Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы өндірісіндегі күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі - инновацияны енгізу жағдайы және инновациялық даму ерекшеліктері қарастырылған. Агроөнеркәсіп кешені салаларындағы инновациялық жете зерттеулер мен капитал салымдарын салуды төмен табыстылық, жеке айналым қорларының үнемі жетіспеушілігі, сонымен қатар, кепілдікке қоятын мүліктерінің өтімділік деңгейінің болмауы тежеп отырғандығы анықталды. Статистикалық деректерге сүйеніп, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділік деңгейіне талдау жасалған. Экономикалық әдебиеттерге зерттеу жүргізу нәтижесінде, «инновациялық белсенділік» ұғымына авторлық анықтама берілген, «инновациялық белсенділік» түсінігі тар және кең мағынада қарастырылған. Инновациялық белсенділікке әсер ететін сандық және сапалық факторлар, сонымен қатар қолайлы және қолайсыз факторлар анықталған. Сандық факторларды талдау кезінде мақсатты параметрлерге факторлардың әсерін бағалау үшін статистикалық әдістерді қолдану қажеттілігі атап өтілді. Ауылшаруашылық өндірісінің инновациялық белсенділігін қалыптастыратын негізгі факторлардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жүргізілген. Қазақстан Республикасының көптеген ауылшаруашылық кәсіпорындарында әлеуметтік-экономикалық саясатында инновациялық құраушылары бойынша негізгі тенденциялар анықталған. Агроөнеркәсіптік кешені өндіргіштігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретіндегі ауыл шаруашылығы ғылымының одан әрі дамуын тежейтін жүйелі сипаттағы негізгі проблемалардың қатарында қаржыландырудың жеткіліксіздігі, жоғары білікті жас мамандардың, ғылыми қызметкерлердің, көмекші және техникалық персоналдың тапшылығы, инфрақұрылымның моральдық және физикалық тозуы, ғылыми зерттеулерді енгізу және бизнес субъектілерімен өзара әрекеттесу құралдарының дамымауы, отандық аграрлық ғылымның әлемдік ғылыми жүйеге ықпалдасуының жеткіліксіз деңгейі атап көрсетілген.

Авторлар туралы

М. Б. Сейсекенова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазақстан


Г. Т. Сейтова
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан


Г. К. Жанибекова
Каспий университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Сəбден О. Инновациялық экономика: монография. - Алматы: ҚР БҒМ ҒК ЭИ, 2011. - 38-39 б.

2. Казахстан в цифрах: стат. сборник. - Астана: Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан, 2017. - 19 с.

3. Лухманова Г.К. Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық әрекеттер дамуының негізгі бағыттары мен мемлекеттік қолдаудың шаралары // Ізденiс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2013. - № 1(2). - С. 126-131.

4. Официальный сайт АО «Национальный управляющий холдинг «КазАгро». [Электронный ресурс]. - URL: http://kazagro.kz (дата обращения: 06.2017).

5. Lukhmanova G.K., Syzdykbaeva N.B., Nurgalieva K.O. The features of financial support of the innovative development in Almaty region // Bulletin of the Karaganda university. - 2016. - № 2(82). - P. 111-117.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сейсекенова М.Б., Сейтова Г.Т., Жанибекова Г.К. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):74-77.

For citation:


Seisekenova M.B., Seitova G.T., Zhanibekova G.K. Features of innovative development of agro-industrial complex. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):74-77. (In Russ.)

Қараулар: 318


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)