Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Интеграцияны бағалауға теориялық-әдістемелік тәсілдер: халықаралық тәжірибе

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-202-207

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада әлемдегі ең танымал интеграциялық бірлестіктердің дамуын бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздері мен тәжірибесі қарастырылған. Қазіргі жағдайда, іс жүзінде әлемдегі ешбір ел басқа елдермен байланыссыз тиімді дами алмайды. Елдер саяси, экономикалық, геосаяси немесе геоэкономикалық мүдделері негізінде біріктіріледі. Осы мүдделерді іске асыру үшін түрлі интеграциялық топтар құрылып жатыр. Бүгінгі күні әлемде 300-ге жуық белсенді аймақтық сауда келісімдері бар, оның ішінде экономикалық интеграция туралы, кеден одағын құру туралы келісімдер және өнімнің белгілі бір тізбесін қамтитын ішінара әрекет ету саласы бар келісімдер. Елдердің интеграциялық бірлестіктерге қатысу мақсаттары олардың экономикалық даму деңгейіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен бірге табысты интеграциялық бірлестіктерде «интеграцияның өзегі» бар – интеграциялық процестердің қозғаушы күші болып табылатын ел немесе елдер тобы. Интеграциялық потенциал – бұл интеграциялық бірлестікке қатысушы елдердің табиғи, өндірістік, еңбек, қаржылық, зияткерлік және басқа ресурстарының жиынтығы, бірлескен өзара тиімді пайдалану интеграциялық эффект бере алады, қатысушы елдер үшін қосымша жеңілдіктер мен артықшылықтармен көрінеді. Интеграциялық бірлестіктерді индикаторлар жиынтығымен салыстыру идеясының өзі жаңа емес. Осындай зерттеулер көптеген халықаралық ұйымдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен және интеграциялық бірлестіктердің реттеуші органдарымен осы немесе басқа интеграциялық топтың құрылуының жалпы халықаралық экономиканың мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалау мақсатында жүргізілді.

Авторлар туралы

А. А. Арупова
«Тұран» университеті
Қазақстан
докторант


М. М. Абайдуллаева
«Тұран» университеті; Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты
Қазақстан
PhD., доцент


А. А. Арупов
«Тұран» университеті; Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты
Қазақстан
э.ғ.д., профессор


Әдебиет тізімі

1. The system of integration indicators as a tool for analyzing the functioning of regional integration associations // Eurasian Economic Commission, 2019. 91 p.

2. F. De Lomberde. Monitoring indicators of Eurasian integration: preliminary analysis // Eurasian Economic Integration. No. 3(4). 2009. P. 52–59.

3. Vinokurov E. System of indicators of Eurasian integration II. – Saint Petersburg: EDB, 2014.

4. Abramov V.L., Arupov A.A. Formation of competitive advantages of the member States of the Eurasian economic Union: methodology and practice / “MIR” Publishing House. – Almaty-Moscow. 2019. 240 p.

5. An official website of the European Union/ An official website of the European Union/ Single Market Scoreboard: // https://ec.europa.eu/internal_market/scoreboard/governance_cycle/index_en.htm (date of issue: 12.10.2020).

6. Integration policy of the Eurasian economic Union: monograph / Arupov A.A., Abramov V.L., Abaidullayeva M.M., Arupova N.A., etc. – Almaty: MIR Publishing House, 2017. – 160 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Арупова А.А., Абайдуллаева М.М., Арупов А.А. Интеграцияны бағалауға теориялық-әдістемелік тәсілдер: халықаралық тәжірибе. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):202-207. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-202-207

For citation:


Arupova A.A., Abaydullayeva M.M., Arupov A.A. Theoretical and methodological approaches to assessing integration: international experience. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):202-207. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-202-207

Қараулар: 619


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)