Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Әлемдік рейтингтегі Қазақстанның логистикалық жүйесі

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-59-64

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада автор әлемдік рейтингтердің көрсеткіштеріне сәйкес елдің көлік инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарының мемлекеттік бағдарламасының жоспарланған индикаторларын іске асыруды бағалауды жүргізді. Жоспарланған көрсеткіштердің орындалмау себептерін түсіндіруге әрекет жасалды. Қазақстанның Дүниежүзілік банк (Logistics Performance Index) және Дүниежүзілік экономикалық форум (Transport Infrastructure/the Global Competitiveness Index) есептерінің, экономикасы дамушы 50 елдегі логистика нарығын дамытудың (Emerging Market Logistics Index) рейтингтеріндегі позициялары талданды. Автор негізге алынған негізгі критерийлерді, бағалау әдістемелеріндегі соңғы жылдары қабылданған өзгерістерді көрсете отырып, келтірілген рейтингтер бойынша бағалау қағидаттарын түсіндіреді. Әлемдік рейтингтегі көшбасшы елдердің көрсеткіштері келтіріліп, жоғары нәтижелерге ықпал еткен, отандық логистикалық саланы дамытуға қызығушылық тудыратын негізгі жетістіктер мен іс-шаралар атап өтілді. Мақалада 2014-2018 жж. кезеңіндегі Logistics Performance Index рейтингінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы қазақстанның жетекші позициясына баға беріліп, логистиканың өсуіне ықпал еткен факторлар мен даму проблемалары атап өтілді. Автор елдің көлік инфрақұрылымының негізгі көрсеткіштері (жүк айналымы, жолаушылар айналымы, жүк және жолаушылар көлігі тарифтерінің индекстері, жалпы пайдаланудағы теміржолдардың пайдалану ұзындығы, жалпы пайдаланудағы қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының ұзындығы, көлік пен қоймалаудың негізгі капиталына инвестициялар, тауар айналымы, елдің ЖІӨ-дегі көлік үлесі) мен логистика нарығын дамыту индексі (EMLI) арасындағы корреляциялық байланысты анықтады. Талдау нәтижелері әлемдік рейтинг өлшемдеріне сәйкес саланы дамытуды стратегиялық жоспарлаудың негізділігін дәлелдейді.

Автор туралы

А. Т. Тлеубердинова
«Тұран» университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Государственная программа инфраструктурного развития «Нұрлы жол» на 2015-2019 годы. [Электронный ресурс]. - Режим доступа: http//akorda.kz/ru.0fficial_dokuments/strategies_ and_programs.

2. Global Rankings 2018, 2016: официальный сайт Всемирного банка: https://lpi.worldbank.org/international/global (дата обращения: 11.04.2020).

3. Global Competitiveness Report 2019, 2018: официальный сайт Всемирного экономического форума: https://www.weforum.org/reports (дата обращения: 11.04.2020).

4. Emerging Market Logistics Index 2011-2020: официальный сайт компании Agility: https://www.agility.com/insights/emerging-markets-logistics-index/overview/ (дата обращения: 13.04.2020).

5. Статистический сборник «Транспорт в Республике Казахстан». 2011-2018 гг.: официальный сайт Комитета по статистике Министерства национальной экономики РК: https://stat.gov.kz (дата обращения: 15.04.2020).

6. План мер по улучшению индикаторов глобального индекса конкурентоспособности Всемирного экономического форума на 2018-2019 годы»: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38639649 (дата обращения: 18.04.2020).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Тлеубердинова А.Т. Әлемдік рейтингтегі Қазақстанның логистикалық жүйесі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(3):59-64. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-59-64

For citation:


Tleuberdinova A.T. Logistic system of Kazakhstan in the world ranking. Bulletin of "Turan" University. 2020;(3):59-64. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-59-64

Қараулар: 589


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)