Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Меншікті капиталды аудиттеу мен талдаудың негізгі аспектілері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада ұйымның меншікті капиталының экономикалық мәні, аудит және меншікті капиталды талдау­дың негізгі аспектілері қарастырылған. Баланстың 5 бөлімінде көрсетілген капитал кәсіпорынның шаруашы­лық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мүліктері мен басқа да активтерінің құндық көрінісі болып табыла­ды. Авторлар аудиттің процедуралары мен реттілігін, капиталдың қалыптасуының уақтылығы мен заңдылы­ғын тексеру тәртібін толық қарастырды. Оның шамасының өзгеру тәртібінің сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарында операциялардың дұрыс көрсетілуін тексеру маңызды мәнге ие. Капиталды тексеру кәсіпорынның ішкі қаржы-экономикалық жағдайын бағалайды. Меншікті капитал аудитінің мәні - уақыттың белгілі бір кезеңінде істің нақты жай-күйін, кәсіпорын капиталының шамасын анықтау. Меншікті капитал аудиті про­цесінде жалпы ғылыми әдістер (талдау және жүйелік тәсіл), танымның диалектикалық әдісі және аудитке тән деректі бақылау әдістері ретінде арнайы тәсілдер қолданылды. Меншікті капиталды аудиторлық тексеру баланс деректерін және меншікті капиталды қалыптастыру бөлігінде меншікті капиталдың өзгеруі туралы есепті зерделеуден басталады. Одан кейін аудитор меншікті капиталдың жай-күйін көрсететін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік көрсеткіштері деректерінің дұрыстығы туралы пікір білдіруге тиіс. Капиталды талдау тиісті ақпараттық көрсеткіштерді үздіксіз мақсатты түрде іріктеу процесін қамтамасыз ететін рәсім­дер мен іс-қимылдар жиынтығы болып табылады. Бұл көрсеткіштер ұйымның капиталын қалыптастыру мен пайдаланудың барлық аспектілері бойынша тиімді басқару шешімдерін дайындау және қабылдау үшін қажет. Осылайша, авторлар аудиттің аналитикалық қамтамасыз етілуін және капиталдың талдануын зерттеді, меншікті капиталдың басқару процесінде ақпарат ағындарының рөлін анықтады.

Авторлар туралы

С. К. Барышева
Университет «Туран»
Қазақстан


Н. А. Бозгулова
Университет «Туран»
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Жакипбеков Д.С. Учетная и налоговая учетная политика предприятия: учеб. пособие. - Алматы: Экономика, 2013. - 381 с.

2. Ажибаева З.Н. Аудит: учеб. пособие. - Алматы: Экономика, 2004. - 512 с.

3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: учебник. - 6-е изд., испр. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2018. - 378 с.

4. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: учебник. - Алматы: Экономика, 2009. - 366 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Барышева С.К., Бозгулова Н.А. Меншікті капиталды аудиттеу мен талдаудың негізгі аспектілері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):252-256.

For citation:


Barysheva S.K., Bozgulova N.A. Key aspects of the equity audit and analysis. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):252-256. (In Russ.)

Қараулар: 720


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)