Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Тұрғын үйді жер сілкінісінен сақтандырудың халықаралық тәжірибесі және оның қазақстанда қолданылуы: tcip моделінің адаптациясы

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-2-410-424

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі таңда, жер сілкінісі – ең жойқын табиғи апаттардың бірі болып табылады, әсіресе сейсмикалық белсенді аймақтарда. Бірнеше ірі қалалары сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан, Қазақстан мемлекетінде тұрғын үйлерді жер сілкінісінен міндетті сақтандырудың жоқтығы – экономикалық тұрақтылық пен азаматтардың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл мақалада табиғи апаттардан, әсіресе жер сілкінісінен жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандырудың халықаралық тәжірибесі қарастырылып, артықшылықтары мен кемшілігі сипатталады.Табиғи апаттардан жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруды енгізу – экономикалық шығындарды азайту мен халықтың сейсмикалық қауіпке дайындығын арттыруда маңызды қадам болатынына ерекше көңіл бөлінеді. Зерттеудің мақсаты – жылжыматын мүлікті табиғи апаттардан міндетті сақтандырудың халықаралық тәжірибесін (Түркия, Жапония және Чили мысалында) талдау және зерттеу барысында анықталған модельдерді Қазақстанның жергілікті географиялық жағдайы мен экономикалық тұрақтылығын ескере отырып, бейімдеуге ұсыныстар жасау. Мүмкін болатын шығындарды өтеу механизмдері, мемлекеттік және жеке компаниялардың бұл бағдарламалардағы рөлі қарастырылады. Осы зерттеу аясында: зерттеу нысаны – жер сілкінісінен сақтандыруды қамтамасыз ету жүйесі; зерттеу пәні – Қазақстанда тұрғын үйді жер сілкінісінен міндетті сақтандыруды енгізу тетіктері мен оның тиімділігі. Жұмыстың ғылыми маңызы – халықтың қаржылық қауіпсіздігін арттырып, апаттар кезіндегі зияндарды азайтуға мүмкіндік беретін, сейсмикалық белсенді аймақтардағы сақтандыру мәселелерін кешенді зерттеуде болса, практикалық маңызы міндетті сақтандыруды енгізуге қатысты ұсыныстарды жасауға бағытталған. Зерттеудің білім саласына қосқан үлесі – әлемдік тәжірибені жүйелендіру және Қазақстанға бейімделген модельді ұсынуда жатыр. Жұмыстың практикалық мәні – экономикалық тұрақтылық пен табиғи қауіптерге қарсы тұруды қамтамасыз ететін, сейсмикалық қауіпті аймақтардағы тұрғын үй мен объектілерді міндетті сақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге арналған теориялық негізді құру.

Авторлар туралы

Р. А. Абдыева
«Тұран» университеті
Қазақстан

докторант.

Алматы қ.



И. В. Селезнёва
«Тұран» университеті
Қазақстан

э.ғ.д., профессор.

Алматы қ.



К. Попоски
Св. Климент Охрид университеті
Македония

PhD, профессор.

Битола қ.



Ш. Д. Кыдырбаева
«Тұран» университеті
Қазақстан

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Вакулич Е.А. Сравнительная характеристика моделей страхования. Евразийская модель страхования // Экономика и банки. – 2024. – № 2. – С. 29–36.

2. Мартюшева Н.Ш. Обязательное страхование жилья: между забытым прошлым, сломанным настоящим и неизвестным будущим // Научный редактор. – 2021. – № 3. – С. 62.

3. Аверьянова О.В., Семенов С.Л. Развитие и правовая характеристика жилищного страхования за рубежом // Ученые записки юридического факультета. – 2021. – Т. 1. – № 1. – С. 55–58.

4. Официальный сайт страховой компаний Beinsure. URL: https://beinsure.com/ (дата обращения: 15.02.2025)

5. Официальный сайт перестраховочной компаний Swiss Re. URL: https://www.swissre.com/ (дата обращения: 15.02.2025)

6. Chaudhary T. Muhammad, Awais Piracha. Natural Disasters – Origins, Impacts, Management // Encyclopedia. 2021. No. 4. P. 1101–1131.

