Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Дамыған мемлекеттерде персонал басқару принциптерінің ерекшеліктері мен Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-96-101

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала персонал басқарудың өзекті мәселелерінің біріне арналған. Қазақстанның экономикалық өсу қарқынын арттыру үшін мемлекеттің адами капиталды арттыру жөніндегі жүзеге асырылатын шаралары қаралды. Қытай, Жапония және АҚШ сияқты дамыған мемлекеттерде персоналды басқару ерекшеліктері зерттелген. Зерттеу нәтижесінде осы мемлекеттерде персонал басқару ерекшеліктері анықталды. Персоналды басқарудың жапон моделі негізінде, жапон моделі ұзақ мерзімдік кезеңге бағытталғаны анықталды. Жапондықтар кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы ұзақ мерзімдік мақсатына баяу ұмтылады. Жапон моделінің ерекшелігі жұмысқа ғұмырлық жалдау болып табылады. Жапон моделіне қарағанда, американдық қызметкердің кәсіби өсуі қысқа мерзімдік мақсаттарға бағытталған. АҚШ жаңашылдық идеялары және агрессивті рухы бар адамдарды жұмысқа алуға тырысады. Сонымен қатар, қытай мемлекеттік компанияларында жұмыспен қамту жапондық тұрақты жүйесіне ұқсас келетіні анықталды. Қытайдың жекеменшік компанияларында жұмыспен қамту АҚШ еркін жұмыспен қамту жүйесімен ұқсас. Қытай компаниялары кәсіби біліктілік пен жұмыс тәжірибесіне бағытталған. Орналасу мемлекетіне байланысты Walmart компаниясының кадрлық саясатының әр түрлі жұмысқа қабылдау формалары талданған. Осы компанияның коронавирус пандемиясы жағдайындағы тәжірибесі зерттелген. Зерттеу негізінде ұлттық менталитет ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі анықталды. HR менеджменттің жоғарыда келтірілген тәжірибелерін қазақстандық компанияларда қолданылуы негізделген.

Авторлар туралы

М. Қ. Қамысбаев
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан
э.ғ.д., профессор


Л. А. Омарбакиев
«Тұран» университеті
Қазақстан
э.ғ.д., доцент


Э. М. Ералина
«Тұран» университеті
Қазақстан
PhD


Әдебиет тізімі

1. Стратегия «Казахстан–2050»: новый политический курс состоявшегося государства // Казахстанская правда. – 2012. – № 437–438: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1200002050. 12.12.2017.

2. Квасов И.А., Левина Н.В. Влияние человеческого капитала на конкурентоспособность социально-экономической системы: // http://naukovedenie.ru. 12.06.2018.

3. Королева Л.А. Управление человеческими ресурсами: учеб. пособие. – 2-е изд. – Челябинск, Саратов: Южно-Уральский институт управления и экономики, Ай Пи Эр Медиа, 2019. – 376 c. // Электронно-библиотечная система IPR BOOKS [сайт]. – URL: http://www.iprbookshop.ru/81502.

4. Пугачев В.П. Планирование персонала организации: учеб. пособие. – Саратов: Вузовское образование, 2018. – 233 c. // Электронно-библиотечная система IPR BOOKS [сайт]. – URL: http://www.iprbookshop.ru/74954.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қамысбаев М.Қ., Омарбакиев Л.А., Ералина Э.М. Дамыған мемлекеттерде персонал басқару принциптерінің ерекшеліктері мен Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):96-101. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-96-101

For citation:


Kamysbaev M.K., Omarbakiev L.A., Yeralina E.M. Features of personnel management principles in developed countries and possibilities of using them in Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):96-101. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-96-101

Қараулар: 1698


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)