Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Редакция саясаты

Мақсаттар мен міндеттер

Экономика саласындағы ғылыми және практикалық жетістіктерді қорыту, ғылым мен білім деңгейінің тиімділігін, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру, ғылыми мерзімді басылымдар жүйесін дамыту және олардың халықаралық ғылыми-ақпараттық кеңістікке қатысуын кеңейту мақсатында мамандардың ғылыми ақпаратпен, іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерімен алмасудың ашық алаңын құру. Жас мамандарды, экономиканың түрлі салалары үшін инновациялық өнімдер мен идеяларды одан әрі құруға, аналитикалық әзірлемелерді, сараптамалық зерттеулерді жүзеге асыруға қабілетті кәсіпқой-инноваторларды даярлау. Журналда жарияланатын мақалаларда маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, ақпарат талданады, негізгі сипаттамалар айқындалады, бәсекелестік артықшылықтар анықталады, тәуекелдер сәйкестендіріледі. Журналдың міндеттері қазақстандық және шетелдік авторлардың жаңа теориялық, әдіснамалық және практикалық жетістіктерімен танысу, экономиканы, қоғамды дамытудың қазіргі заманғы талаптарына сай келетін мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында кәсіби қызмет бойынша дағдылар, құзыреттер мен тәжірибе жинақтау, білім беру сапасын арттыру болып табылады.

 

Журнал бөлімдері

ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалмады Рецензиялаумен
ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалмады Рецензиялаумен
ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ
Таңдалмады Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалмады Рецензиялаумен
ҒЫЛЫМИ ӨМІР
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалмады Рецензиялаумен
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалмады Рецензиялаумен
ЕСТЕЛІК ҚҮНДЕР МЕН ОҚИҒАЛАР
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалды Рецензиялаумен
 

Мерзімділік

Жылына 4 рет

 

Еркін қолжетімділік саясаты

Журнал зерттеу нәтижелеріне еркін, ашық қол жетімділік жаһандық білім алмасудың артуына ықпал етеді деген қағидаға сүйене отырып, журналдың мазмұнына тікелей ашық қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

 

Мұрағаттау

  • Алматы қ. Ұлттық кітапханасы
  • «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ
  • Ғылыми электрондық кітапхана (Мәскеу қ., РФ, «Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі» (РҒДИ) аналитикалық мәліметтер базасы)

 

Рецензиялау

Авторлардың назарына

«Тұран» университетінің хабаршысы» журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде жасырын рецензиялау рәсімнен өтеді (рецензент қолжазба авторларын білмейді, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді). Бағалау үшін қолжазбалар рецензентке жіберіледі.

