Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен сауда қарым-қатынасының даму келешегі

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешенде ЕАЭО мүше-елдерінің бірлескен интеграциялық саясатын дамыту бойынша негізгі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Бәсекелестік деңгейі жоғары тауарлар бойынша ауыл шаруашылығы өндірісі ахуалына талдау жүргізілді, сондай-ақ тауар нарығында бәсекелестік деңгейі жоғары ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша келісілген экспорттық саясат тетігі әзірленіп, ұсынымдар беріледі. Мақалада авторлар экспорттық ағындарды оңтайландыру үшін негізгі тауарлық позицияларының сыныптауышына сәйкес ЕАЭО мүше елдердің экспорттық әлеуетіне өзіндік бағалау жүргізді. ЕАЭО құрылғанына 5 жыл болса да, интеграцияға қатысушылар арасында шешімге келу үшін жеткілікті ұзақ уақытты талап етуші бірқатар күрделі мәселелер бар. Одаққа қатысушы елдер арасындағы негізгі қайшылықтар саяси құрамдастың бір бөлігіне айналған экономикалық мақсаттылыққа байланысты қалыптасуда. Авторлардың пікірінше, интеграциялық үдерістердің ғылыми негіздемесі өзара сауда мен экономикалық ынтымақтастықтың өзге де салаларындағы кедергілерді алып тастауға ынталандырады, ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығын технологиялық жаңғыртуға әкеледі, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кірістілігін арттырады, ауылдың әлеуметтік саласының дамуына қуатты серпін береді және одақтың барлық қатысушыларына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Авторлар туралы

Б. Н. Наукенова
«Тұран-Астана» университеті
Қазақстан


А. А. Пягай
«Тұран-Астана» университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің келісілген (үйлесілген) агроөнеркәсіптік саясатының тұжырымдамасы. [Электрондық ресурс]. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі 2013 жылғы 29 мамырдағы № 35 шешімі. - М.: Еуразиялық экономикалық комиссия, 2014. - Қолжеткізу тәртібі: http://www.eurasiancommission.org/ru/Lists/EECDocs/ 6350559495079 25323.pdf.

2. Ерасылова А.Б. Еуразия экономикалық одақ шеңберінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарлары экспортының дамуы. - Еуропа және Орталық Азия елдерінің сауда саясатына шолу. - ПРООН, 2018. - Б. 7-11.

3. Сигарев М.И., Кантуреев М.Т. Қазақстанның экспортқа бағытталған өнімдері және азық-түлік нарығы. - Алматы: ҚР ҰҒА Жаршысы, 2018. - № 6.

4. Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда: статистикалық жинақ. - Астана: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, 2018. - 97 б.

5. Еуразиялық экономикалық одақтың 2030 жылға дейінгі экономикалық дамуының ұзақ мерзімді болжамы. - 2015: http://www.eurasiancommission.org/ ru/act/integr_i_makroec/dep_makroec_pol/economy- Prognoz/.pdf.

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының сапаны қадағалау, инспекция және карантин бас басқармасы арасында Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына бидайдың экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттама, Бейжің қ., 17 қараша 2006 ж.

7. Тауарлармен өзара сауда-саттық. Еуразиялық экономикалық одақ статистикасы. - Статистика бюллетені, 2017. - 148 б.

8. Никитина Г.А. ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық үдерістердің Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық өндірісінің сезімтал салалларының дамуына әсері // Агрнарық мәселелері. - 2019. - № 3. - Б. 7-17.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Наукенова Б.Н., Пягай А.А. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен сауда қарым-қатынасының даму келешегі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(2):29-35.

For citation:


Naukenova B.N., Pyagay A.A. Prospects for the development of trade relations between Kazakhstan and the Eurasian Economic Union member countries. Bulletin of "Turan" University. 2020;(2):29-35. (In Russ.)

Қараулар: 232


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)