Қазақстан Республикасының экономикалық бәсекеге қабілеттілігіне білім беру жүйесінің әсерін бағалау
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық бәсекеге қабілеттілігіне білім беру жүйесінің әсері бағаланған. Бүгінгі таңда қаралып отырған мәселе өте өзекті болып табылады, өйткені қазіргі уақытта әлемдік экономикада жаһандануға, дамудың әркелкілігіне, бір полярлы және көпполярлы әлемнің қалыптасу үрдістері арасындағы күресті күшейтуге, елдер, өңірлер мен фирмалар арасындағы бәсекелестік күрестің шиеленісуіне байланысты сапалы өзгерістер орын алуда. Қазіргі таңда, әлемдік ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық даму адам факторының экономика мен қоғамдағы рөлінің түбегейлі өзгеруімен сипатталады. Елдің болашағын айқындайтын экономикалық өсудің басты факторы адам капиталы болып табылады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей білім беру жүйесіне жұмсалатын қаражат елдің экономикасына, қоғамға және экономикалық өсуге айтарлықтай әсер етеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мынадай тұжырым жасады: егер, белгілі бір мемлекеттің халықтың орташа оқу уақытын бір жылға ұзартса, онда елдің ЖІӨ-і 3-6%-ға өседі. Білімге бөлінетін қаржының 1%-ға көбеюі мемлекеттің ЖІӨ-і 0,35%-ға ұлғаюына әкеледі. Мақалада бағалау ДЭФ бойынша 2018 ж. әлем елдерінің білім деңгейі, жұмсалатын шығындарына жасалған рейтинг мәліметтеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің статистикалық жинағында берілген көрсеткіштерге сүйене отырып жүргізілген. Бағалау нәтижесіне сәйкес, бәсекеге қабілетті білімі бар мамандарға ие болу үшін және елдің экономикасын нығайту мақсатында оларға көбірек шығын жұмсау қажеттілігі айқындалды.
Тірек сөздер
экономика,
білім,
жүйе,
бәсекеге қабілеттілік,
бағалау,
әсер ету,
адами капитал,
экономика,
образование,
система,
конкурентоспособность,
оценка,
воздействие,
человеческий капитал,
economics,
education,
system,
competitiveness,
assessment,
impact,
human capital
Әдебиет тізімі
1. ҚР Президентінің ресми сайты: http://www.akorda.kz. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның мейлінше дамыған әлем мемлекеттерінің 30-дығына кіруі» атты Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында жасаған баяндамасы. - Астана, 2012.
2. http://gtmarket.ru: ақпаратты-аналитикалық порталы.
3. ДЭФ бойынша 2018 жылғы Әлем елдерінің білім деңгейі бойынша рейтингі, 2018.
4. ДЭФ бойынша 2018 жылғы Әлем елдерінің білім беруге жұмсалатын шығындары бойынша рейтингі, 2018.
5. Maddison A. Dynamic forces in capitalist development. - Oxford: Oxford University Press, 1991. - Р. 37-43.
6. Акценты в сфере образования // Казахстанская правда. - 2014. - № 67(27688). - 8 апреля.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің статистикалық жинағы. 2018 ж.
Дәйектеу үшін:
Баймбетова А.Б.,
Есмагулова Н.Д.,
Бейтенова Л.М.,
Бержанова А.М.
Қазақстан Республикасының экономикалық бәсекеге қабілеттілігіне білім беру жүйесінің әсерін бағалау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):271-276.
For citation:
Baimbetova A.B.,
Yesmagulova N.D.,
Baitenova L.M.,
Berzhanova A.M.
The assessment of the impact of the education system on the economic competitiveness of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):271-276.
(In Russ.)
Қараулар:
353