Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Толық мәтін:

Аңдатпа

Әлемдік тәжірибе дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде шағын кәсіпкерлік ұлттық экономиканың дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге және жұмыспен қамтылғандар санының артуына айтарлықтай әсер ететіндігін айқын дәлелдейді. Шағын кәсіпкерлік ел экономикасының қалпына келуіне қолайлы жағдай туғызады: бәсекелестік дамиды, тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасы өседі, жаңа жұмыс орындары пайда болады, құрылымдық түзету жүргізіледі, экономиканың инновациялық секторы қалыптасады, адамдардың шығармашылық қабілеттері тиімдірек пайдаланылады және т.б. Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясат жоғары технологиялық өндірістер құруға бағытталған, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта буынды қалыптастыруға негіз болады. Осы мақсатқа жету үшін, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру кезеңдерінің бірі ретінде кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту мәселесін шешу болып отыр. Мемлекет, шағын кәсіпкерліктің өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретін құқықтық және экономикалық ахуал құруы керек. Қазақстан экономикасын дамытудың маңызды бағыты - өндірістің әр түрлі салаларына және қоғамды басқару саласына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнімдердің түрлерін енгізуге негізделген инновация және бұл бағытта Қазақстан қазірдің өзінде нәтижелерге қол жеткізді. Шағын кәсіпкерлік объективті түрде жергілікті, аймақтық, ұлттық масштабтағы экономиканың арнайы секторы ретінде дамуы үшін оны мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді шаралары ұсынылған. Мемлекеттік қолдау шараларының негізгі мақсаты - нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің бірі ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету. Осы стратегияны іске асыру аясында мемлекеттік қолдау заңнамалық деңгейде бекітілген.

Автор туралы

М. С. Искакова
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай - күйі туралы ұлттық баяндама: https://atameken.kz/uploads/contentNEW_НАЦДОКЛАД_2019 (дата обращения: 20.12.2019).

2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі. 29 қазан 2015 ж. № 375.

3. Структуры поддержки предпринимательства: https: //damu.kz/poleznaya-informatsiya/kak-vesti-biznes/struktury-podderzhki-predprinimatelstva.php (дата обращения: 12.12.2019).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Искакова М.С. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(2):199-205.

For citation:


Iskakova M.S. State support of small and innovative entrepreneurship. Bulletin of "Turan" University. 2020;(2):199-205. (In Russ.)

Қараулар: 319


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)