Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Бизнесті бағалаудың теориясы мен әдістемесі

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада бизнесті бағалаудың теориялық және әдістемелік ерекшеліктері қарастырылған. Теориялық ұғымдарды ашу бизнесті бағалаудың мақсаты, міндеттері және негізгі себептері сияқты базалық санаттар негізінде жүргізіледі. Бағаланатын объектінің құны туралы түсінікке елеулі көңіл бөлінеді. Бұл ретте, нарықтық құнмен қатар бағалау қызметінде объектінің басқа да түрлері қолданылуы мүмкін, оларды таңдау және қолдану бағалау жүргізудің нақты шарттарына байланысты. Белгілі бір қызығушылық бағалау қызметі­нің принциптік негіздерін ашу болып табылады. Кластерлік тәсіл негізінде негізгі сыныптамалық топтарды бөле отырып, объектілерді бағалау принциптері қарастырылды. Бизнесті бағалау үшін бизнес-ортаға талдама­лық зерттеулер жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты мақалада бизнестің макроқұрылымдарын, оның іскерлік ортасын, сондай-ақ бағаланатын бизнестің ішкі ортасын зерттеу қажеттілігі байқалады. Бизнесті бағалаудың теориялық ережелерін эмпирикалық қолдану бағалау қызметінің заңнамалық негіздерінің призмасы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Мақаланың негізгі бөлігі бизнесті бағалаудың әдістемелік ерекшеліктеріне арналған. Бизнесті бағалаудың негізгі үш түрі қарастырылды, оларды қолдану бағаланатын объектінің құнын анықтаудың жеке әдістерін талап етеді. Практикалық бағалау қызметінің тиімділігін арттыру үшін бизнесті бағалаудың теориясы мен әдістемесінің ерекшеліктерін білу ғана емес, сонымен қатар оларды дұрыс пайдалану керек, сондықтан бизнесті бағалаудың қолданыстағы ережелері мен стандарттарын терең зерделеу және дұрыс қолдану қажет.

Авторлар туралы

Т. Н. Иванюк
Университет «Туран»
Қазақстан


В. А. Арышев
Университет «Туран»
Қазақстан


А. Е. Жексембина
Университет «Туран»
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Закон Республики Казахстан «Об оценочной деятельности» № 133-VI: принят 10.01.2018 г. - Алматы: ЮРИСТ, 2019.

2. Бирмагамбетов Т.Б. Финансовые аспекты оценки стоимости компании: практическое пособие. - Алматы: ИП «Балауса», 2017.

3. Фрэнк Ч. Эванс, Дэвид М. Бишоп. Оценка компаний при слияниях и поглощениях. - М.: Альпина Паблишер, 2019.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Иванюк Т.Н., Арышев В.А., Жексембина А.Е. Бизнесті бағалаудың теориясы мен әдістемесі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):129-134.

For citation:


Ivanuk T.N., Aryshev V.A., Zheksembina A.Ye. Theory and methodology of assessing business. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):129-134. (In Russ.)

Қараулар: 504


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)