Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қызылорда қаласындағы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің негізгі мәселелері және шешу жолдары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-114-120

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қызылорда қаласының еңбек нарығы – әлеуметтік және экономикалық қоғам өмірінің ерек әрі жоспарлы сферасы. Ол өндіріске тікелей араласатын жұмыс күші нарығын да қамтығандықтан, мұнда жұмыссыздық және жұмыпен қамтамасыздану ұғымдары маңызды макроэкономикалық. Қызылорда қаласында жұмыстан айырылу көптеген адамдар үшін өмір сүру сапасының төмендігі мен экономиканың тұрақсыздығын білдіреді. Жұмысбастылық адамдардың еңбек нарығындағы мұқтаждықтарын қанағаттандыру бойынша танылатын әлеуметтік дамудың маңызды аспектілерінің мазмұнын айқындайды. Жұмыссыздық тек қана жеке тұлғаларға емес, мемлекет экономикасына да тікелей әсер ете отырып, мемлекеттік шығындарды арттырып, салықтық түсімдерді де кемітеді. Оған қоса, еліміздегі экономикалық зерттеулер ұзақ мерзімге созылатын жұмыссыздық қызметкерлердің еңбекақы деңгейін төмендететінін көрсетіп отыр. Бұл мәселелер өз кезегінде политикалық, моральдық-психологиялық, әлеуметтік шиеленістерді тудыратыны белгілі. Жұмысынан айырылған азамат өзіне сенімсіздігі артып, бағалауы төмендеп, қоғамда артық екендігін сезіне бастайды. Азаматтардың мұндай нашар психологиялық сезімдерді бастан кешуі әртүрлі отбасылық проблемаларды тудырып, заңсыз жолмен табыс табу көзіне бет бұрғызады. Ауыр салдарларды тудыратын жұмыссызыдық пен жұмыспен қамтуға байланысты туған мәселелерді мемлекет тікелей реттеп отыруға міндетті. Мемлекет жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында материалдық төлемдер төлеп, ақшалай қаражаттар аударып, еңбекке орналасуына жәрдем беретін әртүрлі тәсілдерді қолданады.

Авторлар туралы

А. П. Жакешова
«Мирас» университеті
Қазақстан
э.ғ.к., доцент



Г. П. Коптаева
«Мирас» университеті
Қазақстан
э.ғ.к., доцент


С. С. Тлеубердиева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Қазақстан
PhD, доцент


Ш. Н. Агабекова
«Мирас» университеті
Қазақстан
э.ғ.к., доцент


Әдебиет тізімі

1. Жұмыспен қамту–2020 бағдарламасы: https://www.massaget.kz/.

2. «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлінің» статистикалық ақпараттары: http://www.kyzylorda.gov.kz.

3. «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 2016 жылғы № 919 қаулысы: http://www.adilet.zan.kz/.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жакешова А.П., Коптаева Г.П., Тлеубердиева С.С., Агабекова Ш.Н. Қызылорда қаласындағы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің негізгі мәселелері және шешу жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):114-120. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-114-120

For citation:


Zhakeshova A.P., Koptaeva G.P., Tleuberdiyeva S.S., Agabekova Sh.N. Main problems and solutions of employment provision in Kyzylorda. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):114-120. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-114-120

Қараулар: 439


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)