  1. Мақалаларды рецензиялау редакциялық кеңес және редакциялық алқа мүшелерімен, сондай-ақ сәйкес ғылыми бағыты бойынша жетекші мамандар – шақырылған рецензенттермен жүзеге асырылады. Мақалаға сараптама жүргізу үшін қандай да бір рецензентті таңдау туралы шешімді бас редактор, бас редактордың орынбасары, ғылыми редактор, редакция меңгерушісі қабылдайды. Мақаланы алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде рецензияны дайындап, редакцияның мекенжайына жібереді.
  2. Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдау мен интерпретациялауға әсер ететін айқын мүдделер қақтығысы болған жағдайда рецензиялаудан бас тартуға құқылы. Себептемелі бас тарту алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде редакцияға жіберіледі. Қолжазбаны қарау нәтижелері бойынша рецензент мақаланың одан әрі тағдыры туралы ұсыныстар береді (рецензенттің әрбір шешімі негізделген):
  • мақала осы қалпында жариялауға ұсынылады;
  • рецензент белгілеген кемшіліктерді түзеткеннен кейін мақала жариялауға ұсынылады;
  • мақалаға басқа маманның қосымша рецензиялауы қажет;
  • мақала басқа журналда жариялауға ұсынылады;
  • мақала журналда жариялана алмайды.
  1. Егер рецензияда мақаланы түзету және өңдеу бойынша ұсыныстар болса, журналдың редакциясы рецензияның мәтінін мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде оларды ескеру немесе оларды дәлелді түрде (ішінара немесе толық) теріске шығару ұсынысымен авторға жібереді. Мақаланы түзетіп жіберу мерзімі авторларға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы электронды хабарлама жіберген сәттен бастап бір аптадан аспауы керек. Автор өңдеген мақала рецензиялауға қайта жіберіледі.
  2. Авторлар материалдарды қайта қараудан бас тартқан жағдайда, олар мақаланы жариялаудан бас тарту туралы редакцияға жазбаша немесе ауызша түрде хабарлауға тиіс. Егер авторлар рецензия жіберілген күннен бастап екі апта өткен соң қайта қаралған нұсқасын жібермеген жағдайда, тіпті авторлардан мақаланы қайта қараудан бас тартатыны туралы мәліметтер болмаса да, редакция оны есептен шығарады. Мұндай жағдайларда бөлінген мерзімнің аяқталуына байланысты қолжазбаның тіркеуден шығарылғаны туралы тиісті хабарлама авторларға жіберіледі.
  3. Автор мен рецензент арасында қолжазбаға қатысты шешілмейтін қарама-қайшылық туындаса, редакциялық алқа қолжазбаны қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Даулы жағдайларда шешімді бас редактор редакциялық алқа отырысында қабылдайды.
  4. Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім рецензенттердің ұсыныстарына сәйкес редакциялық кеңес отырысында қабылданады. Редакциялық алқаның шешімімен жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарауға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы шешім авторға электрондық пошта арқылы жіберіледі.
  5. Редакциялық алқа мақаланы жариялауға жіберу туралы шешім қабылдағаннан кейін редакция бұл туралы авторға хабарлайды және жариялау мерзімін көрсетеді.
  6. Оң рецензияның болуы мақаланы жариялау үшін жеткілікті себеп болып табылмайды. Жариялау туралы соңғы шешімді редакциялық алқа қабылдайды. Даулы жағдайда шешімді бас редактор қабылдайды.
  7. Рецензиялардың түпнұсқалары журналдың редакциясында 5 жыл сақталады.
  8. Журнал редакциясы редакцияға тиісті сұраныс түскен кезде рецензиялардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді.

 

Рецензенттердің назарына

Рецензенттер ғылыми мақалаларды бағалау кезінде негізгі қағидаларды ұстануы тиіс:

- Рецензент келісім береді:

1)  рецензия жүргізуге орынды пәндік мамандандырылуына сәйкес қолжазбаларды сараптауға;

2) рецензиялауды уақтылы орындауға.

  • Рецензент сараптамалық бағалаудың құпиялылығын сақтауы тиіс.
  • Рецензент қолжазбаға объективті және сындарлы баға береді.
  • Рецензент рецензиялауды жүргізу барысында алынған ақпаратты өз мүддесі үшін де, үшінші тұлғалалардың мүддесі үшін де пайдалана алмайды.
  • Рецензент рецензиялау барысында намысына тиетін немесе беделін түсіретін пікірлер бермеуі тиіс.
  • Рецензент жеке шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайда редакцияға жүгіне отырып, мүдделердің әлеуетті қақтығыстарының туындағаны туралы мәлімдеуі тиіс.

Ағылшын тілінде рецензиялау үшін https://bentham.manuscriptpoint.com/manuals/Review_ tutorial.pdf/ сайтын пайдалануға болады 

 

Рецензенттерді қолдау саясаты:

- Рецензент әрбір жазылған рецензия үшін жеңілдікпен журналда жариялау тәртібін қарастыратын балл алады (бір мақаланы рецензиялағаны үшін – 1 балл – жарияланым үшін 10% жеңілдік), бұл ретте жиналған балл оны толық пайдаланғанға дейін сақталады (бұл тармақ «Тұран» университетінің рецензент-қызметкерлеріне қолданылмайды).  

