Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Табиғатты сақтауға бағытталған технологиялық инновациялар

Толық мәтін:

Аңдатпа

Аталған мақалада қазіргі уақытта «жасыл» технологиялардың қонақүйлер мен мейрамханалар жұмысына белсенді түрде енгізіліп жатқаны қарастырылған. Сонымен қатар тұтынушылар «таза» туризм үшін төлеуге дайын екендіктерін атап көрсетті. Қазіргі уақытта Еуропада 200-ден астам қонақүйдің «эко» таңбаламасы бар және бұл көрсеткіш үнемі өсу үстінде. Заманауи үнемдеуші эко-технологиялар Қазақстандағы қонақүйлер мен мейрамханалардың осы бағытта алға жылжыуына септігін тигізіп, республикамыздағы экологиялық ортасын ластамай, оған оң әсер ететіні айтылған. Мақалада автор қоршаған ортаны, табиғатты сақтау бойынша бірнеше ұсыныстар берген, атап айтқанда энергоқорларды саналы түрде пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қарастырып, оны жүйелі түрде іске асыруды ұсынады. Мысалы, энергия үнемдеу мен энергетикалық тиімділік мәселелерін, энергия қорларын ұтымды түрде пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен инновациялар енгізуді, су, жылу және электр энергиясы сияқты ресурстардың пайдаланылуын азайтуды, құрылыста экологиялық жағынан таза табиғи материалдарды пайдалануды, шатырдағы таза ауадағы көгалдандырылған бақша, нөмірлерді безендіруде жергілікті суретшілердің өнер туындыларын пайдалану қарастыруды және қонақүй мәзірін жаңа піскен жергілікті өнімдерге, соның ішінде био-өндірілген өнімдерге негізделіп құрылуын қарастырады. Қонақүйлер мен мейрамханалардың қызметіне үнемді инновациялық технологияларды енгізу нәтижесінде, оның қоршаған ортаға оң әсер ететіні туралы айтылған.

Автор туралы

Р. Е. Таракбаева
«Тұран» университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Гулаков Н.В. Организация инновационного процесса на предприятиях сферы услуг // Вестник Чувашского университета. - 2011. - № 1. - С. 20.

2. Трачук А. Инновационная стратегия компании // Проблемы теории и практики управления. - 2013. - № 9. - С. 75-83.

3. Маннапов А. Система управления инновационной деятельностью в организации // Проблемы теории и практики управления. - 2013. - № 6. - С. 98-104.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Таракбаева Р.Е. Табиғатты сақтауға бағытталған технологиялық инновациялар. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):214-218.

For citation:


Tarakbayeva R.Ye. Technological innovations aimed at nature conservation. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):214-218. (In Russ.)

Қараулар: 307


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)