Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріндегі еңбек көші-қоны: тенденциялары мен заңдылықтары
Аңдатпа
Жаһандану жағдайында көші-қон сұрақтары айрықша өзекті болып отыр және посткеңестік кеңістіктегі елдер бүкіл әлем сияқты, көші-қонды зерттеуде тысқары қалмайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің еңбекке қабілетті тұрғындарының механикалық қозғалысы көптеген факторларға негізделеді, бірақ олардың негізгілері экономикалық сипатта және елдердегі, аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық дифференциациямен, өмір сүру деңгейінің төмендігімен, еңбек нарығындағы жағымсыз жағдайлармен және т.б. байланысты. Қабылдаушы және донор елдер жалақылары арасындағы айырмашылық, жұмыссыздықтың өңірлік деңгейінің жоғарылауы эмиграцияның ықтималдығын арттырады. Мақалада «еңбек көші-қоны» ұғымы нақтыланып, ТМД елдерінің соңғы жылдардағы еңбекке қабілетті тұрғындарының сыртқы көші-қон үдерістерінің көрсеткіштері талданады. Ресей Федерациясына және Қазақстанға еңбек көші-қонының мәселесі, сондай-ақ ТМД-дан басқа елдерге көшіп қону ағындарының сипаттамасы қарастырылады. Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығының 46-шы есебінің деректері негізінде достастық елдерінің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары келтірілген, олардың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі көші-қонның рөлі анықталған. ТМД елдерінен көші-қон үрдістері талданып, оның ерекшеліктері мен дамудың маңызды заңдылықтары анықталды. ТМД елдеріндегі еңбек мигранттарының қозғалысын зерттеу кезінде талдау әдістері, статистикалық және графикалық әдістер қолданылды.
Тірек сөздер
халықаралық көші-қон,
еңбек көші-қоны,
сыртқы көші- қоны,
еңбек ресурстары,
өңірлік интеграция,
тартушы факторлар,
итермелеуші факторлар,
international migration,
labour migration,
external migration,
labour resources,
regional integration,
pull factors,
push factors,
международная миграция,
трудовая миграция,
внешняя миграция,
трудовые ресурсы,
региональная интеграция,
притягивающие факторы,
выталкивающие факторы
Әдебиет тізімі
1. Елена Садовская. Международная миграция в Казахстане в период суверенитета // Научный журнал «Казахстан Спектр». - 2016. - № 1(75). - С. 7-43.
2. Building Human Capital through Labor Migration in Asia //Asian Development Bank Institute, International Labour Organization and Organisation for Economic Cooperation and Development, 2015. - Р. 1-4: https://www.oecd.org/migration/building-human-capital.pdf.
3. Интеграционный барометр EAБР-2017. Доклад № 46. Центр интеграционных исследований. - Санкт-Петербург, 2017: https://eabr.org/analytics/integration-research/cii-reports/.
4. Мониторинг состояния национальных рынков труда стран Содружества Независимых Государств. 2014-2017. Межгосударственный статистический комитет СНГ. - М., 2018. - 51 с.
5. Статистика трудовой миграции в Кыргызской Республике: http://www.stat.kg/ru/.
6. Evgeny Vinokurov. The Art of Survival: Kyrgyz Labor Migration, Human Capital and Social Networks. 2013: https://mpra.ub.uni-muenchen.de/49180/1/MPRA_paper_49180.pdf.
Дәйектеу үшін:
Жумашбекова С.К.,
Сансызбаева Г.Н.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріндегі еңбек көші-қоны: тенденциялары мен заңдылықтары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(2):206-211.
For citation:
Zhumashbekova S.K.,
Sansyzbayeva G.N.
Labour migration in the countries of the commonwealth of independent states: trends and regulations. Bulletin of "Turan" University. 2020;(2):206-211.
(In Russ.)
Қараулар:
309