Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдерін басқару жүйелерін дамыту

Толық мәтін:

Аңдатпа

Банк тәуекелдерін жүйелеудің классикалық тәсілі, банктің қазіргі заманғы бизнес-үдерістеріндегі тәуе­келдердің барлық спектрін көрсетпейді. Тұтастай алғанда, Ұлттық Банктің есептік деректері бойынша банк секторының жалпы көрінісі өте тартымды болып көрінеді. Бірақ терең талдау нақты көрсеткіштердің бұр­маланғанын көрсетеді. Мұның себебін қазіргі қайта қаржыландыру тәжірибесінде, банк клиенттерді жал­дап, проблемалық несиені өтеу туралы жаңа келісім жасасқанда немесе несиені өтеу мерзімін ұзартқанда көреміз. Тәуекелдерді анықтаудың және бағалаудың тетіктері жүйелі түрде жаңартылып отырады. Базель ко­митетінің ұсыныстарын назарға ала отырып, реттеуші тәуекелдерді төмендетуге ықпал ететін және олар­дың мониторингін жетілдіруге мүмкіндік беретін стратегиялар мен процестерді әзірлейді және ұсынады. Қа­зақстанның коммерциялық банктеріндегі қолданыстағы тәуекелдерді басқару жүйелеріне жүргізілген талдау негізінде тәуекел-тәбет стратегиясының негізгі параметрлері бөлінді. Тәуекел-тәбет стратегиясы банктің жал­пы стратегиясын іске асыру барысында банктің қызметі жүзеге асырылып, қабылданатын тәуекелдердің көлемін нақты шектейді, сондай-ақ тәуекелдерді іске асыруға жол бермеу немесе олардың банктің қаржылық жағдайына теріс әсерін азайту мақсатында банк қызметінің тәуекел-профилін қалыптастырады. Әзірленетін тәуекел-тәбет стратегиясы банктің ұйымдық құрылымының барлық деңгейлерінде тәуекел-мәдениетін ен­гізуге бағытталған. Тәуекел-мәдениет банк қызметінің қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестері мен тетіктерін толықтырады және тәуекел-менеджмент жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Авторлар туралы

Г. С. Маргацкая
Университет «Туран»
Қазақстан


И. В. Селезнёва
Университет «Туран»
Қазақстан


Р. В. Маргацкий
Университет «Туран»
Қазақстан


Т. Т. Мухамедьярова-Левина
Университет «Туран»
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Официальный сайт Национального банка РК: www.nationalbank.kz.

2. Управление рисками: https://dic.academic.ru/dic.nsf/business/13134.

3. Правила формирования системы управления рисками и внутреннего контроля для банков второго уровня: https://legalacts.egov.kz.

4. Интернет-издание «Библиотека русских учебников». Категории и классификация рисков: // интернет-издание http://uchebnikionline.com/.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Маргацкая Г.С., Селезнёва И.В., Маргацкий Р.В., Мухамедьярова-Левина Т.Т. Қазақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдерін басқару жүйелерін дамыту. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):140-143.

For citation:


Margatskaya G.S., Selezneva I.V., Margatskyi R.V., Mukhammedyarova-Levina T.T. Risk management systems development of Kazakhstan commercial banks. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):140-143. (In Russ.)

Қараулар: 520


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)