Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-34-41
Аңдатпа
Кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттің маңызды мақсаты болып табылады. Мемлекеттік саясат кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау шеңберінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы белсенді іске асырылуда. «БЖК-2025» бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етеді. «Агробизнес-2017-2021» ҚР АӨК дамыту бағдарламасы ауыл кәсіпкерлерін қолдайды. Бұл бағдарламалар құрал болып табылады және кәсіпкерлікті дамыту үшін қолдау көрсетеді. Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы үшін басқарудың заманауи әдістерін қолдана отырып, инфрақұрылымды жаңғырту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі әзірленді. Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді. Бұл ШОБ-ті дамытудың коммерциялық емес бағдарламалары болғандықтан, банк қаржыландыруға да, кеңес беруге де гранттар ұсынады. Қазіргі уақытта нарықтың көптеген шарттары, сондай-ақ бизнес нарығының өзі жаңа технологияларды құру себебінен өзгеретіндіктен, кәсіпкерлердің өздері де өз бизнесін нарыққа бейімдеуі керек. Бұл жағдайда бизнесті қолдайтын ұйымдар көмектеседі. Astana HUB және Tech Garden сияқты стартаптарды акселерациялау бағдарламалары стартаптарды жасаушылар мен инвесторлар үшін алаң жасайды. Инновациялық құрамдас бөлігі бар жоғары технологиялық өндірістерді құру экспортқа бағдарланған құрамдас бөлігі бар болашақ тауарларын құруға мүмкіндік береді.
Тірек сөздер
кәсіпкерлік,
жекешелендіру,
коронавирус,
дағдарысқа қарсы шаралар,
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік,
жаңа технологиялар,
инновациялар,
дамыту бағдарламасы,
предпринимательство,
приватизация,
коронавирус,
антикризисные меры,
государственно-частное партнерство,
новые технологии,
инновации,
программы развития,
entrepreneurship,
privatization,
coronavirus,
anti-crisis measures,
public-private partnership,
new technologies,
innovations,
development programs
Әдебиет тізімі
1. Предпринимательский кодекс Республики Казахстан. [Электронный ресурс]. - URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=38259854.
2. Гражданский кодекс Республики Казахстан. [Электронный ресурс]. - URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=1006061.
3. Динамика основных показателей. Министерство национальной экономики Республики Казахстан. Комитет по статистике. [Электронный ресурс]. - URL: https://stat.gov.kz/official/dynamic.
4. Программа развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек». [Электронный ресурс]. - URL: https://online.zakon.kz/m/document/?doc_id=33631396 (дата обращения: 28.02.2020).
5. Об утверждении Государственной программы поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса-2025». [Электронный ресурс]. - URL:http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000968.
6. Программы развития МСБ. [Электронный ресурс]. - URL: https://atameken.kz/ru/pages/1052-msb.
7. Антикризисные меры по поддержке МСБ. [Электронный ресурс]. - URL: https://atameken.kz/ru/pages/1052-msb (дата обращения: 21.04.2020).
Қараулар:
1721