Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасында қорғалған PhD диссертациялардың көпаспектілі талдау мен ерекшеліктері

Толық мәтін:

Аңдатпа

2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Ұлт ден­сау­лығы - табысты болашағымыздың негізі» тарауына ерекше көңіл бөлінген. Сондай-ақ, білім беру сала­сындағы басымдықтарды айқындай отырып, жоғары оқу орындарының тек білім беру қызметімен ғана шек­теліп қалмауына назар аударылды. Мақалада Қазақстан Республикасында Философия докторы (PhD) ғы­лы­ми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу, олардың сандық сипаттамала­ры, сала­лық тақырыптық бағыттылығы және аймақтық құрылымы бойынша статистикалық мәліметтер жан-жақты талданылған. Философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін және біліктілікті беру арқылы мамандар­ды даярлауда жүйелік мәселелерді шешу қажеттілігі негізделген. Мысалы, философия докторы және бейіні бойынша докторларды даярлауды еліміздегі фундаментальдық және қолданбалы ғылымдардың дамуымен байланыстыру мәселесі. Докторанттар мен олардың жетекшілерін докторлық диссертация түріндегі біліктілік даярлау жұмыстарымен ғана шектемей, оларды жаңа білімге генерациялауға қалай жандандыру керек екен­дігіне көңіл аудару. Ғылым докторларын дайындау үдерісінің басты нәтижесі не? Докторанттар алған жаңа білімнің «өздерінде қалған зат» емес, әлемдік ғылыми қоғамдастықтың иелігіне айналуын қамтамасыз ету үшін не істеу керек? Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі жүйелі реформалардан өтті, ол еліміздің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның әлемдік нарыққа шығуы және, тиісінше, адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігімен анықталды. Жиырма жылдан астам уақыттан бері жоғары білім берудің білім беру үлгісіне түбегейлі өз­герістер енгізілген және жаңа тұжырымдамалық тәсілдер («өмір бойы білім беру») қалыптастырылды.

Авторлар туралы

А. Т. Ускеленова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан


А. Е. Наурызбекова
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Соловьева М.А. Реформирование высшего образования в Казахстане в контексте Болонского процесса // Интеграционные процессы в образовании: проблемы и перспективы: материалы МНПК 27.01.2012 г. - Костанай, 2012. - С. 77-79.

2. Государственный классификатор специальностей высшего и послевузовского образования Республики Казахстан: утв. приказом Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан 20 марта 2009 г. № 131-од.

3. Ибраев А.Ж., Кульевская Ю.Г., Улезько Г.Г., Жаркова Г.Ф., Кулумбетова С.К. Состояние и тенденции развития научно-технического потенциала в Республике Казахстан (по материалам государственной регистрации НИОКР и защищенных диссертаций в 2013 г.): аналитический доклад. - Алматы: НЦНТИ, 2014. - 62 с.

4. Улезько Г.Г., Кульевская Ю.Г. Результативность научных исследований в Республике Казахстан (по материалам государственной регистрации диссертаций и НИОКР): аналитический обзор. - Алматы: НЦНТИ, 2011. - 138 с.

5. Кенжеханов А.С., Кульевская Ю.Г., Улезько Г.Г., Кулумбетова С.К., Жаркова Г.Ф. Состояние и тенденции развития научно-технического потенциала в Республике Казахстан (по материалам государственной регистрации НИОКР и защищенных диссертаций в 2011 г.): аналитический доклад. - Алматы: НЦНТИ, 2012. - 56 с.

6. Кульевская Ю.Г., Улезько Г.Г., Кулумбетова С.К., Жаркова Г.Ф. Состояние и тенденции развития научно-технического потенциала в Республике Казахстан (по материалам государственной регистрации НИОКР и защищенных диссертаций в 2012 г.): аналитический доклад. - Алматы: НЦНТИ, 2013. - 74 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ускеленова А.Т., Наурызбекова А.Е. Қазақстан Республикасында қорғалған PhD диссертациялардың көпаспектілі талдау мен ерекшеліктері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(3):233-239.

For citation:


Uskelenova A.T., Nauryzbekova A.E. Multidimensional analysis and features of the defended PhD dissertation in the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2018;(3):233-239. (In Russ.)

Қараулар: 249


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)