Мұстафа Шоқайдың 1929-1933 жылдардағы қаржылық-экономикалық дағдарыстың мәселелері туралы көзқарастары
Аңдатпа
Мұстафа Шоқайдың 12 томдық туындысының жарық көруі, біздің пікірімізше, Қазақстанның экономикалық ілімдер тарихын маңызды түрде байыта түсуіне мүмкіндік береді. Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі және КСРО аумағынан тыс жерде кеңес билігіне деген қазақ оппозиясының көшбасшысы ретінде, ол өзінің қоғамдық-саяси қызметтері мен талдамалық зерттеулерінде жалпы әлемдік кеңістікте және әртүрлі құрлықтағы жекелеген елдердің сол уақыттарда орын алған саяси-экономикалық үдерістеріне маңызды түрде көңіл бөлген. Мұстафа Шоқайдың көңіл аударатын зерттеулерінің ортасында нарықтық экономикалық жүйесі бар мемлекеттерде экономикалық дамудың тұрақсыздығынан туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелер, экономикалық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістердің өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі болды. Экономикалық дағдарыстар, тоқыраулар және стагнациялар кезеңінде жұмыссыздар саны маңызды түрде көтеріліп отырады, нақты еңбекақы төмендейді және сәйкесінше, халықтың негізгі бөлігін құраушы - жұмысшылар қауымының әл-аухаттылығы нашарлайды. Ұсынылып отырған мақалада зерттеушінің «Германиядағы қаржылық дағдарыс» және «Ағылшын дағдарысы» деп аталатын екі ғылыми еңбегі қарастырылған. Авторлар талдау негізінде осы мемлекеттердегі қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында жалпы және айрықша атап өтті. Қорытынды бөлімде М. Шоқайдың қазіргі кезеңдегі экономикалық цикл проблемалары бойынша Қазақстан Республикасының экономикалық ғылымының дамуына қосқан үлесіне баға беріледі.
Кілт сөздер
экономикалық дағдарыс,
жұмыссыздық,
жәрдемақы,
қаржылық дағдарыс,
жұмыссыздық,
жәрдемақы,
кредит,
метрополия,
ақшалай көмек,
экономикалық цикл,
1 Мұстафа Шоқай. Алманиядағы қаржы дағдарысы. Таңдамалы. Т. 1. - Алматы: Қайнар,
1998. - 512 б. 2 Мұстафа Шоқай. Ағылшын дағдарысы. Таңдамалы. Т. 1. - Алматы: Қайнар,
1998. - 512 б,
economic crisis,
unemployment,
allowance,
credit,
metropolis,
monetary compensation,
market,
economic cycles,
экономический кризис, безработица, пособия, кредит, метрополия, денежная ком­,
пенсация, рынок, экономические циклы
Авторлар туралы
А. Н. Доғалов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан
Н. С. Досмағанбетов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан
Б. О. Қайранбеков
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан
Дәйектеу үшін:
Доғалов А.Н.,
Досмағанбетов Н.С.,
Қайранбеков Б.О.
Мұстафа Шоқайдың 1929-1933 жылдардағы қаржылық-экономикалық дағдарыстың мәселелері туралы көзқарастары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(4):131-135.
For citation:
Dogalov A.N.,
Dosmaganbetov N.S.,
Kairanbekov B.O.
Mustafa Shockay about the problems of financial and economic crisis of 1929-1933. Bulletin of "Turan" University. 2018;(4):131-135.
(In Russ.)
Қараулар: 254