Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Пандемия жағдайында Түркістан облысында егін шаруашылығын инновациялық дамыту механизмдерін жетілдіру

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-226-231

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада пандемия жағдайында Түркістан облысында егін шаруашылығын инновациялық дамыту механизмінің элементтері мен жетілдіру жолдары келтірілген. Егін шаруашылығы ауыл шаруашылығының ең маңызды саласы болып табылады, ол елдің азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына әсер береді және агроөнеркәсіп кешендері ішінде шикізат базасының дамуына ықпал етіп, дамуы үшін қызмет етеді. Алайда, бүкіл дүние жүзін дүркіреткен пандемия Қазақстанның ауылшаруашылығының дамуына, оның ішінде егін шаруашылығының дамуына айтарлықтай теріс әсерін тигізді. Бұл әсер саланың барлық секторында байқалды, осыған байланысты Түркістан облысының аграрлық экономикасының дамуын инновациялық сипатта дамытпаса, жоспарлау механизмдерін жетілдірмесе, тиімді нәтиже алуға қиындыққа соғатыны күмән келтірмейді. Отандық егін шаруашылығы дамуының қазіргі сатысының ерекшеліктері болып, оның материалды-техникалық базасының тозуы, саланың төмен инвестициялық потенциалы, өндірістік-қаржылық тәуекелдердің жоғары болуы және жер алқаптарының қанағаттанарлықсыз күйі, ұрық шаруашылығы жүйесінің дамымағандығы, салааралық айырбастың баламасыздығы табылады. Мұның барлығы, егін шаруашылығын инновациялық дамуын жоспарлаудың басымдықты бағыттарын өз уақытында негізделуін, сонымен бірге, олардың жүзеге асырылуында кешенді экономикалық бағалаудың қажеттілігін көрсетеді. Аймақтық, республикалық және әлемдік агроөнеркәсіптік нарықтардағы пайда болған техникалық-технологиялық және биологиялық инновацияларды енгізудің әдістемелік сұрақтары терең зерттеуді талап етеді. Сонымен қатар пандемия кезінде агроөнеркәсіп саласындағы басқару органдарының қызметтерін өгерту қажеттігі туындауда. Осы мәселелерге байланысты берілген жұмыста ауыл шаруашылығы саласындағы басқару органдарының басқару құралдарын жетілдіру бойынша мәселелеріне көп көңіл бөлінген.

Авторлар туралы

А. М. Есиркепова
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қ. бойынша филиалы
Қазақстан
э.ғ.д., профессор



Г. Ж. Ахметова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан
докторант


Ж. А. Сариева
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қ. бойынша филиалы
Қазақстан
э.ғ.м.


Әдебиет тізімі

1. Григорьева Г.В., Егорова О.В. Методы диагностики проблем, рекомендуемые для применения при прогнозировании и планировании развития растениеводства // Научный журнал Российского НИИ проблем мелиорации. – 2016. – № 2(22).

2. Алексеева С.Н., Савватеева С.А. Направления стратегии развития растениеводства // Нива Поволжья. – 2018. – № 3(48).

3. Моисеев В.В. Эффективная инвестиционно-инновационная деятельность – залог интенсивного развития растениеводства // АПК: Экономика, управление. – 2015. – № 6. – С. 39–45.

4. Кравченко Т.С. Стратегические направления развития инновационной деятельности в отрасли растениеводства // Региональная экономика: теория и практика. – 2014. – № 21.

5. Кузнецов В.В. Факторы инновационного развития сельского хозяйства в условиях «новой нормальности» // Друкеровский вестник. – 2018. – № 1. – С. 67–72.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Есиркепова А.М., Ахметова Г.Ж., Сариева Ж.А. Пандемия жағдайында Түркістан облысында егін шаруашылығын инновациялық дамыту механизмдерін жетілдіру. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):226-231. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-226-231

For citation:


Yessirkepova A.M., Akhmetova G.Zh., Sarieva Zh.A. Improvement of mechanisms for innovative development of agriculture in Turkestan region in the context of pandemic. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):226-231. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-226-231

Қараулар: 508


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)