Ауыл шаруашылық өндірістің экономикалық тиімділігін бағалаудың теориялық негіздері
Аңдатпа
Мақалада шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігі мәселелері зерделенді, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі ұғымы және түрлері бойынша оны жіктеудің әртүрлі авторлық принциптері қарастырылды, ресурстарға ең аз шығынмен қосымша өндіріс мүмкіндігі ретінде экономикалық тиімділікті негіздейтін «тиімділік» категориясы туралы әртүрлі көзқарасты ғалымдар мен тәжірибеші-мамандардың ой-пікірлері айтылған. Өндірістік-технологиялық тиімділік, өндірістік-экономикалық тиімділік, әлеуметтік-экономикалық тиімділік, ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық-экономикалық тиімділігі сияқты тиімділік түрлері бойынша мысалдар келтірілген. Шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысандарына қолданылатын өндіріс тиімділігінің көрсеткіштеріне жіктеу ұсынылған. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының өндірістік қызметінің тиімділік деңгейіне әсер ететін немесе белгілі бір әсер етуге қабілетті барлық факторлар техникалық-технологиялық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, табиғи факторлар топтарына біріктірілген. Сондай-ақ, шаруашылық жүргізудің әрбір түріне (жұртшылық шаруашылықтары, шаруа (фермерлік) қожалықтар), оның тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер тән болуы мүмкін деген негіздеме берілген. Көрсеткіштерге табиғи немесе құндық түрлері жатқыздырылған. Аталған көрсеткіштер түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметін бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін екендігі атап өтілген. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының өндірістік қызметінің тиімділігіне әсер ететін факторлар және шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысандарына қатысты өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің сыныптамасы сызба түрінде көрнекі түрде көрсетілген. Ауыл шаруашылығы ұйымдары тиімділігінің өсуін тұрақтандыруға бағытталған ұйымдастыру тетігін жетілдірудің негізгі бағыттары көрсетілген.
Кілт сөздер
ауыл шаруашылығы,
агроөндіріс,
тиімділік түрлері,
шаруашылық нысандары,
қызметті бағалау,
факторлар,
көрсеткіштер,
сельское хозяйство,
агропроизводство,
виды эффективности,
формы хозяйствования,
оценка деятельности,
факторы,
показатели,
agriculture,
agroproduction,
types of efficiency,
organizational forms,
assessment of performance,
factors,
indicators
Әдебиет тізімі
1. Гусаков В.Г. Предложения по интенсификации и повышению эффективности основных товарных отраслей растениеводства. - Минск: Институт экономики НАН Беларуси, 2007. - 36 с.
2. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятий АПК: учебник. - Минск: Новое знание, 2005. - 160 с.
3. Минаков И.А. Экономика сельского хозяйства. - М.: Колос, 2005. - 400 с.
4. Экономика сельского хозяйства: учебник / Г.А. Петранёва, Н.Я. Коваленко, А.Н. Романов, О.А. Моисеева / под ред. проф. Г.А. Петранёвой. - М.: Альфа-М: ИНФРА-М, 2012. - 288 с. (ПРОФИЛЬ).
5. Нечаев В. Оценка экономической эффективности / В. Нечаев, Н. Сейфетдинова, С. Фетисов // Экономика сельского хозяйства России. - 2009. - № 10. - С. 46-54.
6. Гатаулин А.М. О системном подходе к оценке экономической эффективности в АПК // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. - 2006. - № 8. - С. 8-11.
7. Экономика сельского хозяйства: учебник / Н.Я. Коваленко, Ю.И. Агибров, Н.А. Серова и др. - М.: ЮРКНИГА, 2004. - 384 с.
Дәйектеу үшін:
Шінет Г.Ғ.,
Бугубаева Р.О.,
Беспаева Р.С.,
Абдикаримова А.Т.
Ауыл шаруашылық өндірістің экономикалық тиімділігін бағалаудың теориялық негіздері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):106-112.
For citation:
Shinet G.G.,
Bugubayeva R.O.,
Bespayeva R.S.,
Abdikarimova A.T.
Theoretical frameworks for the assessment of economic efficiency of agricultural production. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):106-112.
(In Russ.)
Қараулар: 473