Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Мұстафа Шоқайдың 1929-1933 жылдардағы қаржылық-экономикалық дағдарыстың мәселелері туралы көзқарастары

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мұстафа Шоқайдың 12 томдық туындысының жарық көруі, біздің пікірімізше, Қазақстанның эко­номикалық ілімдер тарихын маңызды түрде байыта түсуіне мүмкіндік береді. Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі және КСРО аумағынан тыс жерде кеңес билігіне деген қазақ оппозиясының көш­басшысы ретінде, ол өзінің қоғамдық-саяси қызметтері мен талдамалық зерттеулерінде жалпы әлемдік кеңістікте және әртүрлі құрлықтағы жекелеген елдердің сол уақыттарда орын алған саяси-экономикалық үдерістеріне маңызды түрде көңіл бөлген. Мұстафа Шоқайдың көңіл аударатын зерттеулерінің ортасында нарықтық экономикалық жүйесі бар мемлекеттерде экономикалық дамудың тұрақсыздығынан туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелер, экономикалық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі әлеуметтік-экономика­лық және саяси үдерістердің өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі болды. Экономикалық дағдарыс­тар, тоқыраулар және стагнациялар кезеңінде жұмыссыздар саны маңызды түрде көтеріліп отырады, нақты еңбекақы төмендейді және сәйкесінше, халықтың негізгі бөлігін құраушы - жұмысшылар қауымының әл-аухаттылығы нашарлайды. Ұсынылып отырған мақалада зерттеушінің «Германиядағы қаржылық дағ­да­рыс» және «Ағылшын дағдарысы» деп аталатын екі ғылыми еңбегі қарастырылған. Авторлар талдау не­гізін­де осы мемлекеттердегі қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында жалпы және айрықша атап өтті. Қо­рытынды бөлімде М. Шоқайдың қазіргі кезеңдегі экономикалық цикл проблемалары бойынша Қазақстан Республикасының экономикалық ғылымының дамуына қосқан үлесіне баға беріледі.

Авторлар туралы

А. Н. Доғалов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан


Н. С. Досмағанбетов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан


Б. О. Қайранбеков
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С., Қайранбеков Б.О. Мұстафа Шоқайдың 1929-1933 жылдардағы қаржылық-экономикалық дағдарыстың мәселелері туралы көзқарастары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(4):131-135.

For citation:


Dogalov A.N., Dosmaganbetov N.S., Kairanbekov B.O. Mustafa Shockay about the problems of financial and economic crisis of 1929-1933. Bulletin of "Turan" University. 2018;(4):131-135. (In Russ.)

Қараулар: 250


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)