Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Өнеркәсіптегі жоғары технологиялық өндірістердің жаңа түрлерін жетілдіру

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-52-60

Толық мәтін:

Аңдатпа

Жоғары технологияларды және оларға тиісті техниканы пайдалануға өту ғылыми-техникалық революция және қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық ілгерілеудің маңызды буыны болып табылады. Қазақстан Республикасында жоғары технологияларды пайдалану қағидаларында заманауи өндірістерді құру үшін ресурстар жеткілікті. Экономиканың ғылымды көп қажет ететін салалары деп өндірістік мақсаттағы біртекті өнімдер шығаратын кәсіпорындар тобы түсініледі, олардың зерттеу нысанында инвестициялық шығындар, салымдар және шығындардың жоғары үлесі бар. Авторлар өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жоғары технологиялардың заманауи түрлерін зерттеді. Біздің ойымызша, теорияда және тәжірибеде өнеркәсіпте, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте кең таралған жоғары технологиялардың кейбір түрлерін сипаттауға болады. Зерттелген материал негізінде бізбен индустрияны жасылдандыру қағидаларында өнеркәсіптерде жоғары технологияларды пайдалану артықшылықтары қалыптастырылды, өнеркәсіптік кәсіпорындарда жоғары технологияларды енгізудің мақсаттық бағыттары мен қағидалары жасалды. Жоғары технологиялардың мәнін түсінудің заманауи тәсілдерін зерттеу индустрияда және экономиканың басқа да салаларында құрылуы мен қолданылуы білімге негізделген экономикаға көшумен байланысты тенденцияларды ескеруі керек екенін көрсетеді. Елімізде жоғары технологияларды қолдану қағидаттарына негізделген заманауи өндірістік қуаттарды құру үшін жеткілікті ресурстар бар екенін атап өткен жөн: капиталдың кетуін тоқтату үшін шаралар қабылдау, оның ішінде шетелге инвестициялауға уақытша тыйым салу. Авторлар өнеркәсіптік кәсіпорындардың тәжірибесінде жоғары технологияларды жобалау мен қолдану әрқашан саланың жаңа, жоғары деңгейге көтерілуіне тікелей және жанама түрде ықпал ететін тиісті инновациялық процестердің қалыптасуымен бірге жүруі керек екенін атап өтті.

Авторлар туралы

А. А. Нұрғалиева
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақстан
э.ғ.к., доцент



Г. С. Мукина
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақстан
PhD


Г. Д. Баяндина
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақстан
PhD


А. Ж. Зейнуллина
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ
Қазақстан
э.ғ.к., доцент


Әдебиет тізімі

1. Высокие технологии. Свободная энциклопедия: https://ru.wikipedia.org/wiki/Высокие_технологии.

2. Мартыненко А.В. Высокие технологии и высшее образование // Знание. Понимание. Умение. – 2016. – № 1. – С. 64–67.

3. Горбачев Г.Н., Чаплыгин Е.Е. Промышленная электроника: учебник: http://hi-edu.ru/e-books/xbook416/01/part-003.htm.

4. Роботы в промышленности – их типы и разновидности: https://habr.com/company/top3dshop/blog/403323/.

5. Нанотехнологии и области их применения: https://ria.ru/nano_spravka/20081203/156376525.html.

6. Десять революционных экологически чистых технологий: http://bigpicture.ru/?p=221397.

7. Экологически чистое производство: http://www.bestreferat.ru/referat-90397.html.

8. Арсланова К.Г. Маркетинг высокотехнологичных продуктов // Научное сообщество студентов XXI столетия. Экономические науки: сб. ст. по мат. XLIX международной студенческой научно-практической конференции № 1(47): https://sibac.info/archive/economy/1(49).pdf.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Нұрғалиева А.А., Мукина Г.С., Баяндина Г.Д., Зейнуллина А.Ж. Өнеркәсіптегі жоғары технологиялық өндірістердің жаңа түрлерін жетілдіру. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):52-60. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-52-60

For citation:


Nurgalieva A.A., Mukina G.S., Bayandina G.D., Zeinullina А.Zh. Improvement of new types of high-tech manufacturing in industry. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):52-60. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-52-60

Қараулар: 681


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)