Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Жаһандық электрондық сауда аясында бейімделген маркетингтік стратегия

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақала электрондық сауданың жаһандық бизнес-платформасы, клиенттің адалдығын ынталандыру және бизнестен кірісті ұлғайту аясында тұтынушылардың мінез-құлқына әсер ету мақсатында бейімдел­ген маркетингтік стратегияны пайдалануға арналған. Интернетті дамыту сандық технологияның қазіргі дәуірінде электронды сауданың бизнесін айтарлықтай кеңейтті. Қазіргі уақытта электрондық сауда күн­делікті бизнес-стратегияда, сондай-ақ жаһандық стратегияда маңызды құрал ретінде бизнестің ажырамас платформасына айналды. Сандық инновациялар елдердің тұрақты өркендеуіне бағытталған. Жаһандану үрдісі телекоммуникация мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында нығайып келеді, бұл көптеген компаниялар үшін электрондық сауданың жаһандық платформасында үлкен мүмкіндіктер тудырады. Қазіргі уақытта тұтынушылар күнделікті өмірде ноутбук, планшет немесе ұялы телефонды қол­дана ақпараттық және маркетингтік кампаниялардың шектен тыстығын сезінеді, ақырында алынған ақпарат сатып алушылардың мінез-құлқына әсер етеді. Интернет алаңында жиналған массивті деректер соңғы жылдары айтарлықтай өсті және белгілі бір маркетингтік стратегияларды құру, таңдау, бейімдеу және пайдалану мақсатында маркетологтерге құнды ақпарат береді. Демек, маркетологтар нақты маркетингтік ақпаратпен қамтамасыз ету және электрондық сауда платформасы арқылы сұраныс пен ұсынысқа жауап реакциясының жылдамдауын дамыту мақсатында тұтынушылардың қажеттіліктері мен талаптарына бейім­деле, массивті деректермен жұмыс жасаудағы олардың тәжірибесіне негізделе өздерінің сандық маркетинг­тік стратегияларын жақсартулары керек.

Авторлар туралы

И. В. Онюшева
«Turan» University
Қазақстан


Q. Y. Ting
Stamford International University
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. CMO Council. (2017). The age of the adaptive marketer: meeting the needs of the connected customer with adaptive brand content. HHGlobal.

2. ECLAC. (2002). Electronic commerce, international trade and employment: review of the issues.

3. Johnston N. (2015). Adaptive marketing: leveraging real-time data to become a more competitive and successful company. New York, NY, USA: palgrave macmillan.

4. Kingsnorth S. (2017). Digital marketing strategy-an integrated approach to online marketing. KoganPage.

5. Lukas B. (1999). Strategic type, market orientation and the balance between adaptability and adaptation. Journal of business research, 45. P. 147-156.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Онюшева И.В., Ting Q.Y. Жаһандық электрондық сауда аясында бейімделген маркетингтік стратегия. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(3):83-90.

For citation:


Onyusheva I.V., Ting Q.Y. Adaptive Marketing Strategy Within Global Electronic Commerce. Bulletin of "Turan" University. 2018;(3):83-90. (In Russ.)

Қараулар: 356


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)