Рецензия жүргізу үшін редакция келесі рецензия құрылымын ұсынады:

  1. Мақала атауы.
  2. Журнал тематикасына сәйкестігі.
  3. Мақала тақырыбының өзектілігі (бірегейлігі).
  4. Зерттеудің жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы.
  5. Мақала тақырыбына мазмұнының сәйкестігі.
  6. Зерттеу тәсілдері мен әдістерінің мақала тақырыбына сәйкестігі.
  7. Қорытындылар мен нәтижелердің құндылығы.
  8. Баяндау стилі (грамматика, айқындық).
  9. Техникалық деңгейге сәйкестігі (көрнекілік).
  10. Әдебиетті пайдаланудың негізділігі.

Жалпы рецензия мақала материалына құзіретті талдауды және нақты негізделген ескертулер мен ұсыныстармен объективті негізделген бағалауды қамтамасыз етуі тиіс.

Мақала авторларына рецензия мәтінімен (рецензент туралы мәліметтерсіз) танысуға мүмкіндік беріледі.

Рецензиялардың түпнұсқалары мақала жарияланған сәттен бастап бес жыл редакцияда сақталады.

Рецензияның қорытынды бөлімінде рецензенттің қорытындысы ретінде келесі ұсынымдар болуы мүмкін:

  • мақала осы түрде жариялауға ұсынылады;
  • рецензент белгілеген кемшіліктерді түзеткеннен кейін мақала жариялауға ұсынылады;
  • мақалаға басқа маманның қосымша рецензиялауы қажет;
  • мақала басқа журналда жариялау үшін ұсынылады;
  • мақала журналда жариялана алмайды.
  •  

Ғылыми жарияланымдардың этикасы

Рецензент қызметіндегі этикалық қағидалар

Рецензент авторлық материалдардың ғылыми сараптамасын орындайды, соның салдарынан оның іс-әрекеттері мынадай қағидаттарды орындаудан тұратын бейтарап сипатта болуы тиіс.

Рецензент бағалау үшін жеткілікті білімі бар және уақтылы рецензия бере алатын мақалаларды ғана қарауға келісуі тиіс.

Рецензент рецензияның құпиялылығын құрметтеуі және рецензиялау кезінде немесе одан кейін редакцияға (мысалы, редакторға) рұқсат етілген адамдардан басқа үшінші тұлғаға мақала немесе рецензия туралы мәліметтерді ашпауы тиіс.

Рецензиялау үшін алынған қолжазба редакциядан өкілеттігі жоқ үшінші тұлғаларға танысу немесе талқылау үшін беруге болмайтын конфиденциальды құжат ретінде қаралуы тиіс.

Рецензент зерттеудің баяндалған ұсынылған нәтижелеріне объективті және дәлелді баға беруге міндетті. Автордың жеке сынына жол берілмейді.

Қарауға ұсынылған материалдардан алынған жарияланбаған деректерді рецензент жеке мақсатында пайдаланбауы тиіс.

Авторлар жұмысты жақсарту үшін қолдана алатындай бағалау объективті түрде жүргізілуі тиіс, қорытындылар нақты тұжырымдалуы және негізделуі тиіс.

 

Ғылыми жарияланымдардың авторы басшылыққа алуы тиіс қағидаттар

Ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен дұрыстығына негізгі жауапкершілік артылатынын автор (немесе авторлар ұжымы) түсіне отырып, мынадай қағидаттарды сақтауды көздейді.

Мақала авторлары жүргізілген зерттеулердің шынайы нәтижелерін ұсынуы керек. Көре тұра қате немесе жанылыс пікірлерге жол берілмейді.

Авторлар ұсынылған мақалада көрсетілген зерттеу нәтижелері толығымен түпнұсқа екендігіне кепілдік беруі тиіс. Алынған фрагменттер немесе мәлімдемелер автор мен бастапқы көзді міндетті түрде көрсете отырып ресімделуі тиіс. Шамадан тыс көшіріп алу, сондай-ақ кез-келген нысандағы плагиат, оның ішінде рәсімделмеген дәйексөздер, өзгертіп айту немесе басқа адамдардың зерттеулерінің нәтижелерін иемдену құқығын алу этикаға жатпайды және қабылданбайды.

Зерттеу барысына қандай да бір түрде әсер еткен барлық адамдардың үлесін мойындау қажет, атап айтқанда, мақалада зерттеу жүргізу кезінде маңызды болған жұмыстарға сілтемелер ұсынылуы керек.