7. Meral H., Ersoy B., Cavga S.H. Closing the Insurance Gap in Turkey // Journal of Insurance Issues. 2023. No. 2. P. 226–255.

8. Aksoy C.G. et al. Unearthing the impact of earthquakes: a review of economic and social consequences // Journal of Policy Analysis and Management. 2024. No. 1. P. 113–117.

9. Kamran Jafarpour Ghalehteimouri. Evaluate the capacity of Japanese spatial planning system for hazards integration realities and (f)acts: a pre-post the great east Japan Earthquake in Fukushima // Safety in Extreme Environments. 2024. No. 6. P. 201–218.

10. Bendimerad F. The role of earthquake insurance in earthquake risk reduction and resilience building // Advances in Assessment and Modeling of Earthquake Loss. 2021. No. 5. P. 277–286.

11. Абаканов Т.Д. Сейсмическая обстановка в Казахстане и мероприятия по недопущению катастрофы в городе Алматы // Международный научно-аналитический журнал Межпарламентской Ассамблеи государств-участников СНГ. – 2024 – С. 9–13.

12. Официальный сайт Министерства по чрезвычайным ситуациям РК. URL: https://www.gov.kz/ (дата обращения: 15.02.2025)

13. Hasan Meral, Behlul Ersoy, Ismail Dilek. Insights into earthquake insurance demand in high-risk regions: A case study of Turkey // International Journal of Disaster Risk Reduction. 2024. No. 2. Р. 27–29.

14. Ceylan F., Dipova N. Participation to Compulsory Earthquake Insurance System in the Southwestern Turkey After the 2023 Earthquake // APJHAD. 2024. No. 2. Р. 46–57.

15. Shıbu A.A., Kahf M. Development of Takaful Industry in Turkey: Challenges and Prospects // Journal of Islamic Economics. 2022. No. 2. Р. 48–66.

16. Карпенко В.В., Мирошниченко А.Ю. Актуальные проблемы обязательного страхования жилых помещений // Правовой порядок и правовые ценности. – 2022. – № 3. – С. 236–240.

17. Bayar Y., Gavriletea M.D., Danuletiu D.C., Danuletiu A.E., Sakar E. Pension Funds. Insurance Companies and Stock Market Development: Evidence from Emerging Markets // Mathematics. 2022. No. 10. Р. 25–29.

18. Tsubota-Utsugi M., Sasaki R., Suzuki R. Changes in physical activity during the year after the Great East Japan Earthquake and future frailty in older survivors // Geriatr. Gerontol. 2024. No. 6. Р. 563–570.

19. Handa Y., Opabola E., Galasso C. A bayesian approach for estimating the post-earthquake recovery trajectories of electric power systems in Japan // Sustainable and Resilient Infrastructure. 2023. No. 9. Р. 407– 420.

20. Hashimoto A., Hashimoto H., Kawaguchi H. Technical Efficiency of Prevention Services for Functional Dependency in Japan’s Public Long-Term Care Insurance System: An Ecological Study // International Journal of Health Policy and Management. 2024. No. 13. Р. 1-8.

21. Официальный сайт министерства финансов Японии. URL: https://www.mof.go.jp/english/index.htm (дата обращения: 15.02.2025)

22. Официальный сайт центрального банка Чили. URL: https://www.bcentral.cl/en/ (дата обращения: 15.02.2025)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Абдыева Р.А., Селезнёва И.В., Попоски К., Кыдырбаева Ш.Д. Тұрғын үйді жер сілкінісінен сақтандырудың халықаралық тәжірибесі және оның қазақстанда қолданылуы: tcip моделінің адаптациясы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2025;(2):410-424. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-2-410-424

For citation:


Abdyeva R.A., Selezneva I.V., Poposki K., Kydyrbayeva Sh.D. International experience of housing insurance from earthquake and its application in Kazakhstan: adaptation of the TCIP model. Bulletin of "Turan" University. 2025;(2):410-424. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-2-410-424

Қараулар: 72


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)