Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жағдайын талдауға арналған. Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің деректерін пайдалану негізінде елдің бәсекеге қабілеттілігінің жай-күйі талданды. Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы, елдегі инфляция динамикасы, Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері қарастырылды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің даму серпініне талдау жүргізілді. Жыл соңына инфляция деңгейі белгіленіп, бұл инфляция деңгейінің жыл бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мақсатты дәлізінің шекарасында болғанын растайды. Энергетика және жеміс-көкөніс нарығындағы қысқа мерзімді соққы оқиғаларының әсерінен қалыптасқан инфляциялық күтулер анықталды. Қазақстандық экспорттың бағалық индексінің көрсеткіштері, импорт бағасының индексі және шағын және орта бизнестің өндіріс көрсеткіштеріне талдау жасалды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғаларының, шаруа немесе фермерлік шаруашылықтардың, орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлес салмағы анықталды. Қорытындыда Қазақстан экономикасы шикізат бағасына өте тәуелді болып қалатыны, ал шикізат нарығы өзгермелі және болжанбаған болып табылатыны туралы қорытынды жасалды. Бұл тәуелділікті төмендету макроэкономикалық саясаттың консервативтілігін талап ететіндігі туралы қорытынды жасалды, яғни мұнай бағасының болжамына неғұрлым аз тәуелді болуын және сыртқы әсерлерді оңтайлы қабылдауды, соның ішінде мұнай бағасына және АҚШ долларына қатысты икемді болу қажеттілігі атап айтылды.

Авторлар туралы

Г. К. Лухманова
Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова
Қазақстан


Е. И. Ладаненко
Костанайский государственный университет им. А. Байтурсынова
Қазақстан


А. Е. Беделбаева
Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Беленов О.Н., Анучин А.А. Конкурентоспособность стран и регионов. - М.: КноРус, 2018. - 144 c.

2. Yir-Hueih Luh, Wun-Ji Jiang, Szu-Chi Huang. Trade-related spillovers and industrial competitiveness: Exploring the linkages for OECD countries. Economic Modelling. Р. 309-325, 2016.

3. The Global Competitiveness Repost 2016-2017. [Электронный ресурс]. - URL: http://www3.weforum.ord/docs/GCR 2016-2017/05 FullReport/The Global Competitiveness Repost 2016-2017 FINAL. рdf. (Дата обращения: 01.12.2017).

4. Сайт Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан. [Электронный ресурс]. URL: http://stat.gov.kz/.

5. The Global Competitiveness Repost 2012-2013. [Электронный ресурс]. - URL: http:// www. Competitiveukraine.orq/upload/r (Дата обращения: 25.11.2017).

6. Фидельман Г., Дедиков С., Адлер Ю. Альтернативный менеджмент. Путь к глобальной конкурентоспособности. - М.: Альпина Паблишер, 2016. - 192 c.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Лухманова Г.К., Ладаненко Е.И., Беделбаева А.Е. Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):15-20.

For citation:


Lukhmanova G.K., Ladanenko Ye.I., Bedelbayeva A.Ye. The current state of competitiveness of economy of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):15-20. (In Russ.)

Қараулар: 359


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)