Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қаржы технологияларын дамытудың әлемдік трендтері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстанда инновациялық қаржы технологияларын пайдалану «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде басым бағыт ретінде қарастырылады. ҚаржыТех жобаларына қаржыларды тарту және жайғастыру, аударым және конверсиялық операциялар, төлем жүйелері саласындағы тартымдылық деңгейі күннен күнге өсуде. Бизнес-қауымдастық сандық ақшаға, баламалы төлем жүйелері мен сервистерді белсенді түрде қаржы салады, ICO-ны қаржыландыруға тарту ретінде қарастырады, негізінен жаңа сауда терминалдары мен платформаларын құру бойынша стартаптар көбейіп келеді. ҚаржыТех қаржы нарығының барлық салаларына терең енуде. Әлемнің барлық қаржы институттары шығындарды азайту, тиімділікті арттыру, тәуекелдерді азайту және қауіпсіздікті жақсарту үшін жаңа сандық технологиялардың артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігін іздейді. P2B сервистері, краудфандинг платформалары, виртуалды ақша жүйелері, баламалы төлем жүйелері мен сервистер сияқты жаңа қаржы технологиялары жеке тұлғалар үшін де, бизнес үшін де өздері тартымды деп санайтын жобаларға өз қаражатын салу, олар үшін барынша тартымды болып табылатын табыстылық деңгейін таңдау, өздері мүмкіндік бере алатын тәуекел деңгейін таңдау мүмкіндіктерінің кең спектрін ұсынады. Бұл ретте тұтынушы жобаны дамыту үшін қолайлы қорландыру ставкасын уағдаласуы, кепілдік қамтамасыз етуді ұсынбауы, ең аз есептілікпен және құжаттамамен айналысуы мүмкін. Жаһандық нарықтың негізгі инновациялық қаржы технологияларына жүргізілген талдау негізінде алдағы 5-7 жылда талап етілетін ҚаржыТех дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бөлінді. Бұл ретте ҚаржыТех трендтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері объективті түрде көрсетілген.

Авторлар туралы

Г. С. Маргацкая
Университет «Туран»
Қазақстан


Р. В. Маргацкий
Университет «Туран»
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Кинг Бретт. Банк 3,0. Почему сегодня банк - это не то, куда вы ходите, а то, что вы делаете. - М.: Олимп-Бизнес, 2017: https://www.labirint.ru/books/506524/.

2. В 2017 году финансирование проектов ФинТеха превысило $31 млрд: https://prodengi.kz/lenta/v-2017-godu-finansirovanie-proektov-finteha-prevysilo-31-mlrd/.

3. Пять принципов Милтона Эриксона: http://samorealisazia.ru/5-printsipov-preobrazovaniya-zhizni-po-miltonu-eriksonu/.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Маргацкая Г.С., Маргацкий Р.В. Қаржы технологияларын дамытудың әлемдік трендтері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):129-132.

For citation:


Margatskaya G.S., Margatskiy R.V. Global trends in the financial technologies development. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):129-132. (In Russ.)

Қараулар: 367


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)