Қазақстан экономикасының аграрлық саласындағы жұмысбастылық жағдайы
Аңдатпа
Мақала біздің мемлекетіміздің аграрлық саласындағы өте өзекті жұмысбастылық тақырыбына арналған. Республикадағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелерін шешуге арналған мемлекеттің атқарып жатқан шаралары қарастырылған. Экономиканың аграрлық саласының даму нәтижелері келтірілген. Негізгі сипаттамалары бойынша ауыл еңбек нарығының қамтылғанына терең талдау жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылығының кадрлық ресурстармен қамтамасыз етілуі сапа және мөлшері бойынша қанағаттандырылмайтыны анықталды. Жүргізілген талдау негізінде жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан едәуір артып тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындардың орта және басшы басқару буынында маман жетіспеушілігі негізделді. Жас мамандардың ауылдан кетуіне әсер етуші негізгі себептер анықталды. Ауылда жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бойынша ұсыныстар берілген. Зерттеу негізінде ауыл еңбек нарығында қалыптасқан негізгі себептер қысқа және ұзақ мерзімге арналған ауыл шаруашылығына қажетті кәсіби мамандарға ғылыми негізделген қажеттілік болжамының болмауына байланысты екені анықталды. Жоғарғы және орта кәсіптік білім мекемелері түлектерін жұмысқа орналастыруға мемлекет пен жұмыс берушілер көп көңіл бөлуі тиіс. Сапалы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша жоғарыда аталған шаралар экономиканың аграрлық саласында бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
Кілт сөздер
рынок труда,
безработица,
кадры,
занятость,
сельское хозяйство,
рабочая сила,
регион,
материальная заинтересованность,
производительность труда,
еңбек нарығы,
жұмыссыздық,
кадрлар,
жұмысбастылық,
ауыл шаруашылығы,
жұмыс күші,
аймақ,
нарықтық экономика,
материалдық қызығушылық,
еңбек өнімділігі,
labour market,
unemployment,
personnel,
employment,
agriculture,
labour force,
region,
material interest,
labour productivity
Әдебиет тізімі
1. Государственная программа развития агропромышленного комплекта Республики Казахстан на 2017-2021 годы: утв. Указом Президента Республики Казахстан 14.02.2017 г.: https://16news.kz/.
2. Итоги аграрного года: рост урожайности и повышение производства сельхозкультур: http://be5.biz/.
3. Таипов Т.А. Целевая подготовка кадров как фактор снижения рисков в агропромышленном производстве // Вестник КазЭУ. - 2011. - № 1(68): https://docplayer.ru.
4. Занятость в Казахстане. 2014-2018: статистический сборник. - Нур-Султан, 2019. - 247 с.: https://aqparat.info.
Дәйектеу үшін:
Камысбаев М.К.,
Омарбакиев Л.А.,
Низамдинова А.К.
Қазақстан экономикасының аграрлық саласындағы жұмысбастылық жағдайы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):118-123.
For citation:
Kamysbayev M.K.,
Omarbakiyev L.A.,
Nizamdinova A.K.
The state of employment in agricultural sector of Kazakhstan economy. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):118-123.
(In Russ.)
Қараулар: 298