Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық пен әдеп нормаларының Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығына әсері
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-75-87
Аңдатпа
Мақалада сыбайлас жемқорлық деңгейі мен мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларының Қазақстан Рес публикасының инвестициялық тартымдылығына әсері зерттеледі. Инвесторлардың мемлекетке және ұлттық экономикаға деген сенімін қалыптастырудағы институционалдық факторлардың – мемлекеттік басқару са пасының, жария қызметшілердің ашықтығы мен жауапкершілігінің рөлі ашып көрсетілген. Халықаралық рейтингтер (Transparency International, World Bank, UNCTAD, World Economic Forum) негізінде Қазақстан, Сингапур, Грузия және Ресей елдеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықдеңгейініңтікелейшетелдікинвестицияларкөлемінежәнеелдіңрепутациялықкапиталынатікелей әсер ететіні анықталды. Мемлекеттік қызметтің әдеп стандарттарын арттыру және институционалдық сенім мен тұрақты экономикалық өсу құралы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бағыттары ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың және мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларының даму деңгейінің Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығына ықпалын анықтау. Жұмыста мемлекеттік қызметшілердің институционалдық сенімі мен адалдығы инвестициялық климат тұрақтылығы ның негізгі факторлары екені көрсетілген. Зерттеуде институционалдық және салыстырмалы талдау әдістері, сондай- ақ CPI, WGI және FDI халықаралық индекстері негізіндегі серпінді моделдеу қолданылады. Ғылыми жаңалығы «Әдеп нормалары → Сенім → Инвестициялар» өзара байланысының тұжырымдамалық схемасын әзірлеуден және мемлекеттік қызметтің әдеп инфрақұрылымы капиталды тартудың экономикалық драйвері ретінде қызмет ететінін дәлелдеуден тұрады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп саясатын жетілдірудің ұсынылған бағыттарында, бұл сенімнің артуына және Қазақстанның инвестициялық беделінің нығаюына ықпал етеді.
Авторлар туралы
А. Р. АлимбетоваҚазақстан
PhD, доцент
Алматы қ.
М. Н. Оразалинов
Қазақстан
э.ғ.к., аға оқытушы
Алматы қ.
Б. А. Тайторина
Қазақстан
з.ғ.д., профессор
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Сатпаев Д. Политико-институциональные риски экономики Казахстана. – Алматы: КИСИ, 2022. – 278 с.
2. Fukuyama F. Trust: The Social Virtues and the Creation of Prosperity. New York: Free Press, 1995. P. 80–95.
3. Acemoglu D., Robinson J. Why Nations Fail: The Origins of Power, Prosperity, and Poverty. New York: Crown Publishers, 2012. 529 p.
4. North D. Institutions, Institutional Change and Economic Performance. Cambridge: Cambridge University Press, 1990. 159 p.
5. Yakovlev A., Zhuravskaya E. State-business relations and foreign investment in transition economies // Journal of Comparative Economics. 2022. Vol. 48. No. 2. P. 415–433.
6. Nye J.S. Corruption and Political Development: A Cost-Benefit Analysis // American Political Science Review. 1967. Vol. 61. No. 2. P. 417–427.
7. Klitgaard R. Corruption and Development Reconsidered // World Development. London: Routledge, 2021. 353 p.
8. Williams A., Kumah M. Ethics and Investment Climate // Governance Research Quarterly. 2022. P. 77–96.
9. Kim C.S. Public Sector Integrity and Investment Flows // Journal of Institutional Economics. 2023. P. 42–50.
10. Kaufmann D., Kraay A. Governance Indicators Revisited. Washington: World Bank Policy Paper, 2021. P. 131–138.
11. Давлетбаева Ж.Ж. Антикоррупционная политика в контексте повышения качества жизни. – Астана, 2024. – 168 с.
12. Уалиева А.Ж., Рахметова З.А. Основы антикоррупционной культуры: учебное пособие. – Алматы: «ADAL KITAP», 2024. – 96 с.
13. Buralkiyeva B., Dulambayeva R., Abdanbekov A., Jumabayev S., Karsembayeva A. The Innovative Role of Ethics Commissioners in Kazakhstani Public Service Development // The Innovation Journal: The Public Sector Innovation Journal. 2022. Vol. 27. No. 3. 20 p.
14. Transparency International. Corruption Perceptions Index 2024. URL: www.transparency.org (accessed:16.11.2025)
15. World Bank. Worldwide Governance Indicators 2025. URL: https://www.worldbank.org/en/publication/worldwide-governance-indicators (accessed: 22.11.2025)
16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Тікелей инвестициялар (бағыттары бойынша) URL: https://nationalbank.kz/ru/news/pryamye-investicii-po-napravleniyu-vlozheniya (өтініш берілген күн: 4.12.2025)
17. OECD Anti-Corruption Network. Monitoring Report for Central Asia: Kazakhstan. URL: https://www.oecd.org/content/dam/oecd/en/networks/acn/documents-(pdfs)/ACN%20annual%20report%202024.pdf (accessed: 4.12.2025)
18. UNCTAD. World Investment Report 2025. URL: https://unctad.org/publication/world-investmentreport-2025 (accessed: 21.12.2025)
19. Об Этическом кодексе государственных служащих Республики Казахстан: Указ Президента Республики Казахстан от 2 января 2023 года № 81. URL: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/177087/rus/02.01.2023 (дата обращения: 21.12.2025)
20. Доклад об этической культуре и антикоррупционной практике. – 2024 г. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/640535?lang=ru (дата обращения: 27.12.2025)
21. О Концепции развития государственной службы Республики Казахстан на 2024–2029 годы: Указ Президента Республики Казахстан. URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34178598 (дата обращения: 27.12.2025)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Алимбетова А.Р., Оразалинов М.Н., Тайторина Б.А. Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық пен әдеп нормаларының Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығына әсері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2026;(1):75-87. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-75-87
For citation:
Alimbetova A.R., Orazalinov M.N., Taitorina B.A. The impact of corruption and ethical standards of the civil service on the investment attractiveness of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2026;(1):75-87. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-75-87
JATS XML















