Инвестициялық процесті экономикалық жандандыруды дамытудың стратегиялық және тактикалық шараларын талдау
Аңдатпа
Қазақстан экономикасының дамуы елге тартылған инвестицияларға және олардың ұтымды пайдалануға едәуір дәрежеде байланысты. Шетелдік капитал Қазақстан экономикасын инвестициялаудың маңызды көздерінің бірі болып табылады, өйткені ол экономиканы қайта құрылымдауға, ғылыми-техникалық артта қалуды еңсеруге, инновациялық процестерді кеңейтуге, жаңа нарықтық ұйымдық-экономикалық институттар мен нарықтық инфрақұрылым құруға бастама бере алады. Шетелдік капиталдың ұлттық экономиканы дамытуға қатысуы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының объективті заңдылықтарымен және капиталдың әлемдік экономикалық кеңістікте еркін орын ауыстыруымен байланысты. Қазақстанның инвестициялық саясаты инвестициялық процесті экономикалық жандандыруды дамыту жөніндегі стратегиялық және тактикалық шаралардың экономикалық саясатының маңызды түрі болып табылады. Саясаттың бұл түрі республика өңірлерінің тыныс-тіршілігінің барлық салаларын дамыту үшін материалдық жағдай жасауға бағытталған. Өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты мақсаты ретінде экономиканың орнықты және теңгерімді дамуы негізінде халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды қарастырған жөн. Инвестициялық саясаттың басымдылығын теориялық негіздеу экономикалық өсудің белгілі үлгілерінен келеді. Өсу үлгілерінің көпшілігі шығарылымның нақты көлемінің ұлғаюы, ең алдымен, өндірістің негізгі факторлары - еңбек, физикалық капитал, адами капитал, сондай-ақ технологиялық даму деңгейі өсуінің әсерінен болып отыр.
Кілт сөздер
foreign capital,
investments,
economic activity,
investment funds,
market infrastructure,
regions,
growth models,
technological development,
иностранный капитал,
инвестиции,
экономическая активность,
инвестиционные фонды,
рыночная инфраструктура,
регионы,
модели роста,
технологическое развитие,
шетелдік капитал,
инвестициялар,
экономикалық белсенділік,
инвестициялық қорлар,
нарық қорлары,
өңірлер,
өсу үлгілері,
технологиялық даму
Авторлар туралы
А. А. Изтаева
KazNU name of Al-Farabi
Қазақстан
С. К. Нурымова
Institute of Economics, Committee of Science, Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Назарбаев Н.А. Стратегия «Казахстан-2050» // Казахстанская правда. - 2012. - 15 декабря: http://ranking.kz/.
2. Анализ инвестиций в основной капитал в Республике Казахстан и странах-членах ЕЭП. - Астана: АО «Казахстанский институт развития индустрии», 2013. - 16 с.
3. Официальный сайт АО «Инвестиционный фонд Казахстана»: http://ifk.kz/.
4. Статистический ежегодник Казахстана = Statistical Yearbook of Kazakhstan: статистический сборник / под ред. А.А. Смаилова. - Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике.
5. Aidarova N.B., Dosmuratova E.E. Problems of attracting and use foreign investments in Kazakhstan // Вестник университета «Туран». - 2019. - № 1(81). - С. 17-22.
Дәйектеу үшін:
Изтаева А.А.,
Нурымова С.К.
Инвестициялық процесті экономикалық жандандыруды дамытудың стратегиялық және тактикалық шараларын талдау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):202-206.
For citation:
Iztayeva A.A.,
Nurymova S.K.
Analysis of strategic and tactical measures for development of economic activation of investment process. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):202-206.
(In Russ.)
Қараулар: 188