Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты тұрақты даму тұжырымдамасы аясында

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада дүниежүзілік экономиканың тұрақты дамуының жаһандық тұжырымдамасын ескере отырып, Қазақстанның аймақтық экономикалық саясатының қалыптасу қажеттілігі қарастырылған. Осыған байланысты еліміздің аумақтық дамуына тәуелсіздік жылдарындағы негізгі бағдарламалық құжаттардың мазмұны мен олардың оң және қарама-қайшы аспектілері қарастырылған. Агломерацияның қалыптасуы мен дамуы, кейбір сарапшылардың айтуынша, оң және теріс салдарға ие. Көптеген авторлар назарын тек оң аспектілерге аударады. Оларға жақын аймақтардың, қалалардың, муниципалитеттердің экономикалық және еңбек әлеуетінің шоғырлануы агломерация алдында тұрған міндеттерді жедел шешуді қамтамасыз етеді, халықтың және капиталдың көші-қонын жеңілдетеді, интеграцияланған экономиканың жоғары деңгейін қалыптастыруға және қоғамдық өмірдің барлық салаларын интеграциялауға ықпал етеді. Бұл халықтың тұрмыс деңгейін теңестіруге әкеледі және агломерациялық жағымды әсерді қалыптастырады. Алайда, мұнда да экологиялық фактор есепке алынбайды, дегенмен, зерттеулер экологиялық ортада болған өзгерістер экономиканың бірқатар маңызды секторларына, әсіресе ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін көрсетеді және Үкімет көп ұзамай агро-саясатты қайта қарау қажеттілігіне тап болады.

Авторлар туралы

И. А. Бибатырова
Халықаралық бизнес университеті
Қазақстан


М. А. Каликов
Халықаралық бизнес университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Қазақстанның 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты даму тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U060000216_.

2. Беркутова Е. Основные контуры региональной политики Республики Казахстан: стратегическое планирование, власть и экономика. - Астана; Алматы: Институт мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента Республики Казахстан, 2015. - 56 с.

3. Текенов У.А. Агломерации Казахстана: проблемы формирования и перспективы развития // Вестник КазЭУ. - 2015. - 113 с.

4. http://group-global.org//ru/publication/15077-osnovnye-napravlenya-regionalnoy-politiki-rk-na-sovremennom-etape-razvitya.

5. https://yvision.kz/post/27066.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бибатырова И.А., Каликов М.А. Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты тұрақты даму тұжырымдамасы аясында. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(1):138-142.

For citation:


Bibatyrova I.A., Kalikov M.A. Regional economic policy of Kazakhstan in the light of the concept of sustainable development. Bulletin of "Turan" University. 2019;(1):138-142. (In Russ.)

Қараулар: 382


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)