Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫСЫ МЕН ТАЛҒАМДАРЫНА МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Алматы қ. тұтынушыларының ет және ет өнімдеріне сұранысы мен талғамдарына талдау жа­салынды. Республикада ет өндіру ауылшаруашылығының негізгі және басымды бағыттарының бірі болып саналады. Қазақстанда ет және ет өнімдерін өндіру мен тұтыну халықтың тамақтану ерекшеліктеріне және өмір сүру сапасына байланысты болады. Қазіргі кезде нарықты отандық ет өнімдерімен қанықтыру, сапаны жақсарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ассортиментті кеңейту мәселелері үлкен маңызға ие болуда. Бұл үшін мал басының тұрақты өсуі, оның өнімділігінің және ет өндіру көлемінің артуы сияқты алғышарттар бар. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетті мүмкіндіктері берілген өнім бойынша азық-түліктік қауіпсіздікті және халықтың ішкі төлемқабіліттілігі бар сұранысты толығымен қанағаттандыруға жағдай жасайды. Қазақстанның ет өңдеуші кәсіпорындары қатаң бәсекелестік жағдайда қызмет етеді, әсіресе шетел өндірушілер тарапынан ерекше байқалады. Ет өнімдері нарығындағы бәсекелестіктің күшею жағдайында, бәсекелестік позицияны сақтап қалу үшін отандық компаниялар мен фирмалардың күштері мен ұмтылыстарын маркетингтік зерттеу жүргізу көмегімен мобилизациялау қажет. Талдаудың негізігі әдісі ретінде сауална­ма таңдалды. Сауалнама нәтижелері берілді және тиісті қорытындылар жасалды. Тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігін кешенді зерттеу мақсатында, халықтың ақшалай және тұтыну шығындарына, сондай-ақ, халықтың жан басына шаққандағы ет және ет өнімдерін тұтыну динамикасына талдау жүргізілген.

Автор туралы

Т. А. Асанова
«Тұран» университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Отчет ТОО «КазНИИЭАПКиРСТ» по теме «Влияние единого экономического пространства стран Таможенного союза на продовольственную безопасность Казахстана». - Алматы, 2013. - 124 с.

2. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі: статистикалық жинақ. - Астана, 2017. - 86 б.

3. Қазақстан өңірлері 2016 жылы: статистикалық жинақ. - Астана, 2017. -35 б.

4. Годовой отчет о деятельности ТОО «БЕККЕР и К» за 2017 год.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Асанова Т.А. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫСЫ МЕН ТАЛҒАМДАРЫНА МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(2):80-85.

For citation:


Asanova T.A. Marketing research of demand and preferences of Almaty consumers for meat and meat products. Bulletin of "Turan" University. 2018;(2):80-85. (In Russ.)

Қараулар: 334


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)