Тұрғындардың өмір сүру деңгейін әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Аңдатпа
Әрбір мемлекет өзінің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік үдерістерді, сондай-ақ қоғамдық іс-әрекеттерді сыртқы орта жағдайларына сәйкес жетілдіре отырып, өзінің жеке жоспарлау әдістерін қолданады. Халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту әлеуметтік жоспарлаудың басты мақсаттарының бірі болып саналады. Әлеуметтік жоспарлаудың мәні «өмір сүру жағдайы», «өмір сүру деңгейі», «өмір сапасы» сияқты ұғымдар арқылы ашылады. Стратегиялық жоспарлау үрдісінде қалыптасатын әлеуметтік саясаттың мақсаты халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту болып табылады. Өмір сүру деңгейін стратегиялық жоспарлаудың басты міндеті халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеу, ал болашақта оны жақсарту болып табылады. Қазақстан Республикасында өмір сүру деңгейін стратегиялық жоспарлауды қалыптастыру үшін экономиканы дамыту және халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру жөніндегі болжамдар, кешенді бағдарламалар әзірленеді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту және экономиканы дамыту үшін «БЖК», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаларды іске асыру үшін әрбір өңірдің мұқтаждығын ескере отырып, республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Соңғы уақытта көп балалы аналарға үлкен қаражат бөлінуде. Оларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз моделі жоқ. Бірақ ұлттық экономиканың өсуімен өзгеретін ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді белгілеу қажет. Жұмыспен қамтуды және еңбекке ақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі саясатты қайта қарау, халықтың әлеуметтік қауіпсіздігін және оның әл-ауқатын қамтамасыз ету тәсілдерін әзірлеу қажет.
Тірек сөздер
жоспарлау,
әлеуметтік саясат,
өмір сүру жағдайы,
өмір сүру деңгейі,
адами даму индексі,
әлеуметтік қауіпсіздік,
планирование,
социальная политика,
условия жизни,
уровень жизни,
индекс человеческого развития,
социальная безопасность,
planning,
social policy,
living conditions,
standard of living,
human development index,
social security
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi: https://stat.gov.kz/official/dynamic.
2. Стратегиялар мен бағдарламалар: https://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs.
Дәйектеу үшін:
Саханова Г.Б.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейін әлеуметтік-экономикалық жоспарлау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(2):69-73.
For citation:
Sakhanova G.B.
Socio-economic planning of living standards. Bulletin of "Turan" University. 2020;(2):69-73.
(In Russ.)
Қараулар:
430