Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ИСЛАМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Нарықтық экономикадағы шаруашылық қатынастардың көпшілігі кредитпен, кредиттік қатынастармен тығыз байланысты. Себебі шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаттары тапшы, бұл өз кезегінде коммерциялық банк кредиттеріне деген тәуелділікке әкеледі. Мақалада алдымен қазіргі кредит жүйесіне, оның пайызына қатысты мәселелер қозғалады, әсіресе бүгінгі коммерциялық банктердің негізгі мақсаты мен түпкілікті экономикалық мүддесі және кредиттерінің алыпсатарлық мән-мазмұны, кредитті пайдаланғаны үшін алатын пайыз ерекшеліктері, кредиттің өсімқорлық сипатымен қатар қанау құралы екендігі ашылады. Кредиттің пайыз мөлшерлемесінің жоғарылығы әрі оны тиімсіз пайдалану салдары әлемдік қаржылық дағдарысқа дейін алып келетіндігі сипатталады. Келесі кезекте бүгінгі коммерциялық банк қызметі мен кредиттік қатынастары исламдық қаржыландыру құралдарының ерекшеліктерімен салыстырылады. Негізгі назар ислам банктері мен қаржыландыру құралдарының ерекшеліктеріне, жалпы ислам экономикасын басқа экономикалық жүйелерден айқын ажырататын айырмашылық белгілеріне, яғни пайызсыз экономикалық жүйе екендігіне көңіл аударылады. Сонымен қатар, бұл экономикалық жүйенің қазіргі уақытта «әділетті» деген атауға ие болып отырғандығы қарастырылады. Өйткені ислам экономикасындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік ойлардың түп тамыры Құран хадистерімен байланыстырылады. Ислам экономикасының болмысы шариғат қағидаларына сәйкес болғандықтан әлеуметтік, әділеттілік сияқты адамгершілік құндылықтарды басты назарда ұстайды. Керісінше ислам жүйесінде пайызға қарыз алу, құмар ойындарға, алаяқтыққа, мәжбүрлеу мен зорлауға, ең қажет тауарларға жоғары баға қоюға, бағаны одан әрі көтеру мақсатында қажет қорларды әдейі ұстауға, жалған сұраныстар жолымен бағаны көтеруге, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Мақалаға ислам экономикасының осы құндылықтары арқау болған.

Автор туралы

Ғ. . Мүсіров
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Алиев У.Ж., Мусиров Г. Соотношение категории «кредит» и «несие» («ссуда») в контексте исламских ценностей // Христианство и ислам об экономике / под ред. М.А. Румянцева, Д.Е. Раскова. - СПб.: Изд. НПК «РОСТ», 2008. - С. 382-388.

2. Беккин Р.И. Исламская экономическая модель и современность. - М.: ИД Марджани, 2009. - С. 14.

3. Құран Карим. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған: Халифа Алтай. Шәриф Басым Комбинаты. Медине Мұнаууара Сауд Арабиясы, 1991.

4. Siddiqi M.N. History of Islamic economics thought // Ausaf Ahmad, Awan K.R. Lecturers on Islamic Economics. - Jeddah, 1992. - Р. 69.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мүсіров Ғ. ИСЛАМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):133-137.

For citation:


Musirov G. Values of Islamic economy. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):133-137. (In Russ.)

Қараулар: 386


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)