Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Білім беру саласын қаржыландырудың франция тәжірибесі

Толық мәтін:

Аңдатпа

Білім беру саласында туындап отырған қаржылық тапшылық жағдайында білім беру саласын қар­жыландыру үрдістерін модернизациялау ерекшеліктеріне, соның ішінде мемлекет-жеке меншік әріптестігіне ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Сол себепті, бұл мәселелер ғылыми қоғам тұрғысынан зерттеуді және арнайы шешім табуды қажет етеді. Сәйкесінше, Еуропа елдерінің бұл саладағы тәжірибесін жете зерттеп, оны Қазақстан жағдайында қалай бейімдеуге болатынын тұжырымдап, пайдалану мәселесін ойластыру бірінші кезектегі мәселе қатарында. Зерттеу барысында мемлекет-жеке меншік әріптестігінің озық шетел тәжірибе­сі зерттеліп, білім беру саласын қаржыландыру мәселесі бойынша Францияның озық тәжірибесі талданды. Барлық еуропалық елдерде дерлік жоғары білім беру аясында әлеуметтік серіктестік орын алып, дуальдық оқыту негіздері қаланған. Оны, әсіресе, осы сфераны қаржыландыру мәселесінен айқын көруге болады. Еуропа мемлекеттері тек бастапқы білім беру мен жұмыссыздарды қайта оқытуды қаржыландырады. Ал, жо­ғары білім беру аясында «салық несиесі», «оқыту ваучерлері» секілді түрлі бағдарламалары қолданылады. Сонымен бірге, арнайы шәкірттік салықтың бар болуын атап өту керек. Қаражат министрліктерден қоғам­дық қорларға, ұйымдарға аударылады. Сонымен бірге, қаржыландыратын тұлға, білім беретін тұлға және бітірушілерге біліктілілік беретін тұлғалар бір-бірінен бөлектенген. Бұл жоғары білім беру сапасын артты­руға септігін тигізетіні хақ. Яғни, әрбір студент, оқушы үшін бәсекелік күрес жүретінін көруге болады. Ал, бәсеке бар жерде білім беру қызметінің сапасы да артатыны сөзсіз.

Авторлар туралы

Г. К. Исаева
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан


А. Н. Айтымбетова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан


Э. Е. Жусипова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Maillet C., Le Manh A. Les norms comptables internationals IAS/IFRS. 2-eme ed. Editions Foucher. - Paris, 2004. - 192 p.

2. Richard P., Tronguoy Didier C. Organisation et activites comptables // Nathan Technique. - 2002. - 288 p.

3. Pierre Dufils, Claude LoPater, Guyomard E., M-1, Morvan. Comptable 2004 // Editions Francis Lefebvre. - 2003. - 1682 p.

4. Towards a history of vocational education and training (VET) in Europe in a comparative perspective: proceedings of the first international conference. October 2002, Florence. Luxembourg: European Office for Official Publications, 2004. (Cedefop Panorama series, 103). Available from Internet: http://libserver.cedefop.eu.int/vetelib/eu/pub/cedefop/pan/2004_5153_T1_en.pdf.

5. Nicholas Barr. 2004. Higher Education Funding. Oxford Review of Economic Policy. Vol. 20. № 2 (Summer). P. 264-83.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Исаева Г.К., Айтымбетова А.Н., Жусипова Э.Е. Білім беру саласын қаржыландырудың франция тәжірибесі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(3):227-232.

For citation:


Isaeva G.K., Aitymbetova A.N., Zhusipova E.E. Funding education: France experience. Bulletin of "Turan" University. 2018;(3):227-232. (In Russ.)

Қараулар: 242


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)