Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Табыс деңгейі жоғары елдердегі өнеркәсіптік саясат модельдері мен құралдары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-46-51

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада білім экономикасын, жаһандық қосылған құн тізбегіне интеграцияны, жаңа өнеркәсіптік революцияны, тұрақты дамуды және т.б. қамтитын өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары зерттелген. Қазіргі жағдайда өнеркәсіптік саясат әр түрлі және күрделі болып сипатталатынын айта кету керек. Мақалада, сондай-ақ әлемдегі өнеркәсіптік саясат тәсілдеріндегі дамудың негізгі кезеңдері келтірілген. Жаңа өнеркәсіптік революцияға бағытталған инновацияларға негізделген әлеуетті арттыру, қорғаныс, озық даму сияқты өнеркәсіптік саясаттың модельдері қарастырылады. Өнеркәсіптік саясаттың осы модельдерінің сипаттамалары келтірілген, онда салалық ерекшелік дәрежесі, араласу дәрежесі, сыртқы бәсекелестік үшін ашықтық дәрежесі, экспорттық бағыт дәрежесі бойынша айырмашылықтар толығырақ зерттелген. Өнеркәсіптік саясаттың үш фазасы зерттелді. Сондай-ақ, табыс деңгейі жоғары елдердегі өнеркәсіптік саясаттың модельдері мен құралдары қаралды. Инновацияларға жоғары шығындар жолымен табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобынан табыс деңгейі жоғары елдер тобына трансформацияны қамтамасыз еткен Оңтүстік Корея және Тайвань сияқты елдердің тәжірибесі зерделенді. Атап айтқанда, осы елдердегі өнеркәсіптік саясаттың нысандары мен құралдары қарастырылды. Осылайша, мақалада табыс деңгейі жоғары және табыс деңгейі орташадан жоғары елдердің өнеркәсіптік саясатын құру мен жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі зерделенді.

Автор туралы

А. К. Измаханова
«Тұран» университеті
Қазақстан
э.ғ.м.


Әдебиет тізімі

1. Преснякова Е.В. Модели и инструменты промышленной политики в странах мира с высоким уровнем дохода // Стратегия развития экономики Беларуси: вызовы, инструменты реализации и перспективы: сборник научных статей в 2-х томах // Национальная академия наук Беларуси. – Минск: Право и экономика, 2019. – 634 с.

2. World Investment Report 2018: Investment and New Industrial Policies / United Nations Conference on Trade and Development. New York and Geneva: UNCTAD. – 2018. – 213 p.

3. Keun L. Industrial Policies for Upper-Middle-Income Countries. – Geneva: International Centre for Trade and sustainable Development (ICTSD) and World Economic Forum, 2015. – 12 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Измаханова А.К. Табыс деңгейі жоғары елдердегі өнеркәсіптік саясат модельдері мен құралдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):46-51. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-46-51

For citation:


Izmakhanova A.K. Models and tools for industrial policy in high-income countries. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):46-51. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-46-51

Қараулар: 612


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)