Өңірлік туризмнің дамуын жандандыру факторы ретіндегі кәсіпкерлік маркетинг
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-434-446
Аңдатпа
Әлемдік туризм нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі жағдайында кәсіпкерлік маркетинг туристік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы ретінде кеңінен мойындалуда, әсіресе Қазақстан сияқты туристік индустриясы қалыптасу кезеңіндегі елдер үшін. Осы зерттеудің мақсаты – Қазақстан өңірлерінде бірегей туристік ұсыныстардың (БТҰ) қалыптасуына кәсіпкерлік маркетингтің әсерін бағалаудың авторлық тәсілін әзірлеу және оны өңіраралық салыстырмалы талдау негізінде апробациялау. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы туристік кәсіпорындардың маркетингтік кәсіпкерлік деңгейін және оның БТҰ қалыптастырудағы рөлін объективті бағалауға мүмкіндік беретін құралдардың қажеттілігімен айқындалады. Цифрландыру жағдайында маркетингтік қызметтің едәуір бөлігі ашық онлайндереккөздерде көрініс табады, бұл сараптамалық сауалнамалар мен жабық статистикалық деректерге сүйенбей-ақ шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) қызметін жүйелі түрде талдауға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлік мінез-құлықты цифрлық іздер арқылы зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Зерттеудің объектісі – Қазақстандағы шағын және орта туристік кәсіпорындар, ал пәні – олардың цифрлық ортадағы кәсіпкерлік маркетингтік қызметі. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, зерттеу барысында ашық цифрлық ақпаратқа контентталдау жүргізу негізінде қалыптастырылған кешенді көрсеткіш – Кәсіпкерлік маркетингтің инновациялылық индексі (Entrepreneurial Marketing Innovativeness Index, EMI) әзірленіп, қолданылды. Зерттеу нәтижелері маркетингтік инновациялылығы жоғары кәсіпорындардың өнімді әртараптандыру деңгейі жоғары, цифрлық ілгерілету арналарын белсенді пайдаланатынын және клиенттер ағынының неғұрлым тұрақты өсуін көрсететінін дәлелдейді. Бұл кәсіпкерлік маркетингтің өңірлік туризмнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шешуші рөлін растайды.
Авторлар туралы
Ж. М. ТуленбаеваҚазақстан
докторант
Алматы қ.
А. Т. Тлеубердинова
Қазақстан
э.ғ.д., профессор
Алматы қ.
Стефан Пратт
АҚШ
PhD, профессор
Орландо қ.
Әдебиет тізімі
1. Morris M.H., Schindehutte M., LaForge R.W. The Emergence of Entrepreneurial Marketing: Nature and Meaning // International Journal of Entrepreneurship and Innovation. 2002, vol. 3, no. 1, pp. 5–19.
2. Rauch A., Wiklund J., Lumpkin G.T., Frese M. Entrepreneurial Orientation and Business Performance: An Assessment of past Research and Suggestions for the Future // Entrepreneurship Theory and Practice. 2009, vol. 33, no. 3, pp. 761–787.
3. Hills G.E., Hultman C.M., Miles M.P. The Evolution and Development of Entrepreneurial Marketing // Journal of Small Business Management. 2020, vol. 58, no. 1, pp. 1–15.
4. Kraus S., Harms R., Fink M. Entrepreneurial Marketing: Moving Beyond Marketing in New Ventures // International Journal of Entrepreneurship and Innovation Management. 2019, vol. 23, no. 6, pp. 600–620.
5. Ratten V. Tourism Entrepreneurship and Regional Development // International Journal of Tourism Research, 2019, vol. 21, no. 3, pp. 344–356.
6. Wang R. Development of Tourism Marketing Strategies in Emerging Markets // Journal of Tourism Futures. 2022, vol. 8, no. 3, pp. 341–347.
7. Batra A., Kaur P. Entrepreneurial marketing practices and destination competitiveness // Journal of Destination Marketing & Management. 2021, vol. 20, article 100606.
8. Sharafuddin M.A., Madhavan M., Wangtueai S. Assessing the Effectiveness of Digital Marketing in Enhancing Tourist Experiences and Satisfaction: A Study of Thailand’s Tourism Services // Administrative Sciences. 2024, vol. 14, no.11, p. 273.
9. Sharafuddin M.A. Assessing the Effectiveness of Digital Marketing in Tourism Destinations, Administrative Sciences. 2024, vol. 14, no. 11, article 273.
10. Domestic tourism grows by 44% in Kazakhstan over 5 years // Kazakhstan Today. URL: https://www.kt.kz/eng/economy/domestic_tourism_grows_by_44_in_kazakhstan_over_5_years_1377976297.html (accessed: 30.11.2025)
11. Tourism is Growing, but Improvements are Needed, Says Kazakh Official // The Astana Times. URL: https://astanatimes.com/2025/03/tourism-is-growing-but-improvements-are-needed-says-kazakh-official/ (accessed: 30.11.2025)
12. Қазақстан туризмі / Статистикалық жинақ. – Астана қ., 2014. – 66 б.
13. Қазақстан туризмі / Статистикалық жинақ. – Нұр-Сұлтан қ., 2020. – 74 б.
14. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. Елдің туристік ағындары туралы ақпарат. URL: https://stat.gov.kz/ru/industries/businessstatistics/stat-tourism/ (өтініш берілген күн: 20.08.2025)
15. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың саны (өңірлер және кәсіпорын өлшемі бойынша). URL: https://stat.gov.kz/ru/industries/business-statistics/stat-org/dynamic-tables/ (өтініш берілген күн: 20.08.2025)
16. Alvarez M. Tourism Innovation and Entrepreneurial Marketing Practices in Emerging Destinations // Journal of Destination Marketing & Management. 2021, vol. 20, аrticle 100604.
17. Rodrigues S., Correia R., Gonçalves R., Branco F., Martins J. Digital marketing’s impact on rural destinations’ image, intention to visit, and destination sustainability // Sustainability. 2023, no. 15, аrticle 2683.
18. Sigala M. New technologies in tourism: From multi-disciplinary to anti-disciplinary advances and trajectories // Tourism Management Perspectives. 2018, no. 25, pp. 151–155.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Туленбаева Ж.М., Тлеубердинова А.Т., Пратт С. Өңірлік туризмнің дамуын жандандыру факторы ретіндегі кәсіпкерлік маркетинг. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2026;(1):434-446. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-434-446
For citation:
Tulenbayeva Z.M., Tleuberdinovа А.Т., Pratt S. Entrepreneurial marketing as a factor for activating regional tourism development. Bulletin of "Turan" University. 2026;(1):434-446. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-434-446
JATS XML















