Қазақстандағы қаржылық теңсіздік: оның білім сапасына тигізетін әсерін талдау
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-4-9-24
Аңдатпа
Білім берудегі қаржылық теңсіздік – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Ол оқу нәтижелеріне әсер етіп, мүмкіндіктер, ресурстар және білім нәтижелері арасындағы теңсіздікті күшейтеді, сайып келгенде, жалпы экономикалық өсуге кері әсерін тигізеді. Бұл зерттеу мақаласында еліміздің білім беру жүйесінде орын алған қаржылық теңсіздік проблемасы қарастырылады. Аталған проблема халықтың басым бөлігінің сапалы білім алуына қолжетімділігінің шектелуімен көрініс табады. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы қаржылық-экономикалық көрсеткіштер (халықтың кірістері, білім беруге жұмсалатын мемлекеттік және жеке шығындар) мен білім беру қызметтерінің сапасы арасындағы өзара байланысты анықтау, осы негізде теңсіздікті төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Жұмыста білім беруді дамытудың қаржылық аспектілеріне талдау жасалып, мемлекеттік және жеке қаржылық инвестициялар, халықтың табысы және олардың білім сапасына әсері зерттелді. Зерттеу нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығы орта мектеп түлектерін даярлау сапасын арттыру және әлеуметтік ұтқырлықты (мобильділікті) қамтамасыз ету үшін нақты ұсыныстар әзірлеуде. Ұсынылып отырған шаралар мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру үшін олардың құрылымын қайта қарау, ҰБТ-ға сапалы дайындыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктері, сондай-ақ білім беру нәтижелеріндегі өңірлік алшақтықты азайту мәселелерін қамтиды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының, Ұлттық білім беруді бағалау орталығының, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығы, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің материалдары пайдаланылды. Ұсынылған ұсыныстар мемлекеттік органдарға білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлеуде және жеке құрылымдарға да пайдалы болуы мүмкін.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Г. А. РахимоваҚазақстан
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
Астана қ.
Г. С. Тусибаева
Қазақстан
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
Астана қ.
Б. М. Искаков
Ресей
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
Астана қ.
Л. Т. Байтуова
Қазақстан
PhD, аға оқытушы.
Астана қ.
Әдебиет тізімі
1. Котомина О.В., Сажина А.И. Влияние семейных факторов на академическую успеваемость обучающихся // Отечественная и зарубежная педагогика. – 2021. – Т. 1. – № 1(74). – С. 143–156.
2. Chen X., Chen Y., Yu X., Wei J., Yang X. The impact of family socioeconomic status on parental involvement and student engagement during COVID-19 in promoting academic achievement: A longitudinal study in Chinese children. URL: https://doi.org/10.1016/j.jecp.2024.105992
3. Qi D., Wu Y. Familys social economic status and child educational outcomes in China: The mediating effects of parenting practices and childrens learning attitudes. URL: https://doi.org/10.1016/j.childyouth.2020.105387
4. Guo Z. An Analysis of the Influence of Family Socioeconomic Status on Students Academic Performance // Proceeding of the 3rd International Conference on Social Psychology and Humanity Studies. URL: https://doi.org/10.54254/2753-7048/84/2025.20619
5. Scott Joseph Warren, Elisabeth Boston Vogt, Brent Tincher, Junhe Yang. Enhancing quality assurance through strategic artificial intelligence integration: a framework for higher education digital transformation. URL: https://doi.org/10.1108/QAE-09-2024-0183
6. Kopeyeva A. Understanding Factors behind Regional Inequality in Education in Kazakhstan. URL: https://doi.org/10.17059/ekon.reg.2023-3-10
7. William Joel Marin-Rodriguez, Daniel Cristobal Andrade-Giron, Marcelo Rojas, Edgar Tito SusanibarRamires. International research on accreditation as a strategy for educational quality: identification of patterns in scientific collaboration Available to Purchase. URL: https://doi.org/10.1108/QAE-02-2025-0061
8. Anderson J., Taner G. Building the expert-teacher prototype: Metasummary of teacher-expertise studies in primary-secondary education // Educational Research Review, 38. URL: https://doi.org/10.1016/j.edurev.2022.100485
9. Świerkocki M. The Link Between Economic Inequalities and Quality of Education: Evidence from Poland and Finland // Interchange 55. 2024, pp. 115–136. URL: https://link.springer.com/article/10.1007/s10780-024-09516-z
10. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin (өтініш берілген күн: 13.08.2025)
11. Нурбаев Ж. Неравенство в системе среднего образования: анализ политики реформирования малокомплектных школ Республики Казахстан. – Астана, 2021. URL: https://www.soros.kz/wp-content/uploads/2021/
12. Валентинов А. Дорогое недорогое образование: почему студент из Казахстана дешевле студента из Швеции в 10 раз. URL: https://www.zakon.kz/finansy/6435147-dorogoe-nedorogoe-obrazovaniepochemu-student-iz-kazakhstana-deshevle-studenta-iz-shvetsii-v-10-raz.html
13. Рейтинг стран мира по индексу уровня образования. URL: https://gtmarket.ru/ratings/education-index
14. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ақпараттық-талдау жүйесі. URL: https://taldau.stat.gov.kz/kk/Search/SearchByKeyWord (өтініш берілген күн: 08.09.2025)
15. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігі. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu?lang=kk (өтініш берілген күн: 18.09.2025)
16. Soyhunlo Sebu. Access to Quality Education, a Basic Right of Every Child // Journal of Education, Society and Behavioural Science. 2023, no. 36(7), pp. 41–46. URL: https://doi.org/10.9734/jesbs/2023/v36i71234.15
17. Ұлттық тестілеу орталығы. URL: https://testcenter.kz/ru/stats/statisticheskie-dannye-ent (өтініш берілген күн: 06.10.2025)
18. Kazakhstan Poverty and Equity Assessment. International Bank for Reconstruction and Development. World Bank, 2024. URL: https://documents.worldbank.org/en/publication/documents-reports/documentdetail/099121024150515312/p5011041791e5c07c19b3d16b0aecd7cc53
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Рахимова Г.А., Тусибаева Г.С., Искаков Б.М., Байтуова Л.Т. Қазақстандағы қаржылық теңсіздік: оның білім сапасына тигізетін әсерін талдау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2025;(4):9-24. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-4-9-24
For citation:
Rahimova G.A., Tussibaeva G.S., Iskakov B.M., Baituova L.Т. Financial inequality in Kazakhstan: analysis of its impact on the quality of education. Bulletin of "Turan" University. 2025;(4):9-24. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-4-9-24
JATS XML















