Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Орталық Азия елдерінің өңірлік экономикалық ынтымақтастық перспективалары

Толық мәтін:

Аңдатпа

Халықаралық қатынастар жүйесі мен төлем баланстарының өзгеруінің нәтижесінде қазіргі заман тұрақсыздығымен сипатталады. Кеңес одағының ыдырауынан кейін Орталық Азия елдері көптеген сыртқы күштердің назарында қалды. Аймақ ретінде өңірлік және жаһандық саяси мүдделердің тоғылысында болды. Жаһандық экономика үшін Орталық Азия бәрінен бұрын шикізат көзі ретінде қызықтырды. Мұнай, газ, көмір және металлдар қазіргі кезде ең көп экспортталатын тауар болып табылады, өз кезегінде ауылшаруашылық өнімдері соңғы жылдары қарқынды өсу үстінде. Ширек ғасырлық тәуелсіздік ғұмырында Орталық Азия елдері әртүрлі жолдармен және траекториялармен дамыды. Бірі үлкен экономикалық импульс жасап жатса, келесі бірі бәсеңдеп әрі дағдарыстарға ұшырап жатты. Дегенмен, әрқашан Орталық Азия елдері экономика мен дамуда ортақ басымдықтары болды. Өйткені осы мемлекеттерді тек көршілес орналасу ғана емес, мәдени және рухани, тіпті кей жағдайларды экономикалық-саяси мәселелер де тығыз байланыстырады. Мақала Орталық Азия мемлекеттерінің біртұтас әрі жекелеген экономикалық дамуы мен тенденцияларына арналады. Автор ЖІӨ даму қарқыны мен құрылымында нақты талдаулар жасаған. Сонымен қатар, аталмыш елдердегі инвестициялық тартымдылық пен инвестициялық климатты да талдай кетеді. Бұл осы мемлекеттер мен аймақтың бүгінгі экономикалық даму жағдайын көрсетеді.

Автор туралы

А. . Хойч
Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. ADB. 2016. Technical assistance for enhancing coordination of the Central Asia regional economic cooperation program. Manila.

2. ADB. 2016. operational plan for regional cooperation and integration, 2016-2020: Promoting Connectivity.

3. Competitiveness, regional public goods, and collective action for Asia and the Pacific. Manila.

4. The TA first appeared in the business opportunities section of ADB’s website on 11 April 2018.

5. ADB. 2017. CAREC 2030: Connecting the region for shared and sustainable development. Manila.

6. Asian economic integration monitor - July 2012: http://www.adb.org/publications/asian-economic-integration-monitor-july-2012.

7. ESCAP (2014). Economic diversification in Asian landlocked developing countries: prospects and challenges: http://www.unescap.org/resources/economic-diversification-asian-landlocked-developing-countries-prospects-and-challenges.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Хойч А. Орталық Азия елдерінің өңірлік экономикалық ынтымақтастық перспективалары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):9-14.

For citation:


Khoich A. Perspectives of regional economic cooperation in Central Asian countries. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):9-14. (In Russ.)

Қараулар: 269


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)