Интеграциялық үдеріс жағдайында агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігі
Аңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының әлемдік ықпалдастық және жаһандану жағдайындағы агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабеліттілігі мәселесіне арналған. Жаһандану үдерісі жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдері мен қызметтерінің сапасын жақсарту, шығындарды оңтайландыру, пайданы және бәсекеге қабілеттіліктің басқа да факторларын барынша арттыру қажетілігі туындағаны атап көрсетілген. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу алғышарттары, оған мүше-елдер, одақ аясында агроөнеркәсіптік саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері қарастырылған. Одақтың негізгі аграрлық азық-түлік нарықтарында мәселелер анықталған. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Мемлекеттердің өзара саудасындағы аграрлық азық-түлік тауарларының үлесі, негізгі өнім түрлері анықталған. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде авторлар ықпалдастық жағдайында азы-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары ретінде ұлттық экспортты қолдаудың қолданыстағы жүйелерін дамыту, ұлттық деңгейде ауыл шаруашылығы өнімдерін дамыту жоспарларын қабылдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда басқару жүйелерін сертификаттауды енгізу, үшінші елдерден азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы шикізаты импортының құрылымын оңтайландыру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экспорттық инфрақұрылымының қолданыстағы объектілерін жетілдіру және жаңа объектілерін құру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік нарықтарына қатысушылар бірлестіктерімен және экспорттаушылар бірлестіктерімен өзара іс-қимылын кеңейту жолдарын ұсынды.
Тірек сөздер
ауыл шаруашылығы,
агроөнеркәсіп кешені,
бәсекеге қабілеттілік,
интеграция,
жаһандану,
азық-түлік қауіпсіздігі,
ауыл шаруашылығы өнімдері,
сельское хозяйство,
агропромышленный комплекс,
конкурентоспособность,
интеграция,
глобализация,
продовольственная безопасность,
продукция сельского хозяйства,
agriculture,
agro-industrial complex,
competitiveness,
integration,
globalization,
food security,
agricultural products
Авторлар туралы
А. К. Шарипов
Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
Қазақстан
А. А. Сейдахметова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазақстан
Ф. А. Гаджиев
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Шарипов А.К., Беделбаева А.Е. Шетел тәжірибесі негізінде ауыл аумақтарының орнықты даму бағыттарын қалыптастыру // «Тұран» университетінің хабаршысы. - 2019. - № 1(81). - С. 69-73.
2. Golam M., Monowar M. Eurasian Economic Union: Evolution, challenges and possible future directions // Journal of Eurasian Studies. Volume 9. Issue 2. July 2018. P. 163-172.
3. Внешняя и взаимная торговля. Основные показатели за 2017-2018 годы. [Электроный ресурс]: http://stat.gov.kz/.
4. Кантуреев М.Т., Ағымбай А.О., Абдимомынова А.Ш., Махамбетова М.А. Обеспечение продовольственной безопасности региона // Вестник университета «Туран». - 2019. - № 2(82). - С. 60-66.
Дәйектеу үшін:
Шарипов А.К.,
Сейдахметова А.А.,
Гаджиев Ф.А.
Интеграциялық үдеріс жағдайында агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):248-251.
For citation:
Sharipov A.K.,
Seydakhmetova A.A.,
Gajiev F.A.
Competitiveness of the agro-industrial complex in the context of the integration process. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):248-251.
(In Russ.)
Қараулар:
246