Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Азық-түлік қауіпсіздігі және макроэкономика: өзара байланысы, талдау және мәселелері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы қазіргі экономикадағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ол әр түрлі елдердің, қоғамдық және саяси күштердің мүдделерін қозғайды және ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік саудасының дамуына, жаһандану үдерістерінің жылдамдығына қарай неғұрлым өзекті болып келеді. Мақалада Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған. Орталық Азияның кейбір елдерімен және экономикасы неғұрлым дамыған елдермен салыстырмалы талдау жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы саласының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалынды, талдау барысында азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемалары анықталды. Елдің макроэкономикалық көрсеткіштері, атап айтқанда ЖІӨ мен азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі арасындағы өзара байланыс белгіленген. Зерттеудің өзектілігі азық-түлік қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы факторларының маңыздылығымен анықталады. Тәжірибе көрсеткендей, азық-түлік қауіпсіздігі мен импорттық тәуелсіздікке қол жеткізудің маңызды құралдарына агроөнеркәсіп кешені саласындағы сыртқы экономикалық қызметтің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі жатады. Мемлекеттің маңызды рөлі, сондай-ақ мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау болып табылады. Бәсекеге қабілеттіліктің ішкі факторлары ресурстық және аумақтық фактордан басқа тиісті көліктік-логистикалық инфрақұрылымды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын кредиттеудің төмен пайыздық ставкаларын, импорттаушы елдерде жеңілдік­ті режимнің болуын, ішкі азық-түлік нарығын тиімді қорғауды, инвестициялар мен салықтық жеңілдіктерді, инновациялық процестерді енгізуді ынталандыруды қамтиды. Осылайша, елдің алдына азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне қол жеткізу бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Авторлар туралы

А. Б. Иркитбаева
Turan University
Қазақстан


Д. И. Закирова
Turan University
Қазақстан


Ж. Қ. Жарылқасын
Turan University
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. World Bank. 1986. Poverty and Hunger: issuesand options for food security in developing countries. Washington DC. [Electronic resource]. URL: http://www-wds.worldbank.org (order date: 15.09.2019).

2. Скрынник Е.Б. Продовольственная безопасность - важная составляющая системы национальной безопасности России // АПК. Экономика, управление. - 2010. - № 1. - С. 3-14.

3. Hunger and food insecurity. FAO official web-site: http://www.fao.org (order date: 15.09.2019).

4. Food security in Central Asia as a social and political challenge, Sebastien Peyrouse // PONARS Eurasia Policy note No 300. September 2013.

5. Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан: http://www.stat.gov.kz (дата обращения: 10.09.2019).

6. Государственный комитет Республики Узбекистан: http://www.agro.uz/ru (дата обращения: 10.09.2019).

7. Национальный статистический комитет Кыргызской Республики: http://www.stat.kg/ru/ (дата обращения: 10.09.2019).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Иркитбаева А.Б., Закирова Д.И., Жарылқасын Ж.Қ. Азық-түлік қауіпсіздігі және макроэкономика: өзара байланысы, талдау және мәселелері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):242-246.

For citation:


Irkitbayeva A.B., Zakirova D.I., Zharylkassyn Zh.K. Food security and the macroeconomy: the relationship, analysis and problem. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):242-246. (In Russ.)

Қараулар: 456


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)