Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары және мүмкін болатын мәселелері туралы
Аңдатпа
Мақалада 2018 ж. 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында цифрлық экономиканың ғылыми-теориялық мазмұны және практикалық маңызы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері, орын алуы мүмкін салдарлары және оларды шешу жолдары қаралды. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық өзара әсеріне сілтеме жасай отырып, терең экономикалық, саяси және рухани жаңғыруды көздейтін ғылыми негіздеуге талпыныс жасалды. Индустрияландыру кезеңдеріне қысқаша шолу жасалды, соның ішінде индустрия 4.0 деп атау алған төртінші өнеркәсіптік революция мәселелеріне баса назар аударылды. Осыған орай, цифрлық технологияға негізделген цифрлық экономиканың қолданыстағы бағыттарына талдау жасалынды, ал оның киберфизикалық жүйесін басшылыққа ала отырып, Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді шешудің жолдары пысықталды. Мақалада АӨК-де еңбек өнімділігін арттыру, ауылшаруашылығы шикізатын терең өңдеу үшін «ақылды технологияларды» ендіру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мақсатында блокчейн сияқты цифрлық технологияны енгізудің маңыздылығы көрініс тапты. Цифрлық экономиканы іске асырудың кепілі болып табылатын кадрларды дайындау туралы автордың көзқарасы назар аударуға тұрарлық.
Кілт сөздер
индустриялдық революция,
цифрлық экономика,
киберфизикалық жүйе,
блокчейн,
индустрия 4.0,
жаңғыру,
еңбек өнімділігі,
industrial revolution,
digital economy,
cyber-physical system,
blockchain,
industry 4.0,
transformations,
labor productivity,
индустриальная революция,
цифровая экономика,
киберфизическая система,
блокчейн,
индустрия 4.0,
преобразования,
производительность труда
Автор туралы
У. Е. Мамбетов
Қазақ-Орыс Халықаралық университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Маркс К. Саяси экономикаға сын. - К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығарм. 13 т. 6-7 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. 2018 ж.
3. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері. - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 10 қаңтар 2017 ж.
4. Веблен Т. Теория праздного класса. - Москва: Изд. «Прогресс», 1999. - С. 216.
5. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу. - Алматы: Жалын, 1991. - 256 б.
Дәйектеу үшін:
Мамбетов У.Е.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары және мүмкін болатын мәселелері туралы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(1):36-40.
For citation:
Mambetov U.Ye.
Prinviple trends of social-economic development and alternative problems in conditions of fourth inducstrial revolution. Bulletin of "Turan" University. 2019;(1):36-40.
(In Russ.)
Қараулар: 211