Аймақтық еңбек нарығындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы
Аңдатпа
Аймақтық жұмысбастылық пен жұмыссыздықты мемлекеттік реттеу мәселесін көтерудің маңызы болып табылатын бірнеше объективті себептерді бөліп көрсетуге болады. Бүгінгі күні орын алып отырған бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы: көптеген азаматтар үшін жұмысынан айырылу немесе табыс көзінің басым бөлігінен айырылып қалуына себеп болуда. Еліміздің инновациялық даму жолын таңдауы, бұл жол мемлекетпен қатар халықтың мүмкіндіктерін де бағалай алуы тиіс, себебі қарқынды инновациялық даму экономиканы әртараптандыру мен еңбек нарығының толықтай өзгерісіне, жұмысбастылық деңгейіне тікелей әсер етеді. Азаматтардың заманауи ағым жүйесіне ілесе алу мүмкіндігі де осы өзгерістерге сай болуы тиіс. Аймақтық еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шеше отырып халықты жұмыспен қамту мемлекет саясатының негізгі қызметтерінің бірі. Мақалада Қызылорда облысының еңбек нарығының даму деңгейі мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көрінісін бейнелейді. Заманауи еңбек нарығында жылдам өзгерістер мемлекет саясатының икемділігін талап етеді. Экономикалық және әлеуметтік жүйені, халықтық жұмысбастылығын мемлекеттік реттеу ғана жалпы қоғамның стратегиялық реформаларына жетуге мүмкіндік береді. Аймақтық еңбек нарығын зерттеуде негізгі объекті ретінде алынған Қызылорда қаласының еңбек нарығында жұмыс күшінің сұраныс пен ұсынысының кәсіби-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі, кәсіби оқу оқыту жүйесінің еңбек нарығының талаптарына жеткіліксіз бейімделуі, ауылдық жерлерден жастардың қалаға миграциялық ағынының тоқтамауы мәселелері анықталады.
Кілт сөздер
аймақтық еңбек нарығы,
жұмыспен қамту,
экономикалық белсенді адамдар,
жұмыссыздық,
мемлекеттік реттеу,
біліктілік,
кәсіптік оқыту,
региональный рынок труда,
занятость,
экономически активное население,
безработица,
государственное регулирование,
квалификация,
профессиональное обучение,
regional labor market,
employment,
economically active people,
unemployment,
government regulation,
qualifications,
vocational training
Авторлар туралы
Л. П. Молдашбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Қазақстан
С. С. Тлеубердиева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Қазақстан
Л. В. Олейник
Рудный индустриалдық университеті
Қазақстан
А. М. Атенова
М. Әуэзов атындағы оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Досанов З.Т. Государственное регулирование занятости населения в РК // Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2015. - № 3. - С. 45-49.
2. Қызылорда қаласы әкімдігі сайты. Қызылорда қалалық еңбекпен қамсыздандыру орталығы «Қызылорда қаласының еңбек қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы. - Қызылорда қаласы, 2018: http:/kyzylorda.gov.kz.
3. «Қызылорда қаласы жұмыспен қамту орталығы» Жарғысы. Қызылорда қалалық еңбекпен қамсыздандыру орталығы «Қызылорда қаласының еңбек қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің ішкі нормативтік құжаты. - Қызылорда қаласы, 2018.
4. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қызылорда қаласының 2018 жылдың жастар жұмыссыздығының статитстикалық көрсеткіштері: http://www.enbek. gov.kz.
5. «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы No 636 қаулысы. - Астана қаласы, 2013: https://www.adilet.zan.kz/.
6. Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 2016 жылғы № 919 қаулысы. - Астана қаласы, 2016: http://www.adilet.zan.kz/.
Дәйектеу үшін:
Молдашбаева Л.П.,
Тлеубердиева С.С.,
Олейник Л.В.,
Атенова А.М.
Аймақтық еңбек нарығындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):64-69.
For citation:
Moldashbayeva L.P.,
Tleuberdiyeva S.S.,
Oleinik L.V.,
Atenova A.M.
Unemployment and current state of employment in the regional labor market. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):64-69.
(In Russ.)
Қараулар: 435