Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Мемлекеттік қаржыны бақылау жүйесінің маңыздылығы мен ерекшеліктері

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-147-153

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мемлекеттің қаржыны бақылау жүйесі – мемлекеттік биліктің ажырамас атрибуты. Оның тиімділігін арттыру қаржы, бюджет және салық тәртібін нығайтуға ықпал ететін болады. Күрделі проблемаларды шешу және дамудың перспективалық бағыттарын айқындау арқылы мемлекеттің қаржыға бақылау жүргізудің пәрменді жүйесін қалыптастыру – еліміздің өзекті міндеті. Мемлекет қызметінің кез келген бағыты болашақтағы мақсатты атқарудағы іске асырылуы қажет міндеттер негізінде қалыптастырылады. Бюджеттің толық, сондайақ уақытында атқарылуын қамтамасыз етуде Қаржы министрлігі бюджетті жоспарлау мен атқарудың сапасын арттыру, бюджеттің атқарылуы мен мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсету, мемлекеттен сатып алу үрдістерін оңтайландыру және тиімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің бюджеттік қаржысын қолдану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті орталық атқарушы органның құзыреті шегінде іштей қаржыны бақылаушы сферасындағы қызметтерді іске асыратын ведомство болумен қатар, Қазақстан Республикасының заңдары негізінде республика және жергілікті деңгейдегі бюджет қаржыларының қолданылуын бақылаумен айналысады. Бұдан басқа, Комитет өз қызметінде Тұңғыш Елбасы Жолдауын жүзеге асыру үшін бөлінетін бюджеттік қаржыларды мақсатқа сай және тиімді қолданылуына ерекше назар аударады. Қорытындылай келе, бюджет қаржысын қолданудың нәтижесі және тиімді болуын қамтамасыз ету, олардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеу мақсатында ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің қызметі іштегі мемлекеттің қаржыға бақылау жүргізудің тиімді жақтарын одан әрі арттыру және басқа органдармен өзара әрекет етумен оны жүргізу әдістерін жетілдіру жолымен бюджет мүдделерін қорғауға бағытталады.

Авторлар туралы

К. К. Мамутова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан
э.ғ.к., доцент



А. Б. Айдарова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент)


Г. Е. Мауленкулова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан
э.ғ.к., доцент


Әдебиет тізімі

1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2014. – 544 б.

2. Молдашбаева Л.П. Қазақстандағы аудит (бақылау) ғылым және практика ретінде даму тарихы // Мемлекеттік аудит журналы. – 2017. – № 15. – 22–28 б.

3. Болотова Е. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы // Бюджеттік мекеме консультанты. Мерзімді журнал. – 2017. – № 2. – 4–8 б.

4. Садвокасова А. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының функциялары // Бюджеттік мекеме консультанты. Мерзімді журнал. – 2018. – № 4. – 2–9 б.

5. Айтбеккызы Ж. Внутренний аудит и внутренний контроль: сущность, цели и задачи // Бюджеттік мекеме консультанты. Мерзімді журнал. – 2018. – № 2. – 5–11 б.

6. Отчет Центра по исследованию финансовых нарушений Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета «Система государственного финансового контроля Республики Казахстан». – Астана, 2019. – С. 327.

7. Қаржы министрі Ә.А. Смайыловтың «2019 жылдың 1 қарашасындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары» Үкімет отырысындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу туралы баяндамасы. – Астана: Үкімет үйі, 2019: www.esep.kz.

8. Садвокасова А. О государственном финансовом контроле // Бюджеттік мекеме консультанты. Мерзімді журнал. – 2018. – № 4. – 6–13 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мамутова К.К., Айдарова А.Б., Мауленкулова Г.Е. Мемлекеттік қаржыны бақылау жүйесінің маңыздылығы мен ерекшеліктері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):147-153. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-147-153

For citation:


Mamutova K.K., Aidarova A.B., Maulenkulova G.E. The importance of features of the state financial control system. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):147-153. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-147-153

Қараулар: 640


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)