Қазақстанның сақтандыру секторы: өзекті үрдістер мен негізгі сипаттамалар
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-2-487-501
Аңдатпа
Қазіргі уақытта әлемдік қаржы нарықтарында белсенді трансформация үдерістері жүріп жатқан жағдайда, Қазақстанның сақтандыру нарығы экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, аталған жұмыстың негізгі мақсаты – соңғы жылдардағы Қазақстанның сақтандыру секторына жан-жақты талдау жүргізу, жүйенің тиімділігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау және нарықтың қарқынды дамуына кедергі келтіруі мүмкін мәселелерді жою мен жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанның сақтандыру нарығы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру төлемдері, сақтандыру тығыздығы мен ену деңгейі көрсеткіштері арқылы, сондай-ақ сектор табыстылығының оң деңгейінің сақталуы негізінде айқындалатын серпінді өсуді көрсетеді. Зерттеу барысында өсудің негізгі факторлары ретінде цифрландыру, қабылданған нормативтік-құқықтық актілер мен реформалардың ықпалы, сақтандыру өнімдері санының артуы анықталды. Сонымен қатар, сақтандыру мәдениетінің төмен деңгейі мен макроэкономикалық көрсеткіштерге тәуелділік нарықтың дамуын шектейтін факторлар ретінде айқындалды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстанның сақтандыру нарығының дамуын 2017–2025 жж. аралығында сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері, сақтандыру тығыздығы, сақтандырудың ену деңгейі және рентабельділік көрсеткіштері негізінде кешенді бағалауда көрінеді. Зерттеу барысында сақтандыру төлемдерінің көлемі мен оларды пайдалану динамикасы арасындағы өзара байланыс анықталып, сақтандыру қызметтерінің халық пен бизнес тарапынан нақты қолданылу белсенділігінің арту үрдісі көрсетілді. Сонымен қатар сақтандыру нарығының негізгі коэффициенттері арасындағы корреляциялық байланыстар есептеліп, сектордың қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар айқындалды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді мемлекеттік саясат пен Қазақстанның сақтандыру нарығын дамыту стратегияларын жетілдіруде қосымша құрал ретінде пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.
Авторлар туралы
Р. А. АбдыеваҚазақстан
докторант
К. Попоски
Македония
PhD, профессор
Битола қ.
Әдебиет тізімі
1. Akhavan F., Hassannayebi E. A hybrid machine learning with process analytics for predicting customer experience in online insurance services industry // Decision Analytics Journal. 2024. Vol. 11. P. 100–112. DOI: 10.1016/j.dajour.2024.100452
2. Баян М., Оспанова Д.А., Плоцкая O.А. Правовые основы гармонизаций страхового законодательства в условиях ЕАЭС // Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. Серия: Право. – 2023. – Выпуск. 145. – № 4. – С. 171–182. DOI: 10.32523/2616-6844-2023-145-4-171-182
3. Firtescu B. Influence factors on European life insurance market during crises // Procedia Economics and Finance. 2014. Vol. 16. P. 348–355. DOI: 10.1016/S2212-5671(14)00813-2
4. Khadka S. Effect of firm specific and macroeconomic factors on profitability of Nepalese insurance companies // The Lumbini Journal of Business and Economics. 2023. Vol. 11. No. 1. P. 232–251. DOI: 10.3126/ljbe.v11i1.54331.
5. Koprivica M.R., Bradić P.D.K.N. Trends in insurance market development // Teorija i praksa u osiguranju. 2021. No. 3. P. 549–561. DOI: 10.5937/TokOsig2403536K
6. Каракетова Л.Т. Социально-экономические последствия пандемий COVID-19 // Вестник Казахского национального медицинского университета. – 2021. – № 2 – С. 285–289. DOI: 10.53065/kaznmu.2021.80.91.052
7. Müller N., Pforr K., Dräger J. Wealth stratification and the insurance function of wealth // Social Inclusion. 2023. Vol. 11. No. 1. P. 128–134. DOI: 10.17645/si.v11i1.6680
8. Novak A., et al. Financial and economic security in the field of financial markets at the stage of European integration // International Journal of Professional Business Review. 2022. Vol. 7. No. 5. Article e835. DOI: 10.26668/businessreview/2022.v7i5.e835
9. Prokopjeva E., Kuznetsova N., Kalayda S. Insurance market development and economic growth indicators: The study of relationship in the world // Economic Annals-XXI. 2020. No. 5. P. 114–123. DOI: 10.21003/ea.V185-05
10. Sfakianakis G., et al. The impact of macro-fiscal factors and private health insurance financing on public health expenditure: Evidence from the OECD countries for the period 2000–2017 // EuroMed Journal of Business. 2021. Vol. 16. P. 1–24. DOI: 10.1108/EMJB-03-2020-0029
11. Zhytar M., Andrushchenko D., Yasentiuk A. Modern trends in the development of the insurance services market // Socio World Social Research & Behavioral Sciences. 2021. Vol. 4. No. 2. P. 47–53. DOI: 10.36962/swd04022021-47
12. Зайцева М.А. Международный страховой рынок: действующая практика и направления его развития // Научные труды Беларусского государственного экономического университета. – 2021. – № 14. – С. 172–179.
13. Константинов И.М. Цифровизация в страхований // Интеграция мировой науки и техники: новые концепций и парадигмы. – Москва, 2023. – С. 373–375.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайты. 2026. URL: https://www.gov.kz/ (өтініш берілген күн: 01.03.2026)
15. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайты. 2026. URL: https://www.nationalbank.kz/ (өтініш берілген күн: 01.03.2026)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Абдыева Р.А., Попоски К. Қазақстанның сақтандыру секторы: өзекті үрдістер мен негізгі сипаттамалар. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2026;(2):487-501. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-2-487-501
For citation:
Abdyyeva R.A., Poposki К. The insurance sector of Kazakhstan: current trends and key features. Bulletin of "Turan" University. 2026;(2):487-501. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-2-487-501
JATS XML















