Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

АӨК саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бағалаудың әдістемелік жолдары

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі зерттелген, онда субъекттер (мемлекеттік және бизнес) әріптестіктің түрлі нысандары, әдістері (болжау, стратегиялық жоспарлау, бағдарламалау, квота бөлу, инвестициялау, несиелеу, сақтандыру, тарифтік және кедендік реттеу) мен құралдарын (бағалар, салықтар, банктік пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамы) пайдалана отырып, ауыл шаруашылық саласын дамытады және ұлттық шаруашылықтың тұтастай дамуына мультипликативтік әсерін тигізеді, сонымен қатар бәсекеге қабілетті өнімнің өсуіне және оның ұлттық және әлемдік нарыққа шығарылуына ықпал етеді. Бұл жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылықта МЖӘ тетігін пайдалану үшін оның әдістемесі мен ұйымдастырушылық тәсілдерін әзірлеу болып табылады. Мақала алдына қойылған міндеттер: МЖӘ дамуын тежейтін негізгі себептерін зерттеу, Қазақстан ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданыстағы және дамушы нысандары мен үлгілерін анықтау, аграрлық саладағы МЖӘ нысанының тиімділігін бағалау әдістерін ұсыну. Мақаланың мақсаты мен міндеттерін іске асыру үшін ауыл шаруашылық саласында МЖӘ дамуын тежейтін мәселелер анықталған, осы саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданыстағы және дамушы жаңа нысандары мен үлгілері зерттелген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қатысушылардың мүдделерін экономикалық негіздемелеу және үйлестіру әдістемесі ұсынылып, жүзеге асырылып жатқан МЖӘ жобасының тиімділігін есептеу әдістері берілген.

Автор туралы

Э. З. Зиядинова
Международный казахско-турецкий университет им. Х.А. Яссауи
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Голубков М.А. Государственно-частное партнерство в области развития сельского хозяйства // Российский внешний экономический вестник. - 2016. - № 9. - С. 32-33.

2. Методические рекомендации по оценке эффективности инвестиционных проектов (бюджетная эффективность). - М., 2012. - С. 32.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Зиядинова Э.З. АӨК саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бағалаудың әдістемелік жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):221-226.

For citation:


Ziyadinova E.Z. Methodical approaches to project estimation of state-private partnership in the agro-industrial complex. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):221-226. (In Russ.)

Қараулар: 369


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)