Авторлар журналға басқа журналға жіберілген және қаралып жатқан мақаланы, сондай-ақ басқа журналда жарияланған мақаланы ұсынбауы керек. Мақаланы бір уақытта бірнеше басылымға жіберу этикаға жатпайтын әрекет және қабылданбайды.

Зерттеуге елеулі үлес қосқан барлық адамдар мақаланың авторлары ретінде көрсетілуі керек. Бірлескен авторлар арасында зерттеуге қатыспаған адамдарды көрсетуге жол берілмейді.

Мақаланы ұсынған автор барлық қосалқы авторлардың (бар болса) оның соңғы нұсқасымен және оны журналға жариялау үшін келісіуімен қамтамасыз етуі керек.

Автор мақалада оны қарау кезеңінде немесе оны жариялағаннан кейін елеулі қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда бұл туралы журналдың редакциясына мүмкіндігінше дереу хабардар ету керек.

Журнал жарияланымға ұсынылған, жоғарыда аталған қағидаттарға сәйкес келмейтін кез келген қолжазбаны қабылдамауға құқылы.

Зерттеулерді қаржыландыру көзі, егер бар болса, жариялануы және көрсетілуі керек, оның зерттеу жүргізудегі және/немесе мақаланы дайындаудағы рөлі көрсетілуі керек.

 

Көшіріп алу және плагиат

«Тұран» университеті хабаршысының» редакциялық алқасы қолжазба материалдарын міндетті түрде StrikePlagiarism.com лицензиялық жүйесін пайдалана отырып тексереді. Ғылыми мақалалар мәтінінің түпнұсқалық дәрежесі кемінде 85% және одан да көп болуы керек. Бұл жағдайда ұқсастық коэффициенті 1 және ұқсастық коэффициенті 2 сәйкесінше 20% және 2% аспауы керек. Ұқсастық коэффициенттері бойынша сан асып кеткен жағдайда редакция COPE ережелеріне сәйкес әрекет етеді.

Ұқсастық коэффициентінің шамалы асып кетуі анықталған жағдайда авторларға қолжазбаны түзетуге және қайта тексеруге жіберуге мүмкіндік беріледі.

Түпнұсқалықты тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда қолжазба әрі қарай екі жасырын рецензиялауға жіберіледі.

Плагиат оның барлық нысандарында қабылданбайды және мақаланы қабылдамауға, сондай-ақ авторларға қарсы ықтимал санкцияларға әкеледі.  Көлемі 50%-дан асатын плагиаттың дәлелденетін фактісі анықталған немесе мәтінді манипуляциялау фактісі анықталған жағдайда, мақала авторлары мақалаларды журналға келесі 3 күнтізбелік жыл ішінде автор ретінде де, қосалқы автор ретінде де беруге жол берілмейді.

 

Жарияланым құны

«Тұран» университетінің хабаршысы» журналы ашық журнал болып табылады. Дегенмен, басып шығару процесі шығындармен байланысты, соның ішінде қолжазбаларды сараптау, редакциялау, басып шығару, мұрағаттау және авторға бір (қағаз) дана беру үшін өңдеу құны бар. Бұл шығындарды жабу үшін жариялау жарнасы алынады. Жариялану ақысын зерттеуді қаржыландыратын ұйым да, автор да төлей алады.

Қолжазбаны плагиатқа тексеру құнын тиісті автор төлейді – 2000 теңге. (деректемелер)

Жарияланым құны авторлық бір (қағаз) данамен (деректемелерді), бір қолжазбаны жариялау үшін 45 000 теңгені, сондай-ақ DOI-ді мақалада (деректемелерде) тіркеу және іске қосу үшін 2000 теңгені құрайды.

Журналда мақаланы жариялау үшін тиісті автор бекітілген төлемді төлеуге жауапты, журналдың редакциялық алқасының оң қорытындысын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде төлемді жүзеге асыруға және PDF форматындағы төлем туралы түбіртекті редакцияның vestnik@turan-edu.kz электрондық поштасының мекенжайына жіберуге міндетті.

 

Ғылыми жарияланымдардың этикасы

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНЫМ ЭТИКАСЫ

«Тұран» университетінің хабаршысы»  журналының редакциясы өз қызметінде ғылыми жарияланымдар этикасының мынадай қағидаттарды басшылыққа алады.

Редактор мен баспагердің қызметіндегі кәсіби этиканың принциптері

Жариялау туралы шешім қабылдаған кезде ғылыми журналдың редакторы қарастырылып отырған жұмыста деректерді ұсынудың сенімділігі мен ғылыми маңыздылығын басшылыққа алады.

Редактор қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни көзқарастарына, шығу тегіне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына немесе авторлардың саяси көзқарастарына қарамастан бағалауы тиіс.

Егер плагиат деп санауға жеткілікті негіз болса, редактор ақпаратты жариялауға жол бермеуі тиіс.

Редактор қаралған қолжазбаларға немесе жарияланған материалдарға қатысты шағымдарды жауапсыз қалдырмауы керек, сондай-ақ жанжал туындаған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Редактор журнал тақырыбына немесе талап етілетін сапа деңгейіне сәйкес келмейтін болса, рецензенттердің сараптамалық бағалауынсыз, мақаладан өздігінен бас тарта алады. Бұл шешім объективті түрде, тек мақаланың мазмұнына сүйене отырып қабылдануы керек және мұндай шешім қабылдау критерийлері авторға нақты көрсетілуі керек.

Редактор, «Тұран» университетінің қызметкерлері, редколлегия мүшелері өз зерттеулерін журналға жариялауға ұсына алады, олардың мақалаларын бағалау басқа авторлардың мақалаларына қарағанда неғұрлым әділетті болуы керек.

 

Рецензент қызметіндегі этикалық қағидаттар

Рецензент авторлық материалдардың ғылыми сараптамасын орындайды, соның салдарынан оның іс-әрекеттері мынадай қағидаттарды орындаудан тұратын бейтарап сипатта болуы тиіс.

Рецензент бағалау үшін жеткілікті білімі бар және уақтылы рецензия бере алатын мақалаларды ғана қарауға келісуі тиіс.

Рецензент рецензияның құпиялылығын құрметтеуі және рецензиялау кезінде немесе одан кейін редакцияға (мысалы, редакторға) рұқсат етілген адамдардан басқа үшінші тұлғаға мақала немесе рецензия туралы мәліметтерді ашпауы тиіс.

Рецензиялау үшін алынған қолжазба редакциядан өкілеттігі жоқ үшінші тұлғаларға танысу немесе талқылау үшін беруге болмайтын конфиденциальды құжат ретінде қаралуы тиіс.

Рецензент зерттеудің баяндалған ұсынылған нәтижелеріне объективті және дәлелді баға беруге міндетті. Автордың жеке сынына жол берілмейді.

Қарауға ұсынылған материалдардан алынған жарияланбаған деректерді рецензент жеке мақсатында пайдаланбауы тиіс.

Авторлар жұмысты жақсарту үшін қолдана алатындай бағалау объективті түрде жүргізілуі тиіс, қорытындылар нақты тұжырымдалуы және негізделуі тиіс.

Ғылыми жарияланымдардың авторы басшылыққа алуы тиіс қағидаттар

Ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен дұрыстығына негізгі жауапкершілік артылатынын автор (немесе авторлар ұжымы) түсіне отырып, мынадай қағидаттарды сақтауды көздейді.

Мақала авторлары жүргізілген зерттеулердің шынайы нәтижелерін ұсынуы керек. Көре тұра қате немесе жанылыс пікірлерге жол берілмейді.

Авторлар ұсынылған мақалада көрсетілген зерттеу нәтижелері толығымен түпнұсқа екендігіне кепілдік беруі тиіс. Алынған фрагменттер немесе мәлімдемелер автор мен бастапқы көзді міндетті түрде көрсете отырып ресімделуі тиіс. Шамадан тыс көшіріп алу, сондай-ақ кез-келген нысандағы плагиат, оның ішінде рәсімделмеген дәйексөздер, өзгертіп айту немесе басқа адамдардың зерттеулерінің нәтижелерін иемдену құқығын алу этикаға жатпайды және қабылданбайды.

Зерттеу барысына қандай да бір әсер еткен барлық тұлғалардың үлесін мойындау қажет, атап айтқанда, мақалаға зерттеу жүргізу кезінде маңызды болған жұмыстарға сілтемелер ұсынылуы керек.

Авторлар журналға басқа журналға жіберілген және қаралып жатқан мақаланы, сондай-ақ басқа журналда жарияланған мақаланы ұсынбауы керек. Мақаланы бір уақытта бірнеше басылымға ұсыну этикаға сәйкес келмейтін мінез-құлықты құрады және қабылданбайды.

Мақаланың қосалқы авторлары зерттеу жүргізуге елеулі үлес қосқан барлық тұлғаларды көрсетуі тиіс. Қосалқы авторлар арасында зерттеуге қатыспаған адамдарды көрсетуге болмайды.

Мақаланы ұсынған автор барлық қосалқы авторлардың (бар болса) оның соңғы нұсқасымен және оны журналға жариялау үшін келісіуімен қамтамасыз етуі керек.

Автор мақалада оны қарау кезеңінде немесе оны жариялағаннан кейін

елеулі қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда бұл туралы журналдың редакциясына мүмкіндігінше дереу хабардар ету керек.

Журнал жарияланымға ұсынылған, жоғарыда аталған қағидаттарға сәйкес келмейтін кез келген қолжазбаны қабылдамауға құқылы.

Зерттеулерді қаржыландыру көзі, егер бар болса, жариялануы және көрсетілуі керек, оның зерттеу жүргізудегі және/немесе мақаланы дайындаудағы рөлі көрсетілуі керек.

 

Құрылтайшы

«Тұран» университеті

 

Жарияланым саясаты мен мүдделер қақтығысы

Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды.

Рецензиялау барысында алынған және ықтимал артықшылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке пайда алу мақсатында пайдаланылмауы тиіс.

Рецензенттер ұсынылған жұмысқа байланысты кез келген автормен, компаниялармен немесе басқа да ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас салдарынан мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспауы тиіс.

 

Көшіріп алу және плагиат

«Тұран» университеті хабаршысының» редакциялық алқасы қолжазба материалдарын міндетті түрде StrikePlagiarism.com лицензиялық жүйесін пайдалана отырып тексереді. Ғылыми мақалалар мәтінінің түпнұсқалық дәрежесі кемінде 85% және одан да көп болуы керек. Бұл жағдайда ұқсастық коэффициенті 1 және ұқсастық коэффициенті 2 сәйкесінше 20% және 2% аспауы керек. Ұқсастық коэффициенттері бойынша сан асып кеткен жағдайда редакция COPE ережелеріне сәйкес әрекет етеді.

Ұқсастық коэффициентінің шамалы асып кетуі анықталған жағдайда авторларға қолжазбаны түзетуге және қайта тексеруге жіберуге мүмкіндік беріледі.

Түпнұсқалықты тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда қолжазба әрі қарай екі жасырын рецензиялауға жіберіледі.

Плагиат оның барлық нысандарында қабылданбайды және мақаланы қабылдамауға, сондай-ақ авторларға қарсы ықтимал санкцияларға әкеледі.  Көлемі 50%-дан асатын плагиаттың дәлелденетін фактісі анықталған немесе мәтінді манипуляциялау фактісі анықталған жағдайда, мақала авторлары мақалаларды журналға келесі 3 күнтізбелік жыл ішінде автор ретінде де, қосалқы автор ретінде де беруге жол берілмейді.

 

Препринттер мен постпринттерді орналастыру саясаты

Мақаланы ұсыну барысында автор мақаланың жарияланбағанын немесе басқа ғылыми журналда жариялауға қабылданбағанын растауы тиіс.  Баспа «Тұран» университетінің хабаршысы» журналында жарияланған мақалаға сілтеме жасаған кезде журналдың ресми сайтына сілтеме (материалдың толық URL) орналастыруды сұрайды.

Авторлардың басқа баспаларға жатпайтын жеке немесе жария сайттарда орналастырған бұрынғы мақалалары қарауға қабылданады.