Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Кәсіпорындарға экологиялық менеджмент жүйесін енгізу экологиялық қауiпсiздiк кепілі ретінде

Толық мәтін:

Аңдатпа

Экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, әлеуметтік жауапкершiлiктi, әдiстердi, рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды. Мақалада экологиялық менеджмент түсінігі, экологиялық менеджменттің жүйелері және оның мақсаттары келтірілген. Экологиялық менеджмент жүйесінде қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларына да көңіл бөлінген. Экологиялық менеджмент жүйесінің мақсаттары мен міндеттері мақаланың негізгі мазмұнын ашып көрсетеді. Экологиялық менеджмент жүйесінің енгізуден кәсіпорындар үшін артықшылықтар анықталған. Бүкіл дүниежүзіндегі кәсiпорындарда экологиялық тәуекелдер мен мүмкiндiктердi жүйелi түрде және тиiмдi басқару үшiн экологиялық менеджмент жүйелерiн енгізу тәсілдері келтірілген. Экологиялық мониторинг жүргізу өте маңызды болып табылады. Экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан, тәуелсіз аудиторлық компаниялар арқылы тексеріс жүргізу. Мақалада оның маңызды жақтары, экологиялық саясат негіздері, оның ішінде кəсіпорынның өнімдері мен қызметтерінің қоршаған ортаға әсерінің сипаты мен шкаласы қарастырылды. Өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында компанияның жыл сайынғы қоршаған ортаны қорғау шаралары, ресурс үнемдейтін технологиялары мен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін процестері анықталды. Сондықтан, мақалада экологиялық менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі нәтижесінде кәсіпорынның экологиялық ортасына жағымды әсер ететін факторлар талданды және бағаланады.

Авторлар туралы

А. Ж. Койтанова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан


А. Ж. Жолмуханова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. ҚР-ның Экологиялық кодексі. ҚР-ның Заңы № 212. 9 қаңтар 2007 ж.: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K070000212.

2. Воробьев А.Е. Основы природопользования: экологические, экономические и правовые аспекты: учеб. пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2015. - 542 с.

3. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан (Общая часть). - Алматы, 2011.

4. Экология Казахстана, ее состояние и проблемы. 1998-2001: библиографический указатель / сост. Б.П. Аманкулова. - Алматы, 2005. - 132 с.: http://nblib.library.kz.

5. Глушкова В.Г., Макар С.В. Экономика природопользования: учебник для вузов. - М.: Финансы и статистика, 2011. - 588 с.

6. Бельдеева Л.Н. Экологический мониторинг: учеб. пособие / АлтГТУ им. И.И. Ползунова. - Барнаул: Изд-во АлтГТУ, 2016. - 122 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Койтанова А.Ж., Жолмуханова А.Ж. Кәсіпорындарға экологиялық менеджмент жүйесін енгізу экологиялық қауiпсiздiк кепілі ретінде. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(1):63-68.

For citation:


Koitanova A.Zh., Zholmukhanova A.Zh. Implementation of the environmental management system at the enterprise guarantees environmental safety. Bulletin of "Turan" University. 2019;(1):63-68. (In Russ.)

Қараулар: 724


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)