector and ways of its development. Bulletin of "Turan" University. 2024;(4):160-171. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2024-1-4-160-171

Қараулар: 134


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)