Экономиканың инновациялық даму үдерісіндегі адами капиталды дамытудағы университеттердің рөлі
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-211-216
Аңдатпа
Мақала экономиканың инновациялық дамуы жағдайында адами капиталды қалыптастыру мен дамытудағы жоғары білімнің рөліне арналған. Атап айтқанда, бұл мақалада «адами капитал» ұғымының мәні ашылып, жоғары білім беру саласын жаңғыртуды ескере отырып, авторлық түсіндіру ұсынылды. Автор экономиканың инновациялық дамуы көбінесе адами капиталға инвестицияға байланысты екенін көрсетті. Бүгінде ұлттық байлықтың негізгі үлесі мен елдің даму деңгейі адами капиталмен анықталады. Мұнда білімді, бәсекеге қабілетті, ынталы, креативті, жоғары кәсіби біліктілігі бар адам негізгі тұлға болып табылады. Жоғары білім қоғамның да, жеке тұлғаның да мүдделерінің өзара әрекеттесу ортасының рөлін атқарады. Инновацияны белсенді дамыту кезеңінде қоғамның көптеген мүшелері жаңа білімді жинақтауға, ал көптеген адамдар бұл білімді пайдалануға тиіс. Білім - заманауи қоғам жұмыс істейтін және дамып келе жатқан басты орта. Адами капиталды дамыту, өндірісті жетілдіру, адам өмірінің барлық салаларына инновацияларды белсенді енгізу инновациялық экономиканы одан әрі дамыту үшін базаны қалыптастырады және елдің шикізаттық мамандандыруынан бас тарту үшін негіз болады, бұл өз кезегінде денсаулық сақтау, ғылым және білім беру проблемаларын шешуге ықпал етеді.
Кілт сөздер
human capital,
innovative economy,
human development index,
higher education,
science,
investment,
professionalism,
адами капитал,
инновациялық экономика,
адами даму индексі,
білім беру,
ғылым,
инвестициялар,
кәсіби біліктілік,
человеческий капитал,
инновационная экономика,
индекс человеческого развития,
высшее образование,
наука,
инвестиции,
профессионализм