Қазақстанның тұтыну нарығындағы баға тұрақсыздығы мәселелері
Аңдатпа
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағалары жылдан жылға көтеріліп жатыр, сондай-ақ еліміздің әртүрлі аймақтарында да тұтыну тауарларының бағалық алшақтықтары орын алды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру ортасына ықпал жасайды. Зерттеуде «Ресей Федерациясының аймақтарының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы айырмашылықтарды қысқарту» атты бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерімен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға стратегиялық даму жоспарының мақсаттылығы мен жүргізілуіне талдау жасалды. Сондай-ақ Қазақстанның тұтыну нарықтарында тұрақты бағаларға қол жеткізу, баға құрылымдау жолдары мен шаралары берілді. Еліміздің тұтыну нарықтарындағы бәсекелес орта мен баға құрылымдау мәселелері бойынша әдістемелер жасалды. Біз нарықтарда бәсекені көбейтіп бағаның тұрақталуына назар аударуымыз қажет. Мақалада тұтыну тауар бағаларының тұрақсыздығын қалай шешуге болатындығы туралы ұсыныстар берілген. Авторлар тарапынан тұтынушы нарықтарда тауар бағаларының есебін жүргізуші және орталық мониторинг жүйеге мәлімет жинақтаушы экономист-инспекторларды тағайындау ұсынылады. Олар арқылы күнделікті бағалар бойынша мониторинг жүргізіледі, жөнсіз баға көтерілуінің себептерін анықтап, бақылау жүргізеді, нарықтағы ұсыныс-сұраныс жағдайларын зерделейді, бәсеке тетіктерін ынталандыру қызметтерін жүргізеді. Осылардың нәтижесінде аймақтық мониторинг орталықтарында баға өсу себептері жинақталады, бағаны тұрақтандыру және бағаны реттеу құралдары әзірленеді. Мұнда тұтыну нарықтарын реттеуде әкімшілік әдістерді қолдану емес, нарық механизмдерін жандандыру үшін жанама әдістерді қолдану ұсынылуда.
Кілт сөздер
экономика,
тұтыну нарығы,
даму стратегиясы,
мемлекеттік реттеу,
баға құрылымы,
сұраныс,
ұсыныс,
баға тұрақтылығы,
экономика,
потребительский рынок,
стратегия развития,
государственное регулирование,
ценообразование,
спрос,
предложение,
конкуренция,
стабильность цен,
economy,
user market,
strategy of development,
government control,
prіcіng,
demand,
supply,
competition,
prices stability
Әдебиет тізімі
1. ҚР Елбасының халыққа ұсынған «Қазақстан-2050 жылдарға арналған стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы. - Астана, 2012. - 14 желтоқсан.
2. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Cтратегиялық даму жоспары. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген.
3. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сайты мәліметтері: https://barіbar.kz/30052/elіmіzde-azyq-tulіk.
4. Қазақстан Республикасы статистика агентігі. Ю. Шоқамановтың статистикалық мәліметі, 2019.
5. «Ресей Федерациясының аймақтарының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік - экономикалық дамуындағы айырмашылықтарды қысқарту» мақсатты Бағдарламасы. 2011 ж. 11 қазанында. № 717. Ресей Федерациясының Үкіметі тарапынан бекітілген.
Дәйектеу үшін:
Сыздықов Б.Ш.,
Балабекова Д.Б.,
Иманбаев А.А.
Қазақстанның тұтыну нарығындағы баға тұрақсыздығы мәселелері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(2):149-153.
For citation:
Syzdykov B.Sh.,
Balabekova D.B.,
Іmanbayev A.A.
Problems of price instability of the consumer market prices in Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(2):149-153.
(In Russ.)
Қараулар